(Уа, адамдар!) Сендерден жаһаннамның басына бармай қалатын (соқпай
кететін) ешкім болмайды. Бұл Раббыңның (мөрі басылған) кесімді үкімі»
39
деген
аят түскенде, Пайғамбарымыз (с.а.с.) қатты қорқып, үмбетінің сұрағының ауырлығын
ойлап жылайды.
39
«Мариям» сүресі, 71.
Жаратқан Иесін таныған және оның азабын білген кісі одан шындап қорқады және
бұл ауыр сәтті көрмей тұрып жылайды. Бұл қорқынышты тозаққа кірмеу үшін Аллаға
жалбарынады. Қаншама қартайған кісілер бар. Олар: «Әттең, менің жас шағым!» – деп
қайғырады. Тағы қаншама жастар: «Қайран менің жастығым!» – деп жүрегі сыздайды.
Қаншама әйелдер де жасаған күнәларына жылайды. Ол жайда бәрінің денесі қап-қара
болып, белдері бүгіліп қалады. Ол жайда ұлыларға құрмет, кішілерге рақым болмайды.
Әйелдер тырдай жалаңаш қалады.
Уа, рақымдылығымен кешіруші ұлы Алла! Бізді тозақ отынан, тозақтың азабынан
және тозаққа жақындатушы әрқандай істерден сақта! Бізді жақсы пенделеріңмен
пейішіңе кіргізе көр! Уа, мейірімділердің Мейірімдісі! Кемшіліктерімізді жасырып,
басшыларымызды сенімді қыла көр! Жаза басқаннан кейін қайтадан түзелуімізді нәсіп
қыл және бізді алдыңа барғанда ұялта көрме! Пайғамбарымызға (с.а.с.) және оның
жақындарына, сахабаларына сәлем және салауаттар жолдаймыз.
Тәубе
Барлық мұсылман еркек пен әйел тәубе келтіруге тиіс. Алла Тағала Құран Кәрімде
былай дейді: «Уа, иман келтіргендер! Шынайы түрде тәубе етіп, Аллаға бет
бұрыңдар!»
40
40
«Тахрим» сүресі, 8.
Басқа бір аятта: «Алланы ұмытқан, Алла да оларға өз-өздерін ұмыттырған
бейбақтар секілді болмаңдар. Хақ жолдан тайған күнәһарлар, міне, солар»
41
деп
айтылады.
41
«Хашыр» сүресі, 19.
Аяттағы «Алланы ұмытты» деген сөз Алла Тағалаға берген уәделерінен тайып, оның
бұйрықтарына мойынсұнудан бас тартты деген мағынаны білдіреді. «Алла да оларға
өздеріне ұмыттырды» деген сөз болса, жаман нәрселерден бас тартуды, жақсы істерді
жасауды Алла оларға ұмыттырып қойды деген мағынаға келеді.
Айша анамыздың (р.а.) айтуына қарағанда Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген:
«
Алламен жолығуды қалаған кісімен Алла да жолыққысы келеді. Онымен жолығуды
қаламаған кісімен Ол да жолығуды қаламайды».
42
42
Мүслим, Зікір 14-17.
Аяттың аяғындағы «күнәһарлар, міне, солар» деген сөзбен Алла Тағалаға қарсы
шығып, өз ақыреттерін құрдымға ұшыратқандарды, Өзінің тура жолынан шығып
кеткендерді айтып жатыр.
Негізінен, дене құмармен байланысты күнәлардың кешірілуінен үміт етуге болады.
Бірақ түбінде тәкаппарлық пен ширк болған күнәлардың кешірілуін күту қиын. Себебі
21
Ібілістің қарсы шығуының түбінде тәкаппарлық және менмендік жатыр. Міне, сондықтан
өлім келмей тұрып күнәлардан бас тартып, тәубе келтіру керек. Себебі Алла Тағала
былай дейді: « Ол құлдарының шынайы тәубесін қабыл алады және
Достарыңызбен бөлісу: |