22
Қиямет күні оның азабы еселене түседі және ол сол азаптың құрсауында мәңгі-
бақи қор болып қала береді.
Ал кімде-кім өкініш білдіріп, тәубеге келсе әрі иман келтіріп, (өзін һәм қауымды
түзетуге бағытталған) игі істер істесе, оның жөні бөлек. Алла ондай жандардың
жамандықтарын жақсылыққа (күнәларын сауапқа) айналдырады. Алла өте
кешірімді, (әсіресе, тәубе етіп, Өзіне біржола бет бұрған құлдарына) ерекше
мейірімді»
47
деген аятты естіген жоқ па едің?»
47
«Фурқан» сүресі, 68-70.
Сонда жаңылыс үкім шығарғанымды түсіндім. Алла Елшісінің (с.а.с.) жанынан
шығып: «Менен үкім сұраған әйелді кім тауып береді?!» – деп айқайладым. Жас
балалар «Әбу Һурайра ақылынан адасып қалыпты!» – деп сыбырласа бастады. Мен
оларға қарамай жүгіріп жүріп
баяғы әйелді тауып, мәселені түсіндірдім. Ол
қуанғанынан айқайлап жіберді. Сосын: «Менің бір бақшам бар. Оны Алла және Оның
Елшісі үшін садақа қылдым», – деді.
Хикая
Күнәһарлығымен ел-жұртқа әбден танылған бір кісі Хасан Басридің сабағына келді.
Сол сәтте Хасан Басри елге: «
Иман келтіргендердің жүректері Алланың ұлы
жолдауының (Құранның) һәм өздеріне түскен басқа да ақиқаттардың алдында
тағзым етіп діріл қағатын һәм жұмсаратын (сөйтіп, Аллаға қалтқысыз
мойынсұнатын) уақыт келмеді ме?»
48
деген аятты оқып беріп жатқан. Аятты
оқығаннан кейін өте жақсы түсіндіріп берді. Жамағат жылап тыңдады. Кенет бір жас
жігіт орнынан тұрып:
48
«Хадид» сүресі, 16.
– Уа, мүминдердің ең тақуасы, Алла мен сияқты күнәһарлардың да күнәларын кешіре
ме? – деп сұрады. Хасан Басри:
– Алла Тағала сенің күнәлар үшін жасаған тәубеңді қабыл алады, – деп жауап берді.
Бұл сұрақ-жауапты естіген әлгі күнәһар кісінің өңі қуарып барып, бір айқайлап алып
естен танып жығылды.
Сонда қайта өзіне келіп Хасан Басриден:
– Ұстаз, ұлы Алла маған ұқсаған күнәһар пенденің де тәубесін қабыл ала ма? – деп
сұрады. Хасан Басри оған:
– Күнәһар пенденің тәубесін кешірімді Алладан басқа кім қабыл алады?! – деді.
Сонда жігіт алақан жайып төмендегідей дұға қылды: «Уа, Жаратқан Алла! Тәубемді
қабыл алып, күнәларымды кешірген болсаң, мені ойлы және зейінді пенде қыла көр!
Құраннан және ілімнен не естісем есіме сақтап қалайын. Я, Алла! Маған өте әдемі үн
нәсіп қыла көр, сенің Құраныңды оқығанда естіген кісінің жүрегі қаншалық қатты болса
да жұмсарып, иманға келсін. Я, Алла! Маған адал және еш күтпеген жерден ризық бере
көр».
Алла Тағала бұл пенденің қылған дұғасының бәрін қабыл алды. Оның зейінін күшті
қылды. Ол Құран оқығанда, естіген кісінің бәрі тәубе келтіріп, үйіне әр күні бір табақ
сорпа мен екі нан келіп тұрды. Бұлардың қайдан келгенін де ешкім білген емес. Бұл
көрініс ол пенденің өліміне шейін жалғасты. Бұл –
Алла Тағаланың шындап тәубе
келтірген пенделеріне берген несібесі еді. Өйткені Құдай деген құр қалмайды емес пе?!
Бір ғалым «Пенде тәубе келтіргенде тәубесінің қабыл алынып, алынбағанын біле ала
ма?» деген сұраққа: «Бұл туралы анық айтылған үкім жоқ. Бірақ оның белгілері бар.
Олар: пенде күнәлардан аулақ жүреді, жүрегінде қуаныш азайып, әлемнен Алла
Тағаланың
құдіретін сезеді, жақсы кісілерге жақындап, күнәһарлардан аулақтайды.
Дүние байлығының азын көп, ақыретке байланысты істердің көбін аз көре бастайды.
23
Көңілі әрдайым Алла Тағала парыз қылған нәрселермен әлек болады,
тілін тыяды,
әрдайым ойлы жүріп, жасаған күнәларына өкінеді», – деп жауап берген.
Сүю
Бір кісі шөлде бара жатып өңі-түсі ұсқынсыз біреуді көріп, одан: «Сен кімсің?» – деп
сұрады. Ол: «Мен сенің жаман істеріңмін», – деді. Әлгі адам: «Сенен қайтіп құтылуға
болады?» – деп сұрады, түрі суық неме: «Пайғамбарға салауат, сәлем айтумен
құтылсаң болады», – деп жауап берді.
Бұл туралы Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Маған салауат айту – Сырат көпірінде
нұр болып келеді. Кімде-кім жұма күні сексен мәрте маған салауат айтса, Алла
Тағала оның сексен жылдық күнәларын кешіреді», – деген.
Бір хикаяда былай деп айтылады: Пайғамбарымызға (с.а.с.) салауат айтпай жүрген
бір немқұрайды кісі түсінде Алла Елшісін (с.а.с.) көрді. Бірақ Адамзаттың Асыл Тәжі
(с.а.с.) оған мүлдем қарамай қояды. Нәтижеде ол Пайғамбарымызға (с.а.с.)
жалбарынып:
– Уа, Алланың Елшісі, сен маған наразысың ба? – дейді.
– Жоқ, – деп жауап береді Пайғамбарымыз.
– Онда неге маған қарамай жатырсың?
– Өйткені мен сені танымаймын.
– Мені қайтіп танымайсың? Мен сенің үмбетіңненмін ғой. «Пайғамбарымыз үмбетін
ата-ана баласын танығаннан да жақсырақ таниды» деп ғалымдар айтты ғой.
– Турасын айтыпты. Бірақ сен маған салауат айтпайсың. Менің үмбетімді тануым
маған айтқан салауаттарына қарай болады.
Содан бастап әлгі кісі күніне жүз мәртеден салауат айтуға өзіне-өзі уәде берді және
бұл уәдесін орындайды. Бірнеше күннен кейін түсінде Алла Елшісін (с.а.с.) көрді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған:
– Енді сені танып жатырмын және саған шапағат етемін, – деп сүйіншіледі. Себебі ол
кісі Алла Елшісін сүйе бастаған еді.
«Әли Имран» сүресінің 31-аятының түсу себебі төмендегіше:
Алла Елшісі (с.а.с.) Кәғб ибн Ашраф пен оның достарын Исламға шақырғанда, олар:
«Біз Алланың ұлдарындаймыз және біз Алланы көбірек сүйеміз», – деді. Сонда Алла
Тағала Өз пайғамбарына: «
(Уа, Мұхаммед! Адамдарға): «Егер Алланы (шынымен)
Достарыңызбен бөлісу: