Имам ғазали жүректің сырлары


мейірімді Раббыдан ыстық сәлем алады



Pdf көрінісі
бет7/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   193
Жүректің сырлары T.a

мейірімді Раббыдан ыстық сәлем алады»
20
деген аяттар да осыған ишарат етеді. 
19
 
«Байина» сүресі, 8 
20
 
«Иәсин» сүресі, 58 
 
 
Сабырлылық және ауру-сырқау 
Кім Алла Тағаланың азабына душар болмауды және мейіріміне жетіп, пейішіне кіруді 
қаласа, нәпсісін дүние қызықшылығынан тыйсын және қиыншылықтарына, кесел-
кесапаттарына шыдап, сабыр қылсын! Алла Тағала былай дейді: «Алла 
сабырлыларды сүйеді».
21
 
21
 
«Әли Имран» сүресі, 146. 
Сабырдың бірнеше түрі бар: 
1. Аллаға құлшылықта сабырлы болу. 
2. Алла Тағала арам қылған нәрселерден сақтануда сабырлы болу. 
3. Кесел-кесапатқа, қиыншылыққа тап болғанда, әсіресе, кесел-кесапаттың алғашқы 
сәттерінде сабырлