Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсырудың графигі
Жұмыс түрлері
|
Позициялар
|
Бағалар
|
Балл
|
Пайыз %
|
Аудиториялық сабақтар, соның ішінде:
|
|
Дәріс
|
Конспектілеуі, белсенділігі
|
100
|
100
|
|
Зертханалық сабақ
|
Орындауы, сапасы, белсенділігі
|
100
|
100
|
|
Практикалық сабақ
|
Белсенділігі, үй тапсырмасын орындауы
|
100
|
100
|
|
Межелік бақылау
|
|
1)Коллоквиум (жазбаша)
2)Коллоквиум (жазбаша
|
7 апта
15 апта
|
100
100
|
100
100
|
|
СӨЖ
|
|
|
График (апта)
|
Позициялар
|
Бағалар
|
СӨЖ түрлері**
|
Тапсырманы беру
|
Жұмысты қабылдау
|
Орындауы және мерзімінде тапсыруы
|
Балл
|
Пайыз %
|
1. Реферат, №1
презентация
2. Реферат, №2
презентация
|
1 – аптада
8 – аптада
|
7 аптада
15 аптада
|
100
100
|
100
100
|
Ағымдық бақылау – АБ1 (ағымдағы (аудиториялық) жұмыс, межелік бақылау, СӨЖ) – 7 апта
|
100
|
100
|
Ағымдық бақылау – АБ2 (ағымдағы (аудиториялық) жұмыс, межелік бақылау, СӨЖ) – 15 апта
|
100
|
100
|
Қорытынды бақылау (ҚБ)
Емтихан (Е)
|
8-ші семестр, емтихан (ауызша)
Әр билетте сұрақтар саны – 4
|
100
|
100
|
Барлығы
|
|
100
|
Студенттің әрбір пәннен алған қорытынды бағасы келесі формуламен анықталады:
Мұнда, ҚБ – пәннің қорытынды бағасы;
АБ1 және АБ2 – 1 және 2 ағымдық бақылау;
Е – емтихан бағасы (100 балдық шкаламен).
Қорытынды баға "Рlatonus"бағдарламасында әріптік және сандық түрде қойылады.
Білім алушының білім жетістігін әріптік жүйемен бағалау
Әріптік бағалау
|
Сандық баламасы
|
Пәнді меңгерудің пайыздық мөлшері%
|
Дәстүрлі жүйедегі баға
|
А
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
В
|
3,0
|
80-84
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
С
|
2,0
|
65-69
|
Қанағаттанарлық
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
FХ
|
0,5
|
25-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
F
|
0
|
0-24
|
Негізгі әдебиеттердің тізімі (біздің кітапханадан)
1. Сайдулдин Т. Жануарлардың жұқпалы және аса қауіпті аурулары. Оқулық 4-баслымы - Алматы: ҚазҰАУ «Айтұмат» баспасы, 2015. – 578 бет.
2. Сайдулдин Т. Жануарлардың жұқпалы және аса қауіпті аурулары. Оқулық 4-баслымы - Алматы: ҚазҰАУ «Полиграфия-сервис К0» баспасы, 2013. – 520 бет.
3. Қасымов, Е.И. Індеттану және инфекциялық аурулармен күрес шаралары: Оқулық.- Алматы: "Полиграфия-сервис и К", 2014.- 270 б.
4. Иванов, Н.П. Инфекционные болезни животных Т. 3. Болезни жвачных животных, свиней и лошадей: учеб. пособие / Казахский национальный аграрный университет.- Алматы: КазНАУ, 2012.- 319 с.
5. https://b-ok.asia/book/3207164/35b99a?regionChanged=&redirect=1786135
Қосымша әдебиеттердің тізімі
6. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары // Оқулық. - Алматы, 2009
7. Қасымов Е.И. Індеттану және инфекциялық аурулармен күрес шаралары. //Оқулық. – Алматы, 2009
8. Ветеринарное законодательство. В трех томах. – Астана, 2005
9. Сайдулдин Т. Ветеринариялық індеттану //Оқулық. (1-ші және 2-ші кітап). - Алматы, 1999
10. Иванов Н.П. Диагностика инфекционных болезней животных. - Алматы, 2009.
11. Иванов Н.П. Инфекционные болезни животных. Эпизоотология и противоэпизоотические мероприятия. - Алматы, 2009.
12. Қасымов Е. Індеттану. Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы ауруларды балау және күресу шаралары //Оқу құралы. - Алматы, 1992
13. Асанов Н.Г. Індеттану және микробология негіздері //Оқу құралы. -Алматы 2008.
14. Конопаткин А.А., Глушков А.А. Инфекционные болезни с/х животных в тропических странах //Учебник, –М.: МВА, 1984.
15. Эпизоотология и инфекционные болезни //Учебник. Под ред. А.А.Конопаткина – М.Колос, 1993.
16. Урбан В.П. Практикум по эпизоотологии //Учебное пособие. - Л.: Колос, 1981
17. Поляков А.А. Ветеринарная санитария //Учебное пособие – М.: Колос, 1979
18. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z020000339_
Әдістемелік нұскаулар
19. Сайдулдин Т., Асанов Н.Г., Ілгекбаева Г.Д., Отарбаев Б.К., Майхин Қ.Т., Әлиев А.Қ., Мусоев А.М., Індеттану және инфекциялық аурулар зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. Алматы, ТОО «Adem Print», 2018. 92 с.
20. Сайдулдин Т., Асанов Н.Г., Ілгекбаева Г.Д., Отарбаев Б.К., Майхин Қ.Т., Әлиев А.Қ., Мусоев А.М., Індеттану және инфекциялық аурулар практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. Алматы, ТОО «Adem Print», 2018. 78 с.
“БЕКІТЕМІН”
Биологиялық қауіпсіздік кафедрасының
меңгерушісі, профессор
_________________ П.Ш.Ибрагимов
“___”________________ 2022 ж.
2022-2023 оқу жылына
«Індеттану және індетке қарсы шаралар»
пәнінің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы
Мамандық-тың қысқартыл-ған коды
|
Студент саны
|
Оқулықтар мен
оқу құралдары
|
Саны
|
Практикумдар, дәріс конспектілері, лабораториялық, тәжірибелік сабақтарды және, СӨЖ-ын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
|
Кітап саны
|
Семестр
|
Кітап-
ханада
|
Кафед-рада
|
Кітап-
ханада
|
Кафед-рада
|
8-сем
|
IZhА 4305
|
160
|
Сайдулдин Т. «Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары». - Алматы, 2009.
|
200
|
20
|
Сайдулдин Т., Асанов Н.Г., Ілгекбаева Г.Д., Отарбаев Б.К., Майхин Қ.Т., Әлиев А.Қ., Мусоев А.М., Індеттану және инфекциялық аурулар зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. Алматы, ТОО «Adem Print», 2018. 92 с.
|
-
|
40
|
|
|
Сайдулдин Т. Жануарлардың жұқпалы және аса қауіпті аурулары. Оқулық, 4-басылымы // Алматы: ҚазҰАУ, “Айтұмар” баспасы, 2015. – 578 бет.
|
100
|
|
Қасымов Е.И. Індеттану және инфекциялық аурулармен ветеринарилық санитария негіздерімен. – Алматы, 2013.
|
100
|
|
|
|
Қасымов Е.И. Індеттану және инфекциялық аурулармен күрес шаралары. – Алматы, 2009.
|
100
|
20
|
Сайдулдин Т., Асанов Н.Г., Ілгекбаева Г.Д., Отарбаев Б.К., Майхин Қ.Т., Әлиев А.Қ., Мусоев А.М., Індеттану және инфекциялық аурулар практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. Алматы, ТОО «Adem Print», 2018. 78 с
|
-
|
40
|
|
|
Асанов Н.Г. Індеттану және микробология негіздері. Алматы 2008.
|
50
|
20
|
Сайдулдин Т.,Иванов Н.П., Асанов Н.Г., Қасымов Е.И. Індеттану және инфекциялық ауруларға арналған әдістемелік нұсқау. 2004.
|
-
|
20
|
|
|
|
|
|
Пәннің студентке арналған оқу-әдістемелік кешені, мультимедия және үлестірме материалдар
|
-
|
20
|
Құрастырған: қауымдастырылған профессор, в.ғ.к. Отарбаев Б.К.
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Ветеринария факультеті
Биологиялық қауіпсіздік кафедрасы
6В09101 - Ветеринариялық медицина мамандығының 4 курс студенттеріне арналған «Індеттану және індетке қарсы шаралар» пәніне
арналған дәрістердің тезистері
Алматы 2021
№1 Дәріс
Тақырыбы: ІНДЕТТАНУДЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
Кілті сөздер: індеттану пәні туралы түсінік, оның атауының сөздік мәнісі, ғылыми негіздерінің қалыптасуы, ветеринария жүйесіндегі орны және зерттеу әдістері..
Дәрістің жоспары:
Індеттану туралы түсінік;
Тарихи деректер;
Індеттанудың зерттеу әдістері;
Індеттану – індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым.
Індеттану екі түбірден тұратын қазақтың төл сөзі: індет – жұқпалы аурудың кең ауқымды таралуы, ал тану – білу, яғни ғылым деген мағына береді. Індеттану батыс тілдерінде "эпизоотология" деп аталады. Ол да екі ұғымның жиынтығы: эпизоотия (грекше ері – арасында, zoon – жануар) және logos – ғылым. Бұл терминнің шығу төркіні медицинаның саласы эпидемиологияға барып саяды. Эпидемия (грекше ері – арасында, demos – халық) жұқпалы аурулардың адамдар арасында кең таралуы.
Бір кезде індеттануды өте тар аяда тек қана індеттің таралуы туралы ғылым деп таныды. Шындығында індеттану жұқпалы аурулардың індет түрінде өте кең таралуын ғана емес, спородия ретінде бірең-сараң жағдайда байқалуын да қамтиды. Керісінше соңғы бір уақыттары бұл ғылымның ауқымын тым кеңітіп, оны жұқпалы аурулар туралы барлық мағлұматтардың жиынтығы ретінде қарастыра бастады. Жұқпалы аурулар туралы ғылымдар жиынтығын (ол шартты түрде "инфектология" деп аталады) теория жүзінде жасау мүмкін болса да, жұқпалы аурулардың табиғатын зерттейтін барлық пәндерді: микробиологияны, вирусологияны, иммунологияны, эпидемиологияны, эпизоотологияны, патологиялық антомияны, патологиялық физиологияны және тағы басқаларын бір ғылым ретінде қарастыру іс жүзінде мүмкін емес.
Қазіргі ветеринариялық жоғары оқу орындарында оқытылатын індеттану пәні біршама дербес, бірақ бір-бірімен тығыз байланысты үш саладан тұрады. Олар – нақты індеттану, инфекциялық аурулар және ветеринариялық санитария. Практикалық ветеринарияда бұларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды.
Нақты індеттану індет процесін зерттейді. Ол жалпы індеттану деген екі салаға бөлінеді. Жалпы індеттану індет роцесінің барлық немесе көптеген жұқпалы ауруларға тән заңдылықтарын қарастырады. Жекеше індеттану жеке арулар кезіндегі індет процесін зерттейді.
Инфекциялық аурулар бөлімі ауруларды дерттің басқа да түрлері сияқты (жұқпайтын, хирургиялық, гинекологиялық, паразиттік, т.б.) дәрігерлік тұрғыдан қарастырады. Олардың этиологиясын, паттогенезін, клиникалық белгілерін, балау, емдеу және дауалау әдістерін зерттейді. Ветеринариялық санитария жұқпалы ауруларды қоздыратын зардапты микробтарды сыртқы ортада жою жолдарын қарастырады.
Індеттанудың зерттеу әдістері. Нақтылы жұқпалы ауру кезіндегі індет процесін зерттегенде оның биологиялық құбылыстармен ғана емес, табиғи-географиялық, әлеуметтік-экономикалық (шаруашылық) жағдайлармен де байланысты екенін ескеру қажет. Сондықтан да індеттану ғылымы өзінің зерттеулерінде басқа да ғылымдардың үрдістері мен әдістерін кеңінен пайдаланады. Індеттанудың басты әдісі – індеттанулық зерттеу. Оның мақсаттары:
1. Бір немесе бірнеше, қала берді барлық жұқпалы ауруларға қатысты індеттік ахуалды зерттеу.
2. Нақтылы жағдайдағы ауру қоздырушысының бастауы мен таралу жолдарын айқындау.
3. Індет процесінің нақтылы жағдайдағы кейбір бағыттары мен заңдылықтарын (таралу қарқыны, ұзақтығы, т.б.) анықтау.
4. Індетке қарсы жүргізілетін шаралардың нәтижелерін бағалау.
Індеттанулық зертеу кешені төмендегідей әдістерден тұрады: а) шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау; ә) салыстырмалы тарихи сипаттау; б) салыстырмалы географиялық сипаттау; в) індеттанулық эксперимент; г) математикалық моделдеу мен індеттанулық болжау.
Шарушылықты індеттанулық талдау мен бақылау – індеттанудың негізгі зерттеу әдісі. Жұқпалы ауру байқалған сәтте індеттанулық талдау арқылы ауруға нозологиялық диагноз қоюмен қатар індеттанулық диагноз қойылады. Ауруға диагноз қою дегеніміз (нозологиялық диагноз) қай ауру екенін анықтау болса (мысалы аусыл немесе топалаң), індеттанулық диагноз байқалған жұқпалы ауруға індеттану тұрғысынан толық сипаттама беру болып табылады. Яғни індет тізбегінің әрбір буынын, індет ошағының ерекшеліктерін анықтау. Бұл әдіс арқылы аурудың себептері, таралу жолдары, індет ошағының қалыптасу жағдайлары айқындалады. Осындай талдау жүргізу барысында клиникалық, патологиялық-анатомиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, серологиялық, аллергологиялық зерттеулер жүргізіледі. Барлық алынған мәліметтер індеттанулық талдау актісінде қорытындыланады. Соған сүйеніп індетке қарсы шаралар белгіленеді.
Салыстырмалы тарихи сипаттау белгілі бір жұқпалы аурудың бұрын-соңды байқалуын анықтайды, бұрынғы болған жұқпалы аурулардың қазіргі індеттік жағдайға әсерін зерттейді. Жұқпалы аурулар туралы өткендегі деректерді мынандай ақпарат көздерінен алады: ауырған жануарларды тіркеу журналы, індетке қарсы шараларды тіркеу журналы, ауданның індет ахуалын тіркейтін журнал, актілер, есеп-қисаптар мен ресми статистика материалдары. Аталған құжаттарды пайдалана отырып ретроспективалық (өткендегіні) талдау жасалынады. Оның нәтижесінде аурудың динамикасы, маусымдылығы, кезеңділігі анықталынады. Жалпы алғанда салыстырмалы тарихи сипаттау – індеттік ахуалға уақыт тұрғысынан хронологиялық талдау жасау болып табылады.
Салыстырмалы географиялық сипаттау аурудың таралу ауқымын және індет ошағының қалыптасуына әсер ететін табиғи ландшафтық факторларды зерттейді. Нәтижесінде жұқпалы аурулардың белгілі бір әкімшілік аймақта (аудан, облыс) тексерілетін территорияның табиғи белдеулерінде таралуы туралы тұжырым жасалады. Салыстырмалы географиялық сипаттауды іске асыру үшін сол территорияның індеттік картасы мен нозогеографиялық картасы пайдаланылады. Індеттік картада жұқпалы аурулардың әрқайсысының байқалған жерлері белгіленеді де (картада қазба байлықтарын белгілеген тәрізді), нозогеографиялық картада нақтылы бір аурудың таралу шекаралары көрсетіледі. Аурудың таралған аймағын нозоареал деп атайды. Осындай зерттеулер жұқпалы аурудың таралуына картографиялық талдау жасау болып табылады. Сонымен салыстырмалы сипаттау географиялық сипаттау арқылы белгілі бір аурудың кеңістіктегі моделі жасалынады.
Індеттанулық эксперимент – тәжірибе ретінде қолдан жұқтыру арқылы жануарлардың арасында жұқпалы ауру таратып, індет процесіне бақылау жасау. Бұл бір ғана жануарға ауруды жұқтырып биологиялық сынама (биосынама) жасау емес, ауруды жасанды түрде жануарлардың арасында тарату. Мұндай тәжірибенің індеттану ғылымына індеттің таралуы туралы аса құнды мол мәліметтер беретіндігі даусыз. Індеттанулық эксперимент жасанды індет ошағында, аурудың одан тысқары тарап кетпеуін мұқият қадағалаған жағдайда өткізіледі. Бірақ бұл әдісті іс жүзінде пайдалану мүмкін бола бермейді. Сондықтан да практикада мұндай эксперименттен гөрі экономикалық шығын келтірмейтін, қоршаған ортаға қауіпсіз математикалық моделдеу мен індеттанулық болжау қолданылады.
Математикалық моделдеу деп абстракциялық жолмен індет процесінің әртүрлі көрсеткіштері арқылы індет процесінің моделін жасауды айтады. Індет процесінің математикалық моделі уақыттық және кеңістіктік деп екі түрге бөлінеді. Індет процесінің уақыттық (хронологиялық немесе динамикалық) моделі індеттің басталу, даму, аяқталу кезеңдерін қарастырады. Кеңістіктік модель болса, ол індеттің жайылу ауқымын анықтауға бағытталады.
Індеттанулық болжау – індет процесінің пайда болуына, оның өршу кезеңдеріне ғылыми болжам жасау. Нақтылы жұқпалы аурудың табиғаты туралы ғылымға белгілі мағлұматтарды, осы аурудың белгілі бір территорияда пайда болуына ықпал ететін табиғат пен шарушылық жағдайларын ескере отырып індеттанулық болжам жасалады.
Жұқпалы аурулар мен ветеринариялық санитария әдістері. Жоғарыда қарастырылған әдістер індеттанудың өзне қатысты болып табылады. Осы ғылымның екінші бір саласы "Жұқпалы аурулар" курсына келетін болсақ, оның өзіндік әдістері ауруды балау, емдеу және дауалауға байланысты үш топқа бөлінеді.
Жұқпалы ауруларды балау әдістері: індеттанулық, клиникалық, патологиялық-анатомиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, серологиялық, аллергиялық болып бөлінеді. Емдеу әдістері этиотроптық емдеуге өзіне тән және өзіне тән емес әдістер жатады. Дауалау әдістері де өзіне тән және өзіне тән емес болып бөлінеді.
Індеттану курсында қарастырылған ветеринариялық санитарияның негізгі әдістері: дезинфекция, дезинсекция және дератизация. Балау, емдеу, дауалау және ветеринариялық санитария әдістері келесі тарауларда жан-жақты қарастырылады.
Бақылау сұрақтар:
1. "Індеттану", "эпизоотология", "эпидемиология" атауларының сөздік мағынасы қандай?
2. Індеттану пәні нені зерттейді, қандай бөлімдерден тұрады?
3. "Нақты індеттану", "жалпы індеттану", "жекеше індеттану" ұғымдарының мағынасы қандай?
4. Індеттанудың қалыптасуына үлес қосқан ғалымдар және олардың еңбектері.
5. Індеттанудың зерттеу әдістеріне сипаттама.
6. Індеттанудың ветеринариядағы маңызы.
Әдебиеттер:
1. Сайдулдин Т. «Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары». - Алматы, 2009.
2. Иванов Н.П. Диагностика инфекционных болезней животных. - Алматы, 2009.
3. Қасымов Е.И. Індеттану және инфекциялық аурулармен күрес шаралары. – Алматы, 2009.
4. Асанов Н.Г. Індеттану және микробология негіздері. Алматы 2008.
5. Ветеринариялық заңдылықтар. 1,2,3-том. Астана, 2004.
№2 Дәріс
Тақырыбы: ИНФЕКЦИЯ, ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУ.НОЗОЛОГИЯЛЫҚ БАЛУ
Кілті сөздер: Инфекция, Инфекциялық ауру, Микроб алып жүру, Иммундеуші субинфекция, Зардаптылық (патогендік), Уыттылық (вируленттілік), Улылық (токсигенділік), Инвазиялылық, Агрессин, Адгезин, Ауруға төзімділік (резистенттілік), Икемділік (реактивтілік).
Дәрістің мақсаты: Тыңдаушыларға инфекция, инфекциялық ауру жөнінде мағұлмат беру.
Дәрістің жоспары:
1. Инфекция ұғымы, оның түрлері;
2. Инфекциялық ауру;
Микроб алып жүру;
Иммундеуші субинфекция;
Инфекция (лат. infectio – жұқтырамын) – жануар организмі мен зардапты микробтың бір-біріне әсерінен туындайтын ерекше жағдай.
Алғаш рет ғылымға бұл терминді 1842 ж. Хуфеланд енгізді. Бастапқыда оны сифилис және басқа да мерез ауруларына ғана қатысты пайдаланды. Ал "инфекциялық аурулар" деген атау және оларды жеке топқа бөліп қарау белгілі патолог Вирховтың ұсынысымен болды. Топли 1946 ж. инфекцияны тоғышар паразит пен оның иесінің бірлестігі және оның нәтижесінде иесінің зардап шегу ретінде қарастырады. Бұл пікір инфекция туралы осы заманғы көзқарастың қалыптасуына негіз болды.
