Iiksh 4344– «індеттану және індетке қарсы шаралар» (ПОӘК)



бет2/37
Дата15.09.2023
өлшемі4.84 Mb.
#477680
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
umkd-2022-2023 vm 4 kurs 7 sem

Негізгі мәліметтер

Факультет

Ветеринария

Білім беру бағдарламасы (шифры, аты)

6В09101-Ветеринариялық медицина

Курс, семестр

4-курс, 7-семестр

Пән статусы

КП/ЖК

Кредит саны

5 кредит



Сабақ өтетін аудитория

11-ші оқу ғимараты 301 аудитория, 302 зертханалық аудиториялар

Дәріскер

қауымдастырылған профессор Отарбаев Б.К., bauken_68@mail.ru, 87017549946, 11-ші оқу ғимараты 201 бөлме

Практикалық және зертханалық сабақтарды жүргізетін оқытушылар

Профессор Ильгекбаева Г.Д., gulnaz66@mail.ru, 87058340990, 11-ші оқу ғимараты 226 бөлме; аға оқытушылар Мусоев А. musoev.a@mail.ru, 87758206546, Алиев А.К. abai.aliev1972@mail.ru, 87087079333 11-ші оқу ғимараты 244 бөлме.
11-ші оқу ғимараты 236 бөлме.
Консультация мерзімі: әр сейсенбі сағат 1500-1600

Пререквизиттер және постреквизиттер

Пререквизиттер:

5-ші модуль Жануарлар ауруларын диагностикалау негіздері

Постреквизиттер:

12-ші модуль Ветеринариянық қолданбалы аспектілері

Пәннің мақсаты мен міндеттері

Мақсаты: студенттерге жануарлардың жұқпалы ауруларының шығу және таралу заңдылықтары, олармен күресу әдістері мен жабдықтары туралы білім беру.

Міндеттері: Алған теориялық білімдерін кредиттік оқу жүйесінің ережесіне сәйкес интерактивті әдістер (студенттердің өзіндік жұмыстарын жандандыру, белсенділіктерін арттыру, дәріс іскерлік ойындар, мысалдар тест сұрақтары арнайы жаттығулар) арқылы оларға дәрігерлік ой қорыту жүйесін (эпизоотолог ретінде) қалыптастырып, індетті дауалау, одан арылу шараларын меңгерту.

Студенттің жұмыс уақытының бөлінуі

Барлығы
(көлемі)

Аудиториялық сабақтар

Аудиториядан тыс жұмыс БӨЖ

Дәріс

Зертханалық сабақ

Практикалық сабақ

СОӨЖ

СӨЖ

5 кредит
150 сағат

50 мин./саб.

50 -100
мин./саб.

50 мин./саб.

25 сағат


75 сағат

15 сабақ

20 сабақ

15 сабақ

Пәнді оқығаннан кейін студент: Індеттанудың мақсаты мен зеттеу әдістерін, инфекция мен инфекциялық аурудың табиғатын, індет процесінің негізі мен даму заңдылыған, індет ошағы және аурулардың ошақтылығын, жұқпалы аурулардың аталуы мен жіктелуін, дауалау және сауықтыру шараларын; бірнеше түліктерге ортақ, күйістілердің, жылқының, шошқаның, төлдің, құстың, ет қоректілердің, ара мен балықтың жұқпалы ауруларының анықтамасы, географиялық таралымы, зерттелу тарихы мен эволюциясы, этиологиясы, індеттік ерекшеліктері, дерттенуі, клиникалық және патологоанатомиялық белгілері, балау және дауалау әдістері, жүргізілетін індетке қарсы шаралары білуі тиіс.
Індеттанулық зерттеу және оның актісін жасауға, жұқпалы ауруға нозологиялық және індеттанулық диагноз қоюға, сауықтыру шараларының жоспарын жасауға, карантин және шектеу шараларын ұйымдастыру және іске асыруға, жануарға вакцина егуге, зертханаға жіберу үшін патматериал алуға, жұқпалы ауруларға бактериологиялық, вирусологиялық және серологиялық зерттеулер жүргізуге, дезинфекция және дератизация шараларын іске асыруға дағдысы болу керек
Індеттанудың мақсаты мен зеттеу әдістерін, инфекция мен инфекциялық аурудың табиғатын, індет процесінің негізі мен даму заңдылыған, індет ошағы және аурулардың ошақтылығын, жұқпалы аурулардың аталуы мен жіктелуін, дауалау және сауықтыру шараларын білуге құзыретті болу керек.

Курс саясаты
Сабақтан кешікпеу және қалмау, оқытушы ұсынған сабақтың мазмұнын мұқият тыңдау және сабаққа белсене араласу, аудиторияда ұялы телефонды өшіріп қойып жұмыс істеу, қалған сабақтарды қосымша орындау, кітапханада және үйде өз бетінше дайындалу. Студент сабаққа келгенде өзімен бірге оқулық және ақ халат пен шепчик киюге тиісті. Дәрісте берілген материалдарды студенттер конспектлеп отыруы керек. Әрбір дәріс соңында келесі дәрістің тақырыбы мен дәрісте қарастырылатын сұрақтар беріледі.Аталған тақырып бойынша студент өз бетінше дайындалып келуі жөн, түсінбеген сұрақтарын дәріскермен бірге дәрісте талқылауға мүмкіндігі бар. Тәжірибелік және зертханалық сабақтарды күнбе-күн өткізу керек. Өзіндік жұмыстарды реферат және презентация дайындап уақытында өткізу қажет. Әр кешіктірілген аптаға 10 балдан төмендетіледі. Босатылған сабақ өтелмейді және балл берілмейді.
Ең үлкен балл студентке тапсырманы уақытында және жоғары сапамен орындағаны үшін беріледі. Тапсырманы уақытында оқытушыға өткізбеген жағдайда балл азаяды. Аралық бақылауларды, СӨЖ-ді (реферат, презентация) тапсырмаған студент емтиханға жіберілмейді. Емтиханға кіруге рұқсат алу үшін студент ағымдағы және межелік бақылау нәтижесінде 50% - дан жоғары балл алу керек.
Емтиханда студент ең жоғарғы балл 100% алады. Жоғары балл алу үшін емтихан билетіндегі барлық сұраққа толық жауап беруі керек. Толық жауап болмаған жағдайда пайыз мөлшері азаяды. Студенттердің оқу жетістіктері (білімі, іскерліктері, дағдылары мен құзыреттері) халықаралық практикада қабылданған цифрлық эквиваленті бар әріптік жүйеге және дәстүрлі жүйедегі бағаларға сәйкес келетін 100 балдық шкала бойынша (оң бағалар "А"-дан "D"-ға дейін азаю арқылы және "қанағаттанарлықсыз" - "FX", "F") балдармен бағаланады. (білім алушының білім жетістігін әріптік жүйемен бағалау кестесі құжаттың соңында келтірілген).
"FХ" белгісіне сәйкес келетін "қанағаттанарлықсыз" баға алған жағдайда, студент оқу пәнінің бағдарламасын қайта өтпей-ақ қорытынды бақылауды бір реттен артық емес қайта тапсыруға рұқсат беріледі.
"F" белгісіне сәйкес келетін "қанағаттанарлықсыз" баға алған жағдайда, студент осы оқу пәніне қайта жазылады, оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, бағдарламаға сәйкес оқу жұмысының барлық түрлері орындайды және қорытынды бақылауды қайта тапсырады.
Транскриптте FX және F бағаларын қоса алғанда, білім алушының қорытынды бағасын көрсете отырып оқыған барлық оқу пәндері және (немесе) модульдер жазылады.
Емтихан билетінде 4 сұрақ болады. Әр сұрақ 100 баллмен бағаланып, орта баллы шығарылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет