Iiksh 4344– «індеттану және індетке қарсы шаралар» (ПОӘК)


Студенттердің өзіндік жұмысы



бет35/37
Дата15.09.2023
өлшемі4.84 Mb.
#477680
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
umkd-2022-2023 vm 4 kurs 7 sem

Студенттердің өзіндік жұмысы: Студенттер бұлшық етке, тері астына, парентералды, коньюнктивитті және басқа жолдармен биологиялық препараттарды енгізу тәсілін меңгереді.
14- сабақ


Тақырыбы: Жануарларды жұқпалы ауруларға аллергиялық тексеру (туберкулин, бруцеллин, антраксин, т.т.)
Сабақтың мақсаты: Аллергиялық балауды меңгеру.
Сұрақтар: 1. Көзге аллергиялық сынама қалай қойылады?
2. Тері ішінде сынама қою қалай іске асырылады?
3. Тері астына аллергиялық сынама қалай жүргізіледі?
Құралдар және материалдар: I. Сиыр, есек, жылқы, қой, тауық.
2.Туберкулин бруцеллин, биодәрмектер
3. Шприцтер, иньектор автомат, спирт, қайшы, мақта, тампон.
Сабақтың мазмұны: Аллергенді көзге тамызу.
Сынаманы тек сау көзге қояды. Егер малдың бір көзі ауру болса екінші сау көзге сынауды қоюға болмайды. Аллергенді (маллеинді) тазастерилденген көз түтігінің көмегімен көз қабатының астына 3-4 тамшы тамызады. Сынаудың нәтижесін маллеинді қолданудыңнұскаудағы талаптары бойынша жүргізіледі.Оңреакция көз қабатының қызарып қойылуымен көзден ірінді және іріңді-шырынды сұйықтың бөлініп шығуымен сипатталады.
Аллергенді терінің ішіне енгізу.
Терінің қыркылған жері бір-біріне перпендикулярлы орналасқан екі сызық (жалпақтығы 2 см) түрінде болған дұрыс. Туберкулиңді осы екі сызық қиылысқан жерге егеді. Теріге туберкулинді егер алдында 70°— этил спиртпен сүртеді. Аллергеннің егілетін мөлшері, реакцияның нәтижесі және аллергенді кайталап егетін уақытта туберкулинді қалай қолданылатыны туралы нұсқауда көрсетілген. Реакцияның нәтижесі малдың жалпы күйін бақылау арқылы және аллерген егілген жердегі ісік мөлшерінің үлкеюіне қарап бағалайды. Бұл жағдайда егілген жердегі терінің температурасын, ісіктің мөлшерін кутиметр немесе штангенцеркуль арқылы өлшенетін тері қыртысының қалыңдығынанықтайды. Осыдан кейін студенттер
инесіз егетін аспаппен (инъектор) қалай жұмыс істеуді үйренеді.
Аллергенді тері астына енгізу.
Бруцеллинді қолдану туралы нұскаудағы талап бойыншааллергенді егетін жерді анықтайды және оны 70° шарап спиртпен сүртеді. Бруцелинді сол жақ көздің қабақ астына (палъпебральды) 0,5 мл-1,0 мл мөлшерінде жібереді. Егу үшін 5 мл шприц пен жіңішке инені № 0415-0813 қолданылады. Реакция нәтижесін бруцеллинді қолдану аркылы нұсқауда пайдаланып бағалайды. Реакция нәтижесі оң болғанда бруцеллин егілген жерде қызарған көлемі екі есе ұлғайған ісік пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет