Iiksh 4344– «індеттану және індетке қарсы шаралар» (ПОӘК)


Студенттердің өзіндік жұмысы



бет28/37
Дата15.09.2023
өлшемі4.84 Mb.
#477680
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37
umkd-2022-2023 vm 4 kurs 7 sem

Студенттердің өзіндік жұмысы. 1.Індеттік жағдай: Сиыр фермасында 300 сиыр бар, олардың 100 сауын сиыр, 100 қашар, 40- бордақылауға қойған тайыншалар, 60- бір жасқа дейінгі бұзаулар. Ақпан айында 8 сауын сиырлар арасында аусыл анықталды. Олардың ішінде 1 сиыр өлімге ұшырады. Аудан бойынша 25 пунктің ішінен 2 пункте аусыл анықталды
2. Індеттік жағдай: Тауарлы сүт фермада 200 сиыр орналасқан, олардың 50- сауын сиыр, 30- суалған сиыр, 3- бұқа, 20- қашар, 50- тайынша, 20-4 айға дейінгі және 4 айдан үлкен бұзаулар. Балаулық серологиялық тексеру нәтижесінде 9 сауын сиыр бруцеллезге оң нәтиже берді.
3.Індеттік жағдай: Сүт өндіретін фермада 200 сиыр бар. Олардың 80 сауын сиыр, 20 қашар, 50 тайынша және 50-і бір жасқа дейінгі бұзаулар. Наурыз айында бұзаулардың арасында трихофития анықталды. Ауру бұзаулардың саны 10.
4. Індеттік жағдай. Сүт өндіретін шаруа қожалығында 200 бас Алатау тұқымды сиыр малы бар. Оның ішінде 100 сауын сиыр, 30 құнажын, 50 тайынша, 20 әр түрлі себептермен сүт өнімділігі төмендеп, пайдаланудан қалған етке өткізуге арналған сиыр. Ақпан айында 12 сиыр іш тастады. Зерттеу нәтижесінде кампилобактериозға балау қойылды.
5. Індеттік жағдай. Құс фермасында 400 мың жұмыртқалайтын тауық бар. Құстарға иммундеу жасалынбаған. Аяқ астынан тез таралуымен сипатталатын індет пайда болды да, құстардың жаппай қырылуына апарып соқты. Алдын ала қойылған балау - Ньюкасл ауруы. Ауырған тауық саны 150 өлген тауық саны 60.
Тапсырма: Індеттік жағдайға байланысты статистикалық көрсеткіштерін анықтау.
7- сабақ


Тақырыбы: Індет ошағының, қатер төнген аймақтың шекарасын анықтау. Территорияны індет жағдайы бойынша зоналарға бөлу
Сабақтың мақсаты: Індет ошағымен қатер төнген аймақтың шекарасын анықтау және территорияны зоналарға бөлуді меңгеру.
Сабақтың мазмұны:

  • Індет ошағы дегеніміз — инфекция қоздырушысының бастауы (мысалы, туберкулез, бруцеллезде ауру мал) және берілу тетіктері әрекеттесетін кеңістік, қысқаша айтқанда, малдың ауруға шалдығу мүмкіншілігі бар зарарлы территория (аумақ).

  • Індет ошағына инфекция қоздырушысының бастауы, тасымалдаушылары және берілу факторлары (көң, төсеніш, шу) арқылы зарарланған ауру мал оқшауханасы, қоралары, аулалар, жайылым, т.б. территориялар жатады.

  • Індет ошағының шекарасы ауру қоздырушысының бастауы, берілу тетіктері және тасымалдаушылардың орналасуына байланысты анықталады.

  • Індет ошағы құрамына инфекциялық ауру мал жайылған жайылымдар да кіреді.

  • Кең алқапта орналасқан ірі сиыр шаруашылығында індет ошағының ядросы анықталды. Іңдет ошағының ядросы ретіңде ауру мал тұрған орын болып табылады.

  • Індеттен сау емес пункттегі індет ошағы сыртында орналасқан территория қатер төнген аймақ болып есептелінеді.

  • Індеттен сау емес пункттің топографиялық картасы жасалынады. Онда қатер төнген аймақтың, індет ошағының, қажет болса оның ядросының (мәйегінің) шекаралары белгіленіп, оларда орналасқан мал саны көрсетіліп, індет ошағына қойылатын карантиндік бекеттердің, дезинфекциялық тосқауылдардың, қоршаулардың орындары, айналма жолдар белгіленеді.

Халықаралық зоосанитариялық ережелерде территорияны індеттік ақуал бойынша зоналарға бөлу немесе региондарға бөлу (аудандастыру) ұқсас ұғымдар ретінде қолданылады. Зона немесе регион ретінде ерекшеленген ветеринариялық-санитариялық жағдайдағы субпопуляцияның шекарасы анықталған територия қабылданады. Субпопуляция - мал басының белгілі бір жұқпалы ауруға шалдығуына байланысты ерекғшеленген бөлігі. Аудандастырылатын субпопуляция басқалардан географиялық шектелуі (тау, өзен т.б.) немесе айрықша басқару жүйесі арқылы бөлінеді. Зоналармен компартименттерді қалыптастыру індетке қарсы шараларды іске ассырудың тиімді әдісі болуымен қатар халықаралық саудада сол территориядағы мал мен өнімдерін экспорттауға мүмкіндік береді.
Зоналар мен компартименттерді қалыптастыруға қойылатын талаптарды едің құзырлы ветеринариялық әкімшілігі белгілеп бақылайды. Бұл талаптар әрбір ауру бойынша ерекшеленеді. Территоррияны зоналарға бөлгенде оның шекарасы геогрфиялық орналасуы бойынша әкімшілік құрылымына сәйкес (аудан, облыс) анықталады. Компартименттің шекарасы биологиялық қаіпсіздіктің талаптарын санитариялық арқылы орындап белгіленеді. Іс жүзінде зона ауқымды аймақты қамтыса, компартимент ретінде бір немесе көршілес бірер шаруашылық қабылданады. Зоналар індеттік жағдайы бойынша әркелкі болса (аурудан таза немесе аурудың таралу дәрежесі әртүрлі) компартимент тек қана аурудан таза болуы керек.
Індетке қарсы шаралардың оңды атқарылуы үшін ауру орын алған зонамен шектесетін таза зонаның ішкі бөлігі бақылау зонасы ретінде қарастырылып, онда арнайы санитариялық шаралар қарастырылады. Бақылау зонасының тікелей ауру бар зонамен шектесетін аймағындағы ауруға бейім жануарларды жаппай иммундеуге, ал ондай мүмкіндік болмаған жағдайда түгелдей жойуға тура келеді. Бұндай шаралар арқылы аурудың әкелуінен қорғайтын буферлік зона қалыптастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет