Имам ғазали жүректің сырлары


қорқыңдар». 12   Басқа бір аятта: «...Егер шынайы мүмін болсаңдар, олардан



Pdf көрінісі
бет5/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   193
Жүректің сырлары T.a

қорқыңдар».
12
 
Басқа бір аятта: «...Егер шынайы мүмін болсаңдар, олардан 
қорықпаңдар, Менен ғана қорқыңдар»
13
 
деп айтылады. 
12
 
«Мәида» сүресі, 44 
13
 
«Әли Имран» сүресі, 175 
Әзірет Омар (р.а.) Құран аяттарын ойлағанда, естен танып қалды. Бір күні ол бір тал 
сабанды ұстап тұрып: «Мен де осы шөптей не одан да өткен мағынасыз бір нәрсе 
болғанымда ғой! Әттең-ай, анам мені бұл дүниеге алып келмей-ақ қойсашы!» – деп 
көзінен жасы салалап жылаған екен. Оның жүзінде көзінен аққан жастан пайда болған 
қос сызық бар еді дейді. 
Әбу Һурайра (р.а.) баяндайды. Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Сауылған сүт қайта 
желінге кірмегендей, Алладан қорқып, көз жасын төккен кісінің де тозаққа кіруі мүмкін 
емес. Осылайша, Алла жолында жүргенде көтерілген шаң мен тозақтың түтіні еш 
уақытта бірікпейді».
14
 
14
 
Тирмизи, Фадаилул-жиһад 8; Зуһд 9 
«Рақаиқул-ахбар» деген кітапта былай деп айтылады: «Қиямет күні бір кісіні алып 
келеді. Сауап-күнәлары таразыға тартылғанда, оның күнәлары ауыр басады. Міне, 
осыған сай жаза беру үкімі шыққанда, әлгі пенденің кірпігінің бір талына тіл бітіп: «Уа, 
Жаратқан Алла! Сенің Елшің Мұхаммед (с.а.с.): «Кім Алла Тағаладан қорқып жыласа, 
Алла ол көзді тозақ отына арам қылады», – деп айтқан еді. Мен дүниеде сенен қорқып 
жылаған едім...» – дейді. Сонда Алла Тағала ол кісіні кешіреді және оны сол кірпіктің 
құрметіне тозақтан құтқарады. Жәбірейіл (а.с.): «Пәленше кісі Алладан қорқып 
жылаған бір тал кірпігінің құрметіне жазадан құтылды», – деп жар салады. 
«Бидаятул-һидая» (Тура жолдың басы) деген еңбекте былай деп айтылады: «Қиямет 
күні адамдар тозаққа жақын әкелінгенде оның өте қатты күркіреген дауысын естиді. 
Бұл дауыс бес жүз жылдық қашықтықтан естіледі. Сонда пайғамбарлар бастаған 
жалпы адамзат өз бастарының қайғысын ойлап: «Мен қайтер екенмін? Менің соңым 
қалай болады?» – деп сілейіп қалады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) ғана «Үмбетім не 
болады?» – деп Аллаға жалбара бастайды. 



Сол кезде тозақтан таудай үлкен от шығады. Мұхаммедтің үмбеті оны кері қайтару 
үшін дұға қылып, былай дейді: «Уа, от, намаз оқығандардың, ақиқаттан 
адаспағандардың, Алладан қорыққандардың және ораза ұстағандардың құрметі үшін 
кері қайт». Бірақ таудай от кері қайтпайды. 
Сол кезде Жәбірейілдің (а.с.) «От Мұхаммедтің үмбетіне бағыт алды» дегені естіледі. 
Содан соң Жәбірейіл (а.с.) су алып келіп: «Уа, Мұхаммед! Мұны отқа шаш», – дейді. 
Алла Елшісі (с.а.с.) оны шашқанда, от өшеді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бұл 
қандай су?» – деп сұрағанда, Жәбірейіл (а.с.): «Бұл – сенің үмбетіңнің күнәһарларының 
тәубе жасап жылағандағы көз жасы. Алла бұл суды отты өшіру үшін саған беруді 
бұйырды», – деп жауап береді. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) төмендегідей дұға етті: «Уа, Жаратқан Алла! Маған жас 
шықпай қалардан бұрын Сенен қорқып жылаған екі көз бере көр!»
15
 
15
 
Абдулла ибн Мүбәрак, Аз-зуһд уар-Рақаиқ, 165; Әбу Нуаймин, Хилия, 2/196 
Төмендегі екі жол өлеңде күнәлар үшін жылаудың қаншалық маңызды екендігін 
көрсетеді: 
«Күнәм үшін жас төкші, көздерім! 
Өмір өтті, бірақ оны сезбедім». 
Алла Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Көздерінен шіркейдің жасындай жас ағып, жағынан 
төмен төгілген мүминге тозақ оты тимейді».
16
 
16
 
Ибн Мажа, 4197 
Хикая 
Абдулла ибн Мунзир
17
 
жылаған кезде, жүзі мен сақалын көз жасы жуып кетуші еді. Ол 
сонда былай деп айтты:«Естігеніме қарағанда көз жасы тиген жерге тозақ оты 
тимейді». 
17
 
Андалустық (Испания) амауилерден. 886-888 жылдарда халифалық қызметті орындаған. 
Жоғарыда айтылғандар бойынша, шынайы мұсылман пенде Алладан, оның беретін 
азабынан және нәпсісінің құмарынан сақтану керек. Сондықтан Алла Тағала былай 
дейді: «Міне, сонда, кімде-кім азғындап, шектен шыққан, әрі дүниенің қу тіршілігін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет