ұмытқан, Алла да оларға өз-өздерін ұмыттырған бейбақтар секілді болмаңдар. Хақ жолдан тайған күнәһарлар, міне, солар».
30
30
«Хашыр» сүресі, 19
Сол үшін Әбу Бәкір Сыддық (р.а.) 40 мың динар құпия садақа, 40 мың динар жария
садақа қылған. Үйінде байлық дегеннен еш нәрсе қалған емес.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) және оның бала-шағасы да бұл дүние ләззаттарынан бас
тартқан еді. Сондықтан әзірет Фатима әзірет Алиге тұрмысқа шыққанда, оның үйінде
бір қошқардың терісі мен ішіне құрма жапырағы салынған бір жастық қана болған.
31
31
Әбу Дәуіт, 2125; Нәсаи, 3375
Алланы ұмыту және екі жүзділік Хасан Басриге бір әйел келіп: «Менің жап-жас қызым қайтыс болды. Оны түсімде
көргім келеді. Соның жолын үйретесің бе деп саған келдім», – дейді. Хасан Басри оған
түсінде қызын қалай көруге болатынын үйретеді. Сөйтіп әйел қызын түсінде көреді.
Қызының үстінде оттан киім, мойнында шынжыр және аяқтарында кісен бар еді. Әйел
бұл туралы Хасан Басриге айтып бергенде, ол қатты қайғырады. Бірнеше уақыттан
кейін Хасан Басри түсінде баяғы қызды пейіште басына тәж киіп алып жүргенін көреді.
Қыз оған: «Мені таныдыңыз ба? Мені түсінде көргісі келген әйелдің қызымын», – дейді.
Хасан Басри: «Сен қалайша мынадай болып қалдың?» – дегенде, қыз: «Бір кісі біздің
мазардың жанынан өтіп бара жатып, Алла Елшісіне (с.а.с.) бір мәрте салауат айтты.
Мазарда азап тартып жатқан бес жүз елу марқұм бар еді. Сол салауаттан кейін «Бұл
марқұмдардың азабы сол кісі айтқан салауаттың құрметіне тоқтасын» деген бұйрық
естілді!» – деп жауап береді.
Бір кісінің бір мәрте айтқан салауаты бес жүз елу кісінің азабын тоқтатып жатқан
болса, елу жылдық өмірі бойынша салауат айтқан пенде қиямет күні
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) шапағатына ие болмай ма?!
18
Алла Тағала Құран Кәрімде былай деп айтады: «Алланы ұмытқан, Алла да оларға