Енген зардапты микроб өсіп-өнген кезде, оған жауап ретінде организмде бірсыпыра өзгерістер болады. Олар дерттің денеге жайылуының белгілері болуымен қатар организмнің өзінің ішкі ортасының тұрақтылығы (гомеостаз) сақтауға бағытталған әрекеті болып табылады. Бұл жауап реакциясы биохимиялық, морфологиялық және функциялық өзгерістер арқылы білінеді. Тіпті енген микроб өсіп-өнбеген жағдайдың өзінде де организмде бірқатар өзгерістер болады.
Жалпы биологиялық тұрғыдан қарастыратын болсақ, инфекция дегеніміз – макро және микроорганизмдердің арасындағы тіршілік үшін күрестің көрінісі. Бұл күрделі биологиялық процесс үш түрлі факторлардың өзара әсерінен туындайды. Олар: макроорганизм (жануар), қоздырушы микроб және сыртқы орта жағдайлары. Сыртқы орта жануарларға да, микробқа да әсер етеді. Тағы бір ескеретін жай – жануар организмі микроб үшін сыртқы орта болып табылады да, оны табиғи ортамен жалғастыратын қосымша бір буын қызметін атқарады.
Зардапты микробтың организмге енуі нәтижесінде оған қарсы организмнің реакциясы қаншама сан алуан болғанымен, оларды екі топқа бөлуге болады. Біріншісі – инфекциялық-патологиялық өзгерістер. Олар – микробтың организмге тигізген зардаптарының тікелей нәтижесі. Екіншісі – иммундік-қорғаныс процестері. Олар организмнің зақымданған қызметі мен құрылысын қалыпты жағдайға келтіруге бағытталған. Осы бір-бірімен тығыз байланысты қарама-қайшы құбылыстар инфекциялық процесс деп аталады және олар жұқпалы аурудың патогенездік мәнін, яғни дерттің дамуын құрайды.
Жоғарыда аталған үш фактордың (макро және микроорганизмдер, қоршаған орта) ара қатынасы мен олардан туындайтын қарама-қайшы инфекциялық-патологиялық және иммундік-қорғаныс процестердің өзгешеліктеріне байланысты инфекциялық процесс үш түрде байқалады. Олар – инфекциялық ауру, микроб алып жүру мен иммундеуші субинфекция.
Инфекциялық ауру – инфекцияның ең айқын көрінісі. Ол организмнің қалыпты тіршілігінің бұзылғандығының сыртқы белгілері арқылы білінеді. Мұндай жағдайда жануар организмінің қызметі бұзылып, онда морфологиялық өзгерістер байқалады. Айта кететін бір жай "жұқпалы ауру" және "инфекциялық ауру" деген ұғымдар бір-бірінің дәл баламасы емес. Жұқпалы ауру ұғымының инфекциялық ауру деген ұғымнан мағынасы кең. Жұқпалы ауруларға микробтар қоздыратын инфекциялық аурулармен қатар паразиттер қоздыратын инвазиялық аурулар да жатады. Әлбетте қалыптасып кеткен дәстүр бойынша инфекциялық ауруларды жұқпалы аурулар деп атай береді.
Жұқпалы аурулар клиникалық белгілері болуымен қатар симптомсыз, білінбей жасырын түрде де, өтуі мүмкін.
Микроб алып жүру деп денесінде микроб болып, ол өніп-өссе де жануардың ауруға шалдықпауын айтады. Аурудан жазылған соң да малдың микроб алып жүруі мүмкін, бірақ бұл жерде мәселе ауруға байланыссыз инфекцияның жеке бір түрі туралы болып отыр. Микроб организмге енген соң оның ешқандай зардаптылығы байқалмай, өніп-өскен қоздырушы ешқандай дерт белгісін бермейтін жағдайлар да болады. Мұндай жағдай инфекцияның дербес бір түрі – микроб алып жүру болып табылады. Оны микроб тасымалдаумен шатастырмау керек. Орысша микроб алып жүру – микробоносительство, ал тасымалдаушы – переносчик. Екеуі екі түрлі дербес мағыналы ұғымдар.
Микроб алып жүру кезінде аурудың клиникалық белгілері болмайтындығынан ондай жануарларды анықтау қиынға түседі. Мұндай жағдайда серология, аллергия сияқты иммунологиялық зерттеулер нәтиже бермейді. Тек қана бактериологиялық немесе вирусологиялық тексеру арқылы микроб алып жүруші жануарларды анықтау мүмкін. Микроб алып жүру толеранттылық пен микробиоз құбылыстарының нәтижесі болып табылады.
Иммундеуші субинфекция дегеніміз енген микробтың өсіп-өнбей тіршілігін тоқтатуының нәтижесінде организмнің дертке шалдықпай, онда иммунитеттің қалыптасуы. Мұның нәтижесінде организмнің қызметі бұзылмайды және ол ауру қоздырушысының бастауына айналмайды. Сонымен клиникалық сау малда бактериологиялық немесе вирусологиялық зерттеулердің теріс нәтижесі кезінде иммунологиялық реакциялар (аллергиялық, серологиялық) байқалады. Иммундеуші субинфекция микроб алып жүру тәрізді табиғатта кеңінен тараған. Мысалы сиырда қарасан негізінен 4 жасқа дейін ғана байқалады. Ол одан жоғарғы жаста иммундеуші субинфекцияның әсерінен ауруға шалдықпайды. Осыны ескеріп 4 жастан асқан ірі қара бұл ауруға қарсы егілмейді.
Бақылау сұрақтар:
1. Инфекция деген не?
2. Инфекциялық процеске макроорганизм және микроорганизмнен басқа қандай үшінші күш әсер етеді?
3. Инфекциялық процесс қандай құбылыстардан тұрады?
4. инфекцияның түрлеріне (инфекциялық ауру, микроб алып жүру, иммундеуші субинфекция) толық сипаттама бер.
5. Микробтың жануар организмінде тіршілік етуінің алғы шарттары қандай? Ауру қоздырушы микробтың уыттылық факторларына не жатады,
Әдебиеттер:
1. Сайдулдин Т. «Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары». - Алматы, 2009.
2. Иванов Н.П. Диагностика инфекционных болезней животных. - Алматы, 2009.
3. Қасымов Е.И. Індеттану және инфекциялық аурулармен күрес шаралары. – Алматы, 2009.
4. Асанов Н.Г. Індеттану және микробология негіздері. Алматы 2008.
5. Ветеринариялық заңдылықтар. 1,2,3-том. Астана, 2004.
№3 Дәріс
Тақырыбы: ІНДЕТ ПРОЦЕСІ, ОНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШТЕРІ. ІНДЕТТАНУЛЫҚ БАЛУ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ
Кілті сөздер: Індет процесінің мағыналық мәні, оның негізгі және қосымша қозғаушы кштері. Инфекция қоздырушысының бастауы мен берілу тетіктерінің, ауруға бейім жануардың індет процесіндегімаңызы. Індет процесінің даму заңдылықтары. Індеттенудің қарқыны мен статистикалық көрсеткіштері.
Дәрістің мақсаты: Тыңдаушыларға індет процесі, оның қозғаушы күштері жөнінде мағұлмат беру.
Дәрістің жоспары:
1. Індет процесінің мағыналық мәні, оның негізгі және қосымша қозғаушы кштері;
2. Инфекция қоздырушысының бастауы;
Берілу тетіктері;
Бейім жануарбейім жануар;
Індет процесі – індеттанудың ең негізгі ұғымы. Инфекциялық процесс нақтылы бір жануардың организмінде болатын құбылыс болса, індет процесінің ауқымы одан анағұрлым кең. Соңғысы белгілі бір территорияда өтеді. Бұл жұқпалы аурудың жеке организмді зақымдауы емес, оның ауру малдан сау малға жұғып, тұтас бір территорияны жайлауы.
Жұқпалы ауруларға қатысты құбылыстарды үш түрлі деңгейде қарастыруға болады. Оларды микросистема, мезосистема, макросистема, яғни тиісінше мөлтек жүйе, орташа жүйе және үлкен жүйе деп атайды. Мөлтек (шағын) жүйе бұл құбылыстарды молекула, жасуша деңгейінде қарастырса, орташа жүйе ұлпа, мүше, организм дедгейінде зерттейді. Ал үлкен жүйе бұл мәселелерді популяция, биоценоз, биосфера деңгейінде талдайды. Инфекциялық процесс пен иммунитет алғашқы екі жүйе деңгейінде, ал індет процесі соңғы үшінші жүйе деңгейінде қарастырылады.
Жұқпалы аурудың пайда болып, таралуы үшін керек шарттардың бірі – инфекция қоздырушысының бастауының болуы. Егер індет процесін өртпен теңейтін болсақ, инфекция қоздырушысының бастауы – өрттің шығуына себеп болған от. Дау туғызбайтын айқын бір нәрсе инфекция қоздырушысының бастауында сол аурудың қоздырушысы зардапты микроб болуы керек. Аурудың қоздырушысы сол аурумен ауырған малда, ауру белгісі жоқ микроб алып жүруші жануарда, мал өнімдерінде (сүт, ет, жүн, тері), көңде, топырақта, суда, ауада, т.б. болуы мүмкін. Аталған объектілердің әрқайсысында зардапты микроб болады және сақталады. Бірақ қоздырушысының бастауы болуы үшін тағы бір қойылатын талап – онда сол микроб өсіп-өнуі қажет. Әйтпесе уақыт өткеннен соң бастау болудан өзінен-өзі қалады. Егер жоғарыда аталған объектілерді осы тұрғыдан қарастырсақ ауру қоздырушы микробтың тоғышар тіршілік нәтижесінде негізінен жануар организмінде өсіп-өнуге бейімделгені айқын. Тек зардапты микробтардың кейбіреулері ғана сыртқы ортада өсіп-өне алады, мысалы, лептоспира белокты қоспалары бар суда, сальмонелла – сүтте, листерия – силос пен топырақта, топалаңның қоздырушысы мен клостридиялар – органикалық заттарға бай топырақта, дерматомикоздардың қоздырушылары – көңде. Токсикоинфекцияларды қоздырушы бактериялар мен саңырауқұлақтар тек қана өсімдік субстраттарында (жем, шөп, сабан) өсіп-өнеді де, организмге енген олардың улы заттары бутулизм, фузаритоксикоз, стахиоботриотоксикоз сияқты ауруларды қоздырады. Ал кейбір аурулардың қоздырушылары биологиялық тасымалдаушы жануарлардың денесінде өсіп-өнеді.
Бұл – індет процесінің негізгі бір буыны, оның структуралық маңызды құрамының бірі. Берілу тетігі зардапты микробтың бір жануардан екіншісіне ауысуын қамтамасыз етеді. Осындай ауысу арқылы ғана қоздырушы микроб табиғатта сақталады. Өйткені ауруға бейім организмде микробқа қаншама қолайлы жағдай болғанымен инфекциялық процестің нәтижесінде денедегі иммундік тетіктер іске қосылып, микроб үшін жағдай қолайсыз бола бастайды да, иммунитет күшіне енген кезде микробтың тіршілігінің өзі қиындайды. Организмнің иммунитет реакциялары қоздырушы микробты жеңбеген жағдайдың өзінде де аурудың ақыры малдың өлуімен тынса, бұл да микроб үшін қолайсыз болып табылады. Өйткені мал өлсе, оның өлексесі шіриді де, оның нәтижесінде қоздырушы микроб мүлдем қырылады. Сонымен зардапты микробтың табиғатта сақталуы үшін иесін ауыстырып отыруы қажет.
Инфекция қоздырушыларының әртүрлі берілу механизмдері екі негізгі топқа бөлінеді. Олар – тік және көлденең берілу. Инфекцияның тік немесе вертикальді берілуі деп ауру қоздырушысының ата-енесінен ұрпағына, ал көлденең немесе горизонталъді берілуі деп аурудың бір жануардан келесі жануарға жұғуын айтады. Қоздырушының тік берілуі аталық немесе аналық ұрық жасушалары арқылы болуы мүмкін. Бұны жұмыртқа арқылы (трансвариальді) берілу дейді. Тік берілудің екінші жолы – микробтың буаз малдан оның жатырындағы төліне өтуі. Бұндай жолды плацента арқылы (трансплацентарлық) берілу дейді, ұрық торшалары арқылы лейкоздың вирусы, ал плацента арқылы бруцеллездің қоздырушысы беріледі.
Ауру қоздырушысының көлденең берілуі контактылық, аэрогендік, алиментарлық және трансмиссивтік жолдарға бөлінеді.
Жұқпалы аурулардың таралуы үшін қоздырушының бастауы мен оның берілу механизмдерінің болуы жеткіліксіз. Ауру тек қана індет процесінің тағы бір міндетті құрамы, оның үшінші буыны – бейім жануарлар болғанда ғана одан ары тарайды. Індет бұғауының барлық үш буыны түгелденгенде ғана індет процесі тоқтаусыз жалғаса береді. Егер оның біреуі қатардан шығып қалса, аурудың жаңадан білінуі тоқталады. Сондықтан ауруға бейім жануарлар індеттанудың ең маңызды ұғымдарының бірі болып табылады.
Жануарлардың ауруға бейімділігі (восприимчивость) – ауруға төзімділік пен бейімділік және олардың механизмдері инфекция мен иммунитет мәселелерін талдаған тарауларда қарастырылады. Бұл жерде жеке жануардың емес жануарлар тобының (мал үйірінің) ауруға бейімділігі мен төзімділігін қарастырып өткен жөн.
Бақылау сұрақтар:
Індет процесі деген не?
Індет процесі мен инфекция процесінің айырмашылығы қандай?
Індет процесінің негізгі және қосымша қоздырушы күштеріне нелер жатады?
Инфекция қоздырушысының горизонтальдік және вертикальдік берілу жолдары қалай іске саады?
Инфекция қоздырушысының телімді және телімсіз тасымалдаушыларының айырмашылығы неде?
Облигатты және факультативті трансмиссивтік инфекциялардың айырмашылығы неде?
Энзоотия мен эпизоотияның айырмашылығы неде?
Індеттің қандай сатылары (стадиялары) бар?
Індет процесінің қандай статистикалық көрсеткіштері бар, олар қалай анықталады?
