Имам ғазали жүректің сырлары


ішінен арнайы топтар бөлінген (яғни, олардың ішінен қай топтың қай қақпадан



Pdf көрінісі
бет15/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   193
Жүректің сырлары T.a

ішінен арнайы топтар бөлінген (яғни, олардың ішінен қай топтың қай қақпадан 
кіретіні белгілі)»
37
 
деп айтылады. 
37
 
«Хижр» сүресі, 44. 
Бұл есіктер қарғыс пен темірден қапталған. Дуалдарының ішкі беті жез, сыртқы беті 
қорғасынмен қапталған. Астында азап, үстінде аяусыз жаза бар. Оның асты темір, 
әйнек және жезден. Тозақылар үстінен, астынан, оңынан және сол жағынан отқа 
оранған. Тозақ қабат-қабат. Мұнафықтар үшін тозақтың ең астыңғы қабаты 
дайындалған. 
Риуаяттар бойынша, тозақ төмендегіше баяндалады: «Алла Тағала тозақты 
жаратқанда оны мың жыл жандырып жақты және ол қып-қызыл болды. Содан соң тағы 
мың жыл жаққанда ағарды. Содан соң әбден қарайғанға шейін тағы мың жыл жақты». 
Жәбірейіл (а.с.) Пайғамбарымызға (с.а.с.) тозақты төмендегіше суреттеп берген: 
«Уа, Мұхаммед, сені пайғамбар қылып жіберген Аллаға ант ішейін, егер тозақылардың 
киімдерінен біреуі жер жүзіне шығып қалса, бүкіл адамзат өледі. Тозақтың суынан бір 
кесе су жер жүзінің суларына қосылса, одан ішкен жан өледі. Егерде Алланың: «Содан 
соң ұзындығы жетпіс аршын шынжырмен матаңдар да, сол күйінде жаһаннамға 
тастаңдар!»
38
 
деп айтқан аятындағы шынжырлардың кішкентай бөлігі бұл дүние 
тауларының біреуінің үстіне түссе, тауды ерітіп жібереді. Егер бір кісі тозаққа кіргізіліп, 
қайта бұл дүниеге шығарылса, оның улы иісінен бүтіндей адамзат өліп қалады». 
38
 
«Хаққа» сүресі, 32. 
Алланы және оның ұлылығын білген кісі одан қатты қорқады және ақыретте азапқа 
душар болып қалмас үшін нәпсісін алдын-ала тәрбиелеп барады. Жасаған 
күнәларының беті ашылып, Алланың алдында жауапқа тартылып, тозаққа 
жөнелтілуден бұрын өз жүріс-тұрысын жөнге салады. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Жәбірейіл (а.с.) періштеге былай дейді: «Уа, Жәбірейіл! 
Маған тозақ есіктерінің қалай екенін айт, оның есіктері де біздің есіктеріміздей ме?» 
Жәбірейіл (а.с.): «Жоқ! Оның есіктері бір-біріне қабаттасып тұрады. Бір есіктен 
кейінгісіне шейін жетпіс жылдық қашықтық бар. Әр екі есіктің ортасындағы ыстықтық 
бұрынғысынан жетпіс есе жоғары», – деп жауап береді. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл есіктерден кімдер кіретінін сұрағанда, Жәбірейіл (а.с.) 
былай деп жауап береді: «Хауия деп аталған ең астыңғы есігінен мұнафықтар кіреді. 
Алла Тағала Құран Кәрімде былай деп айтады: «Шүбәсіз, екіжүзділер тозақтың ең 
төменгі қабатында». Екінші есік – Жахим. Одан мүшріктер кіреді. Үшінші есігі – Сақар. 
Бұл есіктен жұлдызға сиынғандар кіреді. Төртінші есік – Лаза. Одан Ібіліс және оған 
ерген барлық отқатабынушылар кіріседі. Бесіншісі – Хутама. Одан яһудилер кіреді. 
Алтыншы есік – Саир. Бұл есіктен христиандар кіреді». 


20 
Сол сөзді айтқаннан кейін Жәбірейіл (а.с.) үндемей қалады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) 
жетінші есіктен кімдер кіретінін не үшін айтпағанын сұрағанда, Жәбірейіл (а.с.): «Ол – 
үмбетіңнен үлкен күнә жасап, тәубе келтірмей өлгендер кіретін есік», – деп жауап 
қайтарады. 
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет