Бақылау сұрақтар:
1. Инфекциялық синдром дегеніміз не?
2. Клиникалық зерттеудің жалпы әдістері?
3. Клиникалық зерттеудің арнаулы әдістері?
4. Клиникалық зерттеудің зертханалық әдістері?
№ 2-сабақ
Тақырыбы: Жұқпалы ауруларды серологиялық балау әдістері (АР модификациясы)
Сабақтың мақсаты: Жұқпалы ауруларды қосымша факторсыз серологиялық реакциялармен таныстыру.
Құралдар және материалдар: зерттейтін қан сарысу; бруцеллезге теріс қан сарысу; бруцеллезге оң қан сарысу; бірыңғай бруцеллез антигені РА, КБР және ¦КБР үшін; 10% натрий хлорид ерітіндісі; Флоринский пробиркасы; пипеткалар; дозатор; штатиф.
Сабақтың мазмұны: Жұқпалы ауруларды балауға серологиялық реакциялар кеңінен пайдаланылады. Серологиялық реакциялар антиген мен антиденелердің организмнен тыс іп vitro өзара әрекеттесуінің нәтижесінен туындайды. Антиген мен антидененің қатысуынсыз ешбір серологиялық реакция жүрмейді. Сондықтан оларды серологиялық реакциялардың негізгі факторлары деп атайды.
Агглютинация реакциясы (лат. agglutinatio — жабыстыру) микроб, кан және басқа да жасушалардың телімді антиденелермен қосылуының нәтижесінде бір-бірімен жабысып шөгіндіге түсуі. Бактериялардың иммунденген жасушалардың қан сарысуының әсерінен ұйысып шөгіндіге түсетінін алғаш рет 1890ж Charrin мен Н. Roger хабарлады. Алайда бұл құбылыстың телімді иммундік реакция екенін М. Cruber мен Н. Durcham (1896) жүргізген зерттеулерден кейін ғана айқындалды.
Заманауи деректер бойынша агглютинация антиген жасушасының көп (екі одан жоғары) валентті антиденемен әрекеттесуінің нәтижесі. Бұл қосылыстан пайда болған кешеннің көзге көрінетіндей болып тұнбаға түсуі үшін электролит қажет. Ал кешенің өзі электролитсіз ортада да қалыптасады.
Агглютинация реакциясына катысатын антигендi — агглютиноген, антиденені — агглютинин, екеуінің қосынды кешенін — агглютинат деп атау қалыптасқан.
Реакция агглитинациялардың құрама бөлектері:
-зерттейтін қан сарысу;
-теріс қан сарысу;
-оң қан сарысу;
-бірыңғай бруцеллез антигені РА, КБР және ¦КБР үшін;
-натрий хлориді ерітінді;
Агглютинация реакциясы (АР)
Пробиркадағы агглютинация реакциясы сиыр, қой, ешкі, жылқы, қодас, түйе, марал, ит, терісі бағалы аңдар және басқада жануарларды бруцеллезге балау үшін қойылады. Агглютинация реакциясы сұйытылған антигенмен антидененің қатысуымен жүреді. Пробиркадағы агглютинация реакциясының қою барысында компоненттері қатаң түрде өлшемді болуы олардың титрін анықтауға мүмкіндік береді. Реакция 1см3 мөлшерінде қойылады.
қой, ешқі, қодас, марал және итте 1:25,1:50, 1:100 сұйылту дәрежеде қан сарысуларын зерттейді;
Сиыр, жылқы және түйеде - 1:50, 1:100, 1:200;
Терісі бағалы аңдар және теңіз тышқанында - 1:10, 1:20, 1:40
Реакция компоненттері: антиген ретінде – стандартты диагностикум (АР, КБР, КҰБР үшін бірыңғай бруцеллез антигені) немесе зерттелетін бактерия өсінінің өлшемі; антидене ретінде - жануарлардың зерттелетін қан сарысуы немесе бактерия өсінінің түрін ажырату үшін агглютиндеуші қан сарысуы; сұйылтқыш ретінде сиыр, жылқы, түйе, ит, терісі бағалы аңдар және теңіз тышқаны үшін - 0,5 % фенолданған 0,85 % физиологиялық ерітінді және қойда, ешкі, қодас қан сарысуларын зерттегенде натрий хлоридінің 5-10 % ерітінділері қолданылады.
Реакцияны қою техникасы. Зерттелетін қой қан сарысуларынан екі еселенген езінділердің сериясы даярланады 1:25, 1:50, 1:100 және т.б. Көлемі 1 см3 1:25 қатынасқа сұйылтылған қан сарысуын даярлау үшін оның 0,04 см3 мөлшерін 0,96 см3 сұйылтқышқа қосады. Осы даярланған қан сарысуының негізгі езінділерінен 0,5 см3 алып екінші пробиркағадағы 0,5 см3 сұйылтқышқа қосып араластырып 0,5 см3 алып келесі пробиркаға қосады. Соңғы пробиркадан 0,5 см3 алыр төгіп тастайды. Осының нәтижесінде қан сарысуының алғашқы пробиркадағы сұйылтылу көрсеткіші келесі пробиркаларда екіеселеніп отырады. Келесі кезекте барлық пробиркаларға 0,5 см3 мөлшерінде антиген қосады. Агглютинация реакциясы үшін 1 см3 – та 30 млрд микроб торшасы бар бірыңғай бруцеллез антигенінің 1:10 сұйылтылымы қолданылады. Антигенмен қан сарысуының қосындысын 37-380С термостатта 16-20 сағат, соңынан 1 сағат бөлме температурасында ұстайды.
Реакция нәтижесі крест түрінде төрт балдық жүйемен бағаланды:
төрт крест (++++) - антигеннің микроб денесі пробирка түбіне «шатыр» түрінде шөгеді, ақырын шайқаған кезде шатыр ірімтіктерге ыдырап, сұйықтық мөлдір күйінде қалады (100% агглютинация);
үш крест (+++) - сұйықтық толық мөлдірейді және «шатыр» белгісі анық байқалады, шайқаған уақытта сұйықтық білінер-білінбес лайланады (75% агглютинация);
екі крест (++) - сұйықтық жылтыр және «шатыр» белгісі біршама байқалған, шайқаған уақытта сұйықтық орташа деңгейде лайланып ірімтіктер көлемі кішірейген (50% агглютинация);
бір крест (+) - сұйықтық мөлдірлігі нашар, «шатыр» белгісі әлсіз байқалады, шайқаған уақытта сұйықтық лайланып, аздаған ұсақ ірімтіктер көрінеді (25% агглютинация);
минус (-) - сұйықтықтың мөлдіреуі және «шатыр» белгісі байқалмайды, пробирка түбіне антиген микробының «түйме» түрінде шөккенін көруге болады. Шайқаған кезде сұйықтық біркелкі лайланады.
Бруцеллезге балау кезінде қой қан сарысуларының - 1:50 титрінде кемінде екі крестке бағаланғанда ғана реакция нәтижесі оң болып саналады.
Егер қан сарысулардың титрлері қойда – 1:25 кемінде екі креске бағаланса реакция нәтижесі күдікті болады. Күдікті жануарлардың қан сарысуларын 3-4 аптадан кейін қайта тексереді. Егер екінші қайтара күдікті нәтиже алынса онда жануарды ауру деп санайды.
Достарыңызбен бөлісу: |