Әдебиеттер:
1. Сайдулдин Т. «Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары». - Алматы, 2009.
2. Иванов Н.П. Диагностика инфекционных болезней животных. - Алматы, 2009.
3. Қасымов Е.И. Індеттану және инфекциялық аурулармен күрес шаралары. – Алматы, 2009.
4. Асанов Н.Г. Індеттану және микробология негіздері. Алматы 2008.
5. Ветеринариялық заңдылықтар. 1,2,3-том. Астана, 2004.
№4 Дәріс
Тақырыбы: ІНДЕТ ОШАҒЫ, ТАБИҒИ ОШАҚТЫЛЫҚ. ТЕРРИТОРИЯНЫ ЗОНАЛАРҒА БӨЛУ ЖӘНЕ КОМПАРТИМЕННТТЕР
Кілті сөздер: Індет ошағы, Қатер төнген аймақ, Аурудан сау емес пункт, Бастапқы індет ошағы, Туынды індет ошағы, Жаңа індет ошағы, Өше бастаған індет ошағы, Тұрақты індет ошағы, Табиғи індет ошағы, Аутохонды індет ошағы, Антропуриялық індет ошағы, Синантроптық індет ошағы
Дәрістің мақсаты: Тыңдаушыларға Індет ошағы, табиғи ошақтылық жөнінде мағұлмат беру.
Дәрістің жоспары:
1. Індет ошағының анықтамасы;
2. Індет ошағының қалыптасуы және сақталуы;
Індет ошағының түрлері;
Жұқпалы аурулардың табиғи ошақтылығы;
Індет ошағы туралы түсінік. Індет ошағы деп індет процесі өтетін оның негізгі үш қозғаушы күштері: инфекция қоздырушысының бастауы, берілу тетігі және бейім жануарлардың өзара бір-біріне әсер ететін кеңістігі аталады. Екінші сөзбен айтқанда індет ошағы ауру қоздырушысы орын тепкен және нақтылы қалыптасқан жағдайда ауру қоздырушысының сау жануарларға берілу қаупі сақталған аймақ. Ошақ – қазақ тіліндегі байырғы сөз, оның мағынасы от жағатын орын. Бұл ұғым халықтың індетті тілсіз жау – отпен (өртпен) салыстыруынан туған. Орыс тілінде індет ошағы "эпизоотический очаг" деп аталады. Ошақ сөзінің іс жүзінде ешбір өзгеріссіз орыс тіліне ауысуы Алтын орда дәуірінде болса керек. Індет ошағы ретінде ауру не микроб алып жүруші жануар тұрған қора есептелінеді. Егер ол жануар қорада ғана қамалмай, бос жіберілетін аулаға шығатын болса, қорамен бірге сол аула да індет ошағы болып табылады. Ал енді ол жануар аулаға шыққанымен шектелмей, жайылымда жайылатын болса, ол жайылым да індет ошағының құрама бөлшегі болып табылады. Инфекция қоздырушысының бастауы болған жануар аталған жағдайлармен шектелмей алыс қашықтыққа, мысалы алыстағы жайлауға, айдалынатын болса, індет ошағы одан арман кеңіп, оған сол жануар жүріп өткен ластанған аймақтың барлығы қосылады.
Басқа бір мысал келтірейік. Айтайық делбемен ауырған жылқы қорада қамауда ұсталады делік. Егер қан сорғыш жәндіктердің (маса, сона, т.б.) қораға кіру мүмкіндіктері болса, онда індет ошағы қорадан тыс қансорғыш жәндіктердің ұшып жете алатын аумағы көлеміне ұлғая түседі. Сондықтан індет ошағына инфекция қоздырушысының бастауы орналасқан және осы бастаудан қоздырушыны тарататын берілу механизмі қамти алатын аймақты жатқызады. Аэрогендік жолмен ғана тарайтын аурулар кезіне індет ошағы ауру мал тұрған қорамен шектеледі. Ал трансмиссивтік инфекциялар кезінде оған қоздырушыны тасымалдаушылар белсенді әрекет ете алатын барлық аймақ жатады. Малды қолда ұстағанда аурудың таралуы шектеледі де, жайылымда ұстаған кезде аурудың кең таралуына мүмкіндік жасалады.
Аурудың індет ошағынан тысқары таралуы жаңа індет ошақтарының пайда болуына әкеліп соғады. Бұған байланысты бастапқы және туынды індет ошағы деген ұғымдар қалыптасқан.
"Індет ошағы" ұғымын инфекция ошағымен шатастырмау керек. Індет ошағы аймаққа тән ұғым болса, инфекция ошағы организмде болады. Инфекция ошағы деп зардапты ауру қоздырушы микроб жайлаған, дертке шалдыққан, дене мүшесі немесе ұлпаны атайды.
Індет ошағының әрекетті және әрекетсіз түрлері болуы мүмкін. Әрекетті індет ошағында аурудың одан ары таралу қаупі сақталады деп есептелінеді. Іс жүзінде кез келген індет ошағын әрекетті деп санаған жөн.
Індет ошағын жою – жұқпалы аурулармен күресудің басты мақсаты және негізгі жолы. Індет ошағын жоюдың міндетті шарттары: инфекция қоздырушысының бастауын құрту және сыртқы орта объектілерін түбегейлі зарарсыздандыру. Бірақ кей жағдайда зардапты микроб қалай да болмасын сыртқы ортада сақталып қалады. Мысалы, топалаңның қоздырушысы топырақта, әсіресе оның терең қабаттарында ұзақ уақыт тіршілігін жоймауы мүмкін. Мұндай кезде ерекше бір жағдай болғанға дейін, айтайық жер қазу жұмыстары жүргізілгенше, микробтың ауруға бейім жануарларға жұғу мүмкіндігі болмайды да, іңдет ошағы белгілі бір уақытқа дейін әрекетсіз болып табылады.
5.2.Індет ошағының түрлері. Індет ошақтары жаңа, өше бастаған, тұрақты және табиғи болып бөлінеді.
Індет ошағы жуықта пайда болып, ауруға шалдыққан жануарлардың саны әлі де болса өсіп келе жатса, ол жаңа болып есептеледі. Мұндай ошақтан аурудың одан әрі тарап кету қаупі жоғары болады.
Өше бастаған ошақта жүргізілген іңдетке қарсы шаралардың нәтижесінде немесе ауру әбден жұғып болып, ауырған малдардың сауығуына байланысты індеттену бәсеңдей береді. Қоздырушының белсенді бастауларының азаюына байланысты аурудың одан әрі таралу қаупі де төмендейді.
Тұрақты деп аурудың тұтануы оқтын-оқтын белгілі уақыт аралығынан соң үнемі байқалып тұратын ошақты атайды. Нақтылы бір себептердің салдарынан мұндай ошақта аурудың біліну мүмкіндігі сақталады. Індет ошағының тұрақтануына жануарлардың арасында жасырын микроб алып жүрушілердің болуы, әртүрлі микроб тасымалдаушы кемірушілер және зардапты микробтың сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталуы себеп болады. Листериоздың індет ошағының тұрақтануы оның қоздырушысының сүрлемеде (силоста), кемірушілердін арасында сақталунан болса, топалаңның індет ошағының ұзақ мерзімділігі қоздырушысының топырақта жылдар бойы өлмеуінің салдары. Егер ауру қоздырушысының бастауы болмай, қоздырушы микроб сыртқы ортада ұзақ сақталған жағдайда, оңдай жерді індет ошағы дегеннен гөрі инфекцияланған аймақ деп атаған жөн. Топалаңның қоздырушысы сақталған топырақ қоздырушының бастауына емес таратушы факторына жатады.
Табиғи індет ошағы деп белгілі бір жұқпалы ауруды қоздырушысының тағы жануарлардың арасында айналымда болатын аймақты атайды. Құтырық, туляремия, листериоз, лептоспироз және т.б. аурулардың табиғи ошақтары болады.
Індет ошағынан басқа аурудан сау емес пункт деген ұғым қалыптасқан. Аурудан сау емес пункт болып індет ошағы бар елді мекен, шаруашылық немесе әкімшілік аймақ есептеледі. Аурудан сау емес пункт деген ұғымның мағынасы оншама нақтылы емес. Бұл негізінен әкімшілік аймаққа сәйкес ұғым және әрбір ауру кезінде оған деген көзқарас та әртүрлі. Мысалы бір үлкен шаруашылыктың 3 мал фермасы болып, оның біреуінде аусыл шыға қалса, шаруашылық, түгелдей аурудан сау емес деп есептелінеді. Ал топалаң байқала қалған жағдайда, ауру шыққан ферма ғана сау емес деп саналады. Ең дұрысы аурудан сау емес пунктті есепке алғаннан гөрі індет ошағы бойынша есеп жүргізген дұрыс. Әсіресе Қазақстан сияқты кеңбайтақ өлкеде бір әкімшілік территорияда індет ошағының бірнешеуі болуы жиі кездесетін жағдай.
Бір елді мекенде көптеген ұсақ шаруашылықтар немесе әрбір отбасында үй жануарлары болуы әдеттегі жағдай. Жұқпалы ауру шыға қалғанда елді мекен тұтасымен аурудан сау емес пункт, ал нақты ауру мал тұрған қора жайлар індет ошағы болып саналады. Елді мекеннің індет ошағынан тыс территориясы қатер төнген аймақ болып есептеледі. Себебі ол жерде ауру шығу қаупі өте жоғары және ондағы жануарлардың аурудан сау екендігі дүдәмәл. Сонымен жұқпалы ауру байқалған елді мекен немесе әкімшілік территория аурудан сау емес пунктке жатқызылады да, оның құрамында бір немесе бірнеше індет ошағы және оған қосымша қатер төнген аймақ болады. Жұғымталдығы жоғары инфекциялар кезінде ауру шыққан елді мекен тұтастай індет ошағы, ал онымен шекаралас елді мекендер қатер төнген аймақ болып есептеледі.
Бақылау сұрақтар:
Індет ошағы деген не?
Індет ошағының қандай түрлері болады?
Инфекция ошағы мен індет ошағының айырмашылығы қандай?
Аурудан сау емес пункт деген не?
Қатер төнген аймақ қайда болады?
Табиғи індет ошағы қалай қалыптасады?
Табиғи ошақтың құрылымы қандай?
Табиғи ошақтың қандай түрлері болады, олар қалай қалыптасады? Індет ошағы деген не?
Індет ошағының қандай түрлері болады?
Инфекция ошағы мен індет ошағының айырмашылығы қандай?
Аурудан сау емес пункт деген не?
Қатер төнген аймақ қайда болады?
Табиғи індет ошағы қалай қалыптасады?
Табиғи ошақтың құрылымы қандай?
Табиғи ошақтың қандай түрлері болады, олар қалай қалыптасады?
Әдебиеттер:
1. Сайдулдин Т. «Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары». - Алматы, 2009.
2. Иванов Н.П. Диагностика инфекционных болезней животных. - Алматы, 2009.
3. Қасымов Е.И. Індеттану және инфекциялық аурулармен күрес шаралары. – Алматы, 2009.
4. Асанов Н.Г. Індеттану және микробология негіздері. Алматы 2008.
5. Ветеринариялық заңдылықтар. 1,2,3-том. Астана, 2004.
№5 Дәріс
Тақырыбы: ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗАМАНАУИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫ
Кілті сөздер: Індетке қарсы шаралар, Дауалау шаралары, Сауықтыру шаралары, Ұйымдастыру-шаруашылық шаралары, Ветеринариялық-санитариялық шаралар, Арнайы шаралар, Ветеринариялық білімді насихаттау, Карантин, Шектеу, Вакцина
Дәрістің мақсаты: Тыңдаушыларға індетке қарсы шаралар жөнінде мағұлмат беру.
Дәрістің жоспары:
1. Індетке қарсы алдын алу және сауықтыру шаралары;
2. Олардың кешенді және жоспарлы түрде мемлекет тарапынан және адам денсаулығын қамтамсыз ету мақсатында жүргізілуі;
3. Ұйымдастыру-шаруашылық, етеринариялық-санитариялық және арнайы шаралар;
Індетке қарсы шаралар жұқпалы аурулардың шығуына және олардың таралуына жол бермеуге бағытталады. Жұқпалы ауруларды болдырмау үшін дауалау (алдын алу) шаралары іске асырылады, ал ауру шыға қалған күнде оны жою (сауықтыру) шаралары қарастырылады. Сонымен індетке қарсы шаралар дауалау шаралары және сауықтыру шаралы болып екі салаға бөлінеді. Бұлардың қай-қайсысы болмасын бірнеше салаға бағытталған кешеннен тұрады. Бұл күрделі кешенге кіретін шаралар індет бұғауының барлық буындарына қарсы бағытталуы керек, сондықтан да олар инфекция қоздырушысының бастауына, инфекция қоздырушысының берілу тетігіне және ауруға бейім жануарларға қатысты жүргізілулері керек.
Іңдетке қарсы шаралар жалпы және арнайы болып екі топқа бөлінеді. Жалпы шаралар кез келген жұқпалы ауруға бағытталған ортақ сипатта болады да, оған ұйымдастыру-шаруашылық және ветеринариялық-санитариялық шаралар жатады. Арнайы шаралар нақтылы бір жұқпалы ауруға қарсы бағытталады да, оған сол ауруды балау және жануарды иммундеу жатады (4 сурет).
Індетке қарсы шаралардың басты негізі – олардың кешенді түрде жүргізілуі. Бұл кешенділік жоғарыда көрсетілген індеттенудің барлық қозғаушы күштеріне қатысты біртұтас ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық және арнайы шаралар ретінде жүргізілуінен туындайды.
Екінші бір негіз – індетке қарсы шаралардың белгілі бір жүйемен жоспарлы түрде жүргізілуі. Әрбір шаруашылық пен белгілі бір территорияда індетке қарсы жүргізілетін дауалау және сауықтыру шараларының жоспары болуы керек. Бұл жоспар еңбек және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуге тиіс.
Індетке қарсы шаралардың үшінші негізі – олардың мемлекеттік сипаты. Бұл шаралар мемлекет тарапынан белгіленеді де, мемлекеттік оргаңдардың қолдауымен іске асырылады. Жұқпалы аурулар шыға қалғанда карантин немесе шектеу қою немесе алу жергілікті әкімшіліктің шешімі арқылы жүргізіледі. Індетке қарсы шаралардың дұрыс іске асуына әкімшілік органдары (полиция) көмек көрсетіп, бақылау жасайды.
Төртіншіден, індетке қарсы шаралар адамдарды малдан жұғатын аурулардан сақтандыруға бағытталады. Сондықтан жануарлардың жұқпалы ауруларымен күрес шаралары медициналық мекемелермен ынтымақтастықта жүргізілуі керек. Адам мен малға ортақ жұқпалы ауруларға қарсы шараларды жоспарлау, оларды жүзеге асыру санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жүйесімен келісіліп атқарылады.
Індетке қарсы шаралар кешенінде ұйымдастыру-шаруашылық мәселелері маңызды орын алады. Өйткені, малды дұрыс бағып-күткенде, оның жайылым өрісін, азықтандыру мен су ішуін, қора-жайын тиісті талаптарға сай жолға қойғанда ғана аурудың шығуына және таралуына жол бермеуге болады. Малды өз төлінен өсіру, мал басын толықтыру ветеринариялық талаптарға сай жүргізілуі керек. Аталған шаралар – мал шаруашылығын дұрыс жургізудің міндетті шарттары болып табылады.
Ветеринариялық-санитариялық шаралар, мысалы, қораны мал қиынан тазарту, мал шаруашылығының қалдықтарын зарарсыздандыру және арнайы шаралар – малды ауруға тексеру мен иммундеу – барлығы да ұйымдық-шаруашылық мәселелерімен тығыз байланысты. Ауру малды бөліп алып, оқшаулау, күту, ол үшін еңбек ақы төлеу, карантин мен шектеу шараларын орындау, мал өнімдерін зарарсыздандыру, т.б. аурудың шығуынан туындайтын мәселелер де шаруашылық және ұйымдастыру тұрғысынан шешімін табуы керек.
Бақылау сұрақтар:
Індетке қарсы шаралардың мақсаты не?
Індетке қарсы шаралар мақсаты бойынша қандай салаларға бөлінеді?
Індетке қарсы шаралар мазмұны бойынша қандай салаларға бөлінеді?
Індетке қарсы ұйымдастыру шаруашылық шаралары не үшін қажет?
Ветеринариялық білім кімдер үшін насихатталады және індетке іарсы шараларға маңызы қандай?
Шекараны жұқпалы аурудан қорғау қалай жүргізіледі?
Мал өсіретін нысандарды індеттен қорғау шаралары қалай қамтамасыз етіледі?
Әдебиеттер:
1. Сайдулдин Т. «Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары». - Алматы, 2009.
2. Иванов Н.П. Диагностика инфекционных болезней животных. - Алматы, 2009.
3. Қасымов Е.И. Індеттану және инфекциялық аурулармен күрес шаралары. – Алматы, 2009.
4. Асанов Н.Г. Індеттану және микробология негіздері. Алматы 2008.
5. Ветеринариялық заңдылықтар. 1,2,3-том. Астана, 2004.
№6 Дәріс
Тақырыбы: ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯ ЖАНЕ ОНЫҢ ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАР КЕШЕНІНДЕГІ МАҢЫЗЫ
Кілті сөздер: ветеринариялық-санитариялық нысандар. мал шаруашылығының қалдықтарын (көң, өлексе, т.б.) зарарсыздандыру. дезинфекция, оның түрлері мен әдістері, химиялық дезинфектанттар. дезинсекция. дератизация.
Дәрістің мақсаты: Тыңдаушыларға ветеринариялық-санитариялық шаралар жөнінде мағұлмат беру.
Дәрістің жоспары:
1. Ветеринарилық санитария;
2. Санитариялық реттілік инфекция қоздырушысының бастауы мен берілу тетіктеріне қалай әсер етеді;
3. Көңді зарарсыздандыру;
4. Дезинфекция,
5. Дезинфекцияның нысандары;
Cанитария латынның sanitas (денсаулық) сөзінен шыққан,сондықтан кең мағнада қолданғанда бұл ғылымға денсаулыққа қатысты мәселелер түгелдей жатады. Атап айтқанда адам мен жануарлардың тіршілік ортасы (тұрақ жайынан бастап экологиялық жағдайларына дейін) және олардың тіршілігіне қатысты барлық қажеттіктері (азық, су, ауа, жарық, т.б.) жатады. Қазіргі кезде ветеринарияның негізгі бір саласы ретінде қалыптаса бастаған ветеринариялық санитария осы күнгі түсінік бойнша адам мен жануарлардың инфекциялық және инвазиялық ауруларының тарап кетпеуін және малшаруашылығынан санитариялық жағынан жоғары сапалы өнім алуды қамтамасыз етеді. Өнімнің санитариялық сапасы деп оның адам денсаулығына зиансыздығын айтады. Әрине мұндай мол ауқымды ғылым індеттанудың аяасына сия бермейді. Індеттану ғылымы ветеринариялық санитарияны түгелдей қамти алмайды, тек қана індетке қарсы шараларында ветеринариялық санитария әдістеріне сүйенеді.Індеттануға микробтар өлі табиғат заттарында және тірі тасымалдаушылардың денесінде болатындықтан індеттануда қолданылатын ветеринариялық санитарияның негізгі әдістері сол ауру қоздырушыларымен ластанған заттарды зарарсыздандыру және ауру қоздырушыларының тасымалдаушыларымен күрес жүргізу болып табылады.
Негізінен алғанда ветеринариялық санитариялық шаралар инфекция қоздырушысының берілу тетігіне қарсы бағтталған. Ауру қоздырушыларының басты берілу факторлары болып табылатын өлексе, көң және басқада малшаруашылығы қалдықтарын зарарсыздандыру, ауру тасымалдаушы жәндіктермен, кемірушілермен күрес жүргізу дезинфекция, дезенцекция, дератизация шаралары арқылы іске асады. Сыртқы ортадағы заттармен инфекция тасымалдаушыларына ауру қоздырушыларын жұқтырмау жоғарғы аталған шаралардан да гөрі тиімді болып табылады. Бұның өзі инфекция қоздырушысының бастауын сенімді түрде оқшаулау, оны бейтараптау арқылы ғана іске асады. Сондықтанда қоздырушы бастауынан зардапты микробтың ортаға таралуы үшін әртүрлі ветеринариялық санитариялық режим (реттілік) шаралары белгіленген. Осы белгіленген реттілікті іске асыру және жетілдіру ветеринариялық санитарияның негізгі міндеттерінің бірінен саналады. Сонымен ветеринариялық-санитариялық шаралар сырытқы ортада ауру қоздырушыларының таралуына жол бермеуге, ал тарайғалған сәтте оларды жоюға бағытталған.
Мал фермалары мен кешендерінде жүргізілетін ветеринариялық –санитариялық тиімділігі тиісті нысандардың қызыметіне байланысты. Ол нысандарға жататындар – дезенфекциялық тосқауыл, санитарлық өткелек, оқшауханалар, карантиндік жайлар, көң қоймасы, санитариялық қасапхана (сою пункті) малды тоғтуға арналған жабдықтар (тоғытқыш), ет-сүйек ұнын өндіруге арналған шикізатты жинау пункті.
Достарыңызбен бөлісу: |