Имам ғазали жүректің сырлары



Pdf көрінісі
бет4/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   193
Жүректің сырлары T.a

Алладан қорқу туралы
 
Имам Әбу Ләйс айтады: 
«Аспанның жетінші қабатында Алла жаратқан, Оған сәжде жасаушы періштелер бар. 
Алладан қорыққандықтан олардың жүрегі дірілдеп тұрады. Қиямет күні бастарын 
сәждеден көтеріп: «Уа, барлық кемшіліктерден таза болған Алла! Саған лайықты 
құлшылық жасай алмадық», – дейді. Алланың төмендегі аяты соған ишарат 
етеді: «Олар өздерінің жалғыз иелері – Раббыларынан шынайы түрде қорқады 
әрі өздеріне бұйырылғанды бұлжытпай орындайды».
10
 
10
 
«Нахл» сүресі, 50 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мынадай хадисі бар: «Пенденің денесі Алладан қорқып 
тітірегенде, күнәлар ағаштан түскен жапырақтай төгіледі».
11
 
11
 
Байхақи, 1/491; Хаким, Ән-Науадир, 1/395 
Хикая 
Бір кісінің бір әйелге көзі түседі. Күндердің бірінде ол әйел сауда-саттық үшін 
керуенге қосылып жолға шығады. Әлгі кісі де керуенге қосылып оның артынан жүреді. 
Күн кеш болып, керуен бір жерге тоқтайды. Әлгі кісі әйелдің жанына келіп, оған өзінің 
мақсатын айтады. Әйел: «Барып қарап келші, елдің бәрі ұйықтап жатыр ма?» – дейді. 
Айтқанын қабыл алды деп ойлаған кісі қуанғанынан аяғы-аяғына тимей бүкіл керуенді 
айналып шыққан соң: «Бәрі ұйықтап жатыр!» – деп жетіп келеді. Сонда әйел: «Ал Алла 
ше? Ол да ұйықтап жатыр ма?» – деп сұрайды. Бұл қиын сұраққа: «Жоқ, Алла ешқашан 
ұйықтамайды, көз ілмейді де», – деп жауап беруге мәжбүр болған еркекке әлгі әйел: 
«Олай болса, кісілер көрмесе де, ұйықтамаған және көз ілмеген Алла бізді көріп тұр. 
Бәрінен бұрын одан қорқып, ұял», – дейді. Сол сөздерден кейін әлгі кісінің көкірегін 
қорқыныш қаптайды. Ол Алладан қорқып, керуеннен бөлініп, тәубе жасап, үйіне 
қайтады. 
Тағы бір хикаяда мынадай оқиға баяндалады: 
Көне заманда Алла жолында жүрген бір әйел болған екен. Бір күні оның басына 
қиыншылық түсіп, балалары аш қалады. Сонда ол: «Барып, өзек жалғарға бір нәрсе 
тауып әкелейін», – деп бір саудагерге бармақшы болады. 
Әйел әлгі саудагердің үйіне барып, бала-шағасы үшін жеуге бір нәрсе сұрайды. Бірақ 
саудагер жәрдем берудің орнына жаман ниетін білдіреді. Әйел одан бас тартып, еш 
нәрсе алмай үйіне қайтады. Бірақ балалары аштыққа шыдай алмай шырылдай 



бастағанда, әйел баяғы саудагерге қайта барып, оның шартына көнгенін айтады. 
Саудагер әйелге жақындағанда байғұстың денесі қатты дірілдеп жатқанын байқап: 
– Не мұнша дірілдеп жатсың? – деп сұрайды саудагер. 
– Алладан қорқып жатырмын, – деп жауап береді әйел. 
Сонда саудагер: 
– Сен мәжбүр болып тұрып Алладан осындай қорқып жатырсың. Шынында, Алладан 
менің қорқуым керек емес пе? – деп жаман ниетінен бас тартып, әйелге мұқтаж болған 
нәрселерін беріп жібереді. Өз үйіне көп азық-түлікпен келген әйел балаларын 
қуантады. 
Алла Тағала Мұса (а.с.) пайғамбарға уахи жіберіп: «Пәленшеұлы Түгеншенің барлық 
күнәларын кешірдім», – деп білдіреді. 
Мұса пайғамбар баяғы саудагерді тауып, оған: «Сен Алла Тағалаға ғана мәлім бір іс 
жасапсың», – дегенде, саудагер болған оқиғаны Мұсаға (а.с.) айтып береді. Мұса 
пайғамбар: «Міне, сол себептен Алла Тағала өткен барлық күнәларыңды кешірді», – 
деп саудагерге сүйінішті хабар береді. 
Пайғамбарымыздан (с.а.с.) риуаят етілген бір хадистің мазмұны төмендегіше: «Алла 
Тағала былай дейді: «Мен пендемді екі қорқынышта және екі қауіпсіздікте бірдей 
қалдырмаймын. Кім бұл дүниеде Менен қорықса, оны ақыретте қауіпсіз қылам. Егер 
бұл дүниеде Менен қорықпаса, қияметте оған қорқыныш жаратам». 
Бір аятта былай деп айтылады: «...адамдардан қорықпаңдар, Менен ғана 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет