25
Ләйланың Мәжнүнінен «Атың кім?» –
деп сұраса, «Ләйла», – дейді. Тағы бір күні
Мәжнүнге: «Ләйла өлді», – десе: «Жоқ. Ол менің жүрегімде. Ол өлмейді. Себебі мен
Ләйламын», – деп айтады.
Бір күні Мәжнүн Ләйланың үйінің жанында тұрып көкке қарай берді. Оны көргендер:
«Ей, Мәжнүн, аспанға қарамай Ләйланың үйіне қарасаңшы. Бәлкім, оны сол жерден
көріп қаларсың», – деп айтты. Сонда ол: «Мен Ләйланың үйіне сәулесі түскен
жұлдызды көрсем де разымын», – деп жауап қайтарды.
Риуаяттарға қарағанда, Халлаж Мансурды он бес күн абақтыға қамады. Имам Шибли
оған келіп:
– Мансур, ғашықтық деген не? – деп сұрады. Мансур:
– Бүгін емес ертең сұра, – деді. Ертесі күні оны абақтыдан шығарып, дардың жанына
алып келді. Сол сәтте Имам Шиблиді көріп:
– Шибли, ғашықтықтың басы – күйіп-жану, аяғы – өлім, – деді.
Шынайы сүюдің үш қасиеті бар:
1. Сүйгенінің сөздерін басқа барлық сөздерден артық көру;
2. Сүйгенімен бірге болуын басқалармен бірге болудан артық көру;
3. Сүйгенінің разылығын басқалардың разылығынан артық көру.
Бір кісі Евфрат дариясына жуынып жатып біреудің: «
Әй, күнәға белшесінен батқан
Достарыңызбен бөлісу: