Iiksh 4344– «індеттану және індетке қарсы шаралар» (ПОӘК)


Студенттердің өзіндік жұмысы



бет34/37
Дата15.09.2023
өлшемі4.84 Mb.
#477680
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
umkd-2022-2023 vm 4 kurs 7 sem

Студенттердің өзіндік жұмысы: Індеттік жағдай: Сүт фермасында серологиялық зерттеу жүргізу арқылы бруцеллезге КБР, РБС әдістерімен оң реакция берген мал анықталған. Арнайы бекітілген нұсқау бойынша карантин қойылып індет ошағынан арылу шаралары орындалу қажет.
Тапсырма: 1. Карантин қою үшін қандай құжаттар қажет.
2. Қандай деректер негізінде карантин алынады.
13- сабақ


Тақырыбы: Жануарларды жұқпалы ауруларға қарсы иммундеу.
Сабақтың мақсаты: Әр түрлі малдарды вакциндеу әдістерін меңгеру.
Сұрақтар: 1. Лажсыз, сақтандыру иммунопрофилактикаға нежатады?
2.Иммунды қан сарысуын және вакцинаны қолдану әдісі қандай?
3. Егуді жүргізу және ұйымдастыру жұмыстары неден құралады?
Құралдар және материалдар: Жылқы, сиыр, есек, қой, құс, теңіз шошқасы, ақ тышқан, вакциналар, қан сарысулары, инъекциялық инелер, шприцтер, тампондар, спирт.
Сабақтың мазмұны: Малдарды иммундеу, әсіресе вакциндеу,індетке қарсы шараларда (шешек, топалаң, қарасан, аусыл, шошқа обасы, тілме және т.б.) басты роль атқарады.
Індеттік ауруларды ерекше тәсілдермен алдын алу вакцина, қан сарысуы, глобулиндер және фагтар бар. Осыған байланысты иммуңдеудің негізгі екі түрін ажыратады: белсенді және енжар. Иммундеудің ең көп тараған түрі - белсенді, малдарға вакцина және анатоксиндерді енгізу жолдары арқылы іске асырылады.
Вакцина - бұл антигенді препарат, бұл өнімнің тіршілік әрекеті немесе микробтардан алынған. Организмге енгізгенде тиісті індет ауруға иммунитет түзеледі.
Енжар иммундеу - арнайы дайындалған иммунды қан сарысуын немесе ауырып жазылған малдардан алынған глобулиндер және иммунолактондарды енгізу арқылы, енжар иммунитет туындандырады (бірнеше сағат арасында), бірақта уақытша иммунитет (2-3 аптаға дейін) түзейді.
Аралас иммундеу (енжар +белсенді) - бұл егудің симультанды әдісі иммунды қан сарысуын және вакцинаны не бір уақытта, не басында қан сарысуын, ал содан кейін вакцинаны енгізеді. Қазіргі уақытта бұл әдіс сирек қолданылады, белсенді иммунитеттің түзілуіне иммунды қан сарысуының жағымсыз әсер етуі дәлелденді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет