Iiksh 4344– «індеттану және індетке қарсы шаралар» (ПОӘК)


Студенттердің өзіндік жұмысы



бет26/37
Дата15.09.2023
өлшемі4.84 Mb.
#477680
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37
umkd-2022-2023 vm 4 kurs 7 sem

Студенттердің өзіндік жұмысы. Ветеринариялық клиникаға індеттанулық зерттеу жүргізіп, оны акті түрінде толтыру.

5- сабақ




Тақырыбы: Дезинфектанттар, Дезинфекциялық құралдар (стационарлы, жылжымалы, жеңіл-желпі), Аэрозольдік дезинфекция.
Сабақтың мақсаты: Дезинфекция әдісін меңгеру. Студенттерді дезинфекциялык техникасымен таныстыру.
Сұрақтар: 1. Сыртқы орта объектісін физикалық тәсілмен зарарсыздандыру?
2. Дезинфекцияның химиялык тәсілі?
3. Дезинфекцияның биологиялық әдісі?
4. Дезинфекцияның сапасын бақылау?
5. Дезинфекциялық жұмыста қолданылатын техникалар?
Кұралдар және материалдар: Сабақ жабдықталған химреактивті бөлмеде жүргізіледі. Практикада қолданылатын дезинфектанттар үлгілері, дезинфекциялық техника.
Сабақтың мақсаты. Дезинфекция түрлерін, әдістерін талдап, практика-да кең түрде қолданылатын дезинфектанттар, олардың қасиеттерімен, де-зинфекциялық техникалармен танысып, жүмыстық ерітінділер даярлау әдістемелерін меңгеру.
Дезинфекциядеп, сыртқы ортадағы зардапты микробтарды жою шараларын айтады. Оның қазақ тіліндегі баламасы — зарарсыздандыру.
Дезинфекция объектілеріне: мал қоралары, инкубаторлар, ара үялары, профилакторийлер, оқшауханалар, қүрал-жабдықтар, жүмыс киімдері, су коздері, мал азықтары, топырақ, транспорт жабдықтары, көң, мал өлекселері, шу, қасапхана тастандылары, мал мен құстан алынған шикізаттар, инкубациялық жұмыртқа, малдың үсті, сыртқы мүшелері, т.б. жатады.
Дезинфекция маңызына байланысты сақтық жөне лажсыз деп бөлінеді. Біріншісі індетті дауалау, екіншісі індет ошағын сауықты-ру мақсатында қолданылады.
Сақтық дезинфекция маусымдық және технологиялық болып
бөлінеді.
Жұқпалы аурулар анықталған жағдайда індет ошағында тежеу жөне қорытынды дезинфекциялар жүргізіледі. Тежеу дезинфекция-сының мерзімі инфекциялық аурулардың түрлеріне байланысты.
Қорытынды дезинфекция сауықтыру шараларының соңында карантин немесе шектеу шараларын алардың алдында жүргізіледі.
Дезинфекцияфизикалық, химиялық, биологиялықтәсілдермен іске асырылады. Физикалық тәсілмен (күн сәулесімен кептіру, қыздыру, гамма сөулелер, ультрадыбыс арқылы) түрлі объектілер мен мал азықтары дезинфекцияланады.
Биологиялық дезинфекция микроорганизмдердің тіршілігін пай-даланудан туындалған. Негізінен биологиялық жолмен коңді, олексені дезинфекциялайды.
Практикада, сыртқы ортадағы зардапты микробтарды зарарсыз-дандыруға химиялық дезинфекция негізгі өдіс ретінде кең түрде қолданылады. Химиялық заттардың микроорганизмдерге өсерлері олардың қасиеттеріне байланысты. Химиялық дезинфектанттарға қойылатын негізгі талаптар: олардың бактериоцидті қасиеті, суда тез еруі, жағымсыз иістерінің болмауы. Қазіргі күні дезинфектант-тардың саны үнемі үлғаюда. Соңғы жылдары электрленген аналит пен католитті қолдану практикалық жағдайда кең түрде қолданыс тапты.
Химиялық дезинфектанттар.
Хлорлы әк. Түйіршікті ақ түсті үнтақ зат, ылғалда тез бүзылады, оның сапасы заттың қүрамыңдағы белсеңді хлорға байланысты. Стандартты хлорлы өкте белсенді хлор үлесі 25%-дан кем болмауы қажет. Ал белсенді хлор зат қүрамында 15%-дан кем болса дезинфекция жасауға жа-рамсыз деп саналады. Сондықтан хлорлы өкті қолданар алдында ондағы белсенді хлор пайызын анықтайды. Белсенді хлорды анық-тау арнайы бекітілген методикалық үсыныстар бойынша жүргізіледі.
Хлорлы өктің қажетті концентрациясын дайындау үшін төмендегідей формула қолданылады:
Х=100а/в
X— бастапқы хлорлы әктің саны (кг)
а — жүмыстық ерітіндіде алуға болатын белсенді хлор концен-трациясы (%)
в — қүрғақ хлорлы әктегі белсенді хлор концентрациясы (%)
100 — 100 л суға аудару коэффициенті.
Мысалы қүрамында 25% хлор концентрациясы бар хлорлы әк бар, одан белсенді хлоры 3%-ды дезинфекциялық ерітінді дайындау қажет. Қажетті ерітінді дайындау үшін Х-ті мына формуламен анық-тайды:
Х=100х 3/25=12 кг.
Яғни 3%-ды белсенді хлоры бар ерітінді дайындау үшін қүра-мында 25% хлор бар 12 кг қүрғақ хлорлы әкке 100 литр су қосады.
Практикалық жағдайда 10% немесе 20%-да хлорлы өктің судағы ерітіндісі қолданылады. Оны хлорлы өктің сүті деп атайды. Бүндай ерітінділерді (олшемдерді) қүрамыңда 25% белсеңді хлоры бар хлор-лы әктен дайындайды. Ол үшін сөйкес ыдысқа қажетті хлорлы әкті салып, оған аздап су қосып, ағаш күрекшемен қою ботқа күйге дейін (түйіршіктерсіз) араластырады. Одан кейін түрақты араластыру ар-қылы қажетті көлемге дейін қалған суды қосады. Нәтижесінде 2,5— 5%-ды белсенді хлоры бар хлорлы әк сүтін дайындайды. Егер де қүрғақ хлорлы өкте белсенді хлор 25%-дан кем болса, онда қайта есептеп, қажетті хлорлы өк қосылады.
Ветеринариялық практикада хлорлы әк ерітіндісімен қатар күйдіргіш натрий кең түрде қолданылады. Ол суда жақсы ериді. Шаруашылық жағдайында тазартылмаған техникалық препарат — каустикалық сода қолданылады. Күйдіргіш натрий сатылымда қүрамында 42% №ОН ерітіндісі түрінде немесе 92-95 %-ды кристалды, қатты зат түрінде кездеседі. Гидроокис натрий ерітінділерін қарапайым түрде су қосып дайындайды. Тек қана бүл ерітіндімен тоңазытқыштарды дезинфекцияламау қажет. Себебі қондырғылар-ды істен шығаруы мүмкін.
Формалин - формальдегидтің 35-40%-дық судағы ерітіндісі. Формалинде 40% формальдегид болуы қажет. Бүл дезинфектантты аузы нық жабылған ыдыста 9°-тан томен емес температурада сақтауқажет. Формалин ерітіндісін даярлағанда формальдегидтің пайызын анықтау қажет. Ол үшін 5 см3 формалинге 95 см3 дистильденген су қосып, жақсылап шайқайды. Арнайы колбаға 30 см3 1 нормальды гидроокиснатрий ерітіндісін құйып, оған арнайы дайындалған 5 см3 формалин ерітіндісін қосып, араластыра отырып, үстіне 100 см30,1 нормальды йод ерітіндісін құяды. Колбаның бетін тығындап, қараңғы жерге 30 минутқа қойып, онан кейін оған 40 см3 1 н. түз қышқылын қосады. Нәтижесінде түссіз қоспа ашық қоңыр түске боялады.
Қоспаны 0,1 н. натрий тиосульфатымен солғын сары түске дейін титрлеп, 1 см3 1%-ды крахмал қосып, толық реңі түссізденгенше титрациялауды жалғастырады.
Формалиндегі формальдегидтің пайызын төмендегідей формуламен анықтайды:
Х=(100-П) х 0,0015 х 20 х 20
X— формалиндегі формальдегидтің өлшемі (%)
100 — алынған йод ерітіндісінің көлемі (см3) П - титрацияға кеткен натрий тиосульфатының көлемі (см3)
0,0015 — формальдегидтің грамм эквиваленті
20 — көбейткіштің проценттік қатынасы (титрацияға 5 см3, яғни 100-дің 1/20 қатынасы)
М ы с а л 1. Титрациялауға 40 см3 0,1 натрий тиосульфатының ерітіндісі кетсе, онда Х=(100-40) х 0,0015 х 20 х 20=36%
Сонымен, 1 л формалинде 36% формальдегид бар.
М ы с а л 2. Формалинде 36% формальдегид болса, одан 3%-ды формалин ерітіндісін төмендегідей формуламен шығарады:
Х=3 х 100/36=8,333 л.
Сонымен, қажетті жүмыс ерітіндісін алу үшін 8,333 л формалинге 91,667 л су қосу керек.
Формалин ерітіндісі практикада пайдаланыла басталуымен кең түрде аэрозольді әдіс қолданыла бастады.
Аэрозольді дезинфекция— егер дисперсиялық фаза деп аталатын көлемі ұсақ бөлшектер құрғақ түйіршіктерден тұрса, ондай аэрозоль түтін болып саналады. Ал ұсақ бөлшектерде сұйық тамшылар болса, ондай аэрозоль тұман деп есептелінеді. Үнемді болғандықтан дезинфекцияның бұл әдісі практикада кең түрде қолданылады. Аэрозольді дезинфекцияда ылғалды дезинфекцияға қарағанда дезинфектант 3-5 есе аз жұмсалады. Сонымен қатар дезинфектант қора-жайдағы барлық нысаналарға жақсы сіңіп, оның әсер ету мүмкіндігі жоғарылайды. Аэрозольдік дезинфекцияның тиімді қолданылуы бөлшектердің көлеміне де байланысты. Аэрозоль неғүрлым ұсақ болса, соғүрлым оның дезинфекциялық әсері жоғары болады. Әлбетте аэрозольді дезинфекция жасағанда ылғалдылық мөлшеріне, сонымен қатар қора-жайдың температурасына байланысты.
Температураның 17-22°С-да, ал ылғалдылықтың 60—95% болуы оптимальды саналады. Практикада кең түрде қолданылатын аэрозольді генераторлар АГ-УД-2, ТАҚ, ПАК, ПВАН, ДАГ, САГ.
Газбен дезинфекциялау. Газдардың әсерімен әр түрлі камераларды қолдану арқылы жұмыс киімдерін зарарсыздандыру кең түрде тараған. Бұл әдіс оңай және мата бұйымдарын бүлдірмейді. Әсіресе, газ арқылы жүн, теріні (аңдардың) зарарсыздандыру тиімді.
Ветеринарияда хлор, Н28, формальдегид, ОКЭМБ (этилен-бромды метил окисі) кең түрде қолданылады. Газдарды қолданғанда сақталатын негізгі шарттар:
1.Газдың пайыздық деңгейін қажетті дәрежеде ұстау.
2.Әр газға белгілі мөлшерде температура мен ылғалдылықты сақтау.
З.Қора-жайлар, басқа да нысандардың жақсылап тұмшалануы.
Залалсыздаңцыру техникасы. Дезинфекция, дезинсекция орындауға қолданылатын техникаға қойылатын негізгі талаптар:

  • жоғары өнімділігі;

- жұмыстың жоғары санитариялық сапасын қамтамасыз етуі. Жылжымалы дезинфекциялық агрегаттар: ВДМ-2, АДА, АДВ,ЛСД, УД-ф-20, ДУК, ОППК, өңдірістік негіздегі кешендер мен фермалар үшін УДП-М, УДС, ОМ-5359-01, ОМ-22613,ОМ-22614; аэрозольді генераторлар: АГ-УД 2, ТАН, ПАК-1, ПАК-2, САГ-1, РДВ-1, ОМП-2, КЗ- гидропультті, автомакс (қысқартулар механизмдердің орыс атауларынан алынды).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет