Имам ғазали жүректің сырлары


Раббыңның құзырында тақуалардың еншісінде»



Pdf көрінісі
бет3/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   193
Жүректің сырлары T.a

Раббыңның құзырында тақуалардың еншісінде»
5
 
деп айтқан пенделерінен 
болады. Тағы басқа бір аяттарда тақуалар туралы былай деп айтылады: 
5
 
«Зухруф» сүресі, 35 
«Аллаға лайықты түрде тағзым етіп, Оған асылық жасаудан сақтанған тақуа 
жандар жұмақ бақшаларында, бастаулардың басында болады»;
6
 
6
 
«Хижр» сүресі, 45 
«Тақуа жандар болса, жаннат бақшаларында сан алуан нығметтерге 
бөленуде»;
7
 
7
 
«Тұр» сүресі, 17 
«Аллаға лайықты түрде тағзым ететін, Оның алдында асылық етуден барынша 
сақтанатын тақуа жандар болса, (азап атаулыдан ада) қауіпсіз жерде болады».
8
 
8
 
«Духан» сүресі, 51 
Жоғарыдағы аяттарда Алла Тағала тақуа мүминдердің қиямет күніндегі азаптан 
құтылатынын білдірген. Мүмин пенденің Алладан қорқумен бірге оның мейірімінен үміт 
үзбеуі керек. Алла Тағала былай дейді: «(Уа, Мұхаммед! Оларға Менің мына сөзімді 
жеткіз): «Уа, күнәға батып, өз-өздеріне жамандық жасауда шектен шыққан һәм 
өздеріне берілген түрлі нығметтер, сезімдер мен қабілеттерді орынды 
пайдаланбай зая қылған құлдарым! Алланың рақымынан үміттеріңді үзбеңдер! 
Өйткені Алла барлық күнәларды кешіреді. Шүбәсіз, Ол – Ғафур (құлдарының 
күнәлары қаншалықты ауыр болса да, тәубелеріне келген жағдайда өте 
кешірімді), Рахим (ерекше мейірімді)!»
9
 
9
 
«Зумәр» сүресі, 53 
Хикая 
Әзірет Дәуіт пайғамбар (а.с.) Забур оқып отырған еді. Бір уақытта жерде жорғалап 
бара жатқан қызыл құртты көріп, өзінше: «Алла Тағала бұл құртты қандай мақсатта 
жаратты екен?» – деп ойлайды. Алланың бұйрығымен құртқа тіл бітіп, Дәуіт 
пайғамбарға: «Уа, Алланың пайғамбары! Алла Тағала күн сайын мың рет 
«Субханаллаһи уәлхамду лиллаһи уә лә илаһа иллаллаһу уаллаһу әкбар», кешке мың 
рет «Алланың Умми (оқу-жазуды білмеген) Пайғамбарына, оның сахабаларына және 
үрім-бұтағына салауат, сәлемдер болсын», – деп айтуды илхам қылды. Сен зікір 



қылғанда нелерді айтасың, маған да айтсаң, пайдаланайын», – дейді. 
Дәуіт (а.с.) қызыл құртты қадірсіз көргеніне пұшайман болып, Аллаға тәубе жасады. 
Мүмин пенде Алладан үміт үзбейді, ғибадаттарын толық орындайды, жаман істерден 
бас тартады және жағымсыз әдеттерін тастайды. Алланың досы Ибраһим 
пайғамбар (а.с.)жіберген қателіктерін еске алғанда есеңгіреп, жүрегі дүрсілдеп қатты 
қорқады 
екен. 
Алла 
Тағала 
оған 
Жәбірейіл 
періштені 
жібереді. 
Жәбірейіл (а.с.) Ибраһим пайғамбарға келіп: 
– Алла саған сәлем жолдады және «Досынан қорыққан да дос бола ма?» – деп 
жатыр», – дейді. Әзірет Ибраһим оған: 
– Уа, Жәбірейіл, жіберген қателіктерім еске түсіп, олардың жазасын ойлағанымда 
достықты да ұмытам, – деп жауап қайтарады. 
Пайғамбарлар, әулиелер және тақуа адамдар сондай еді. Сен де ойлан! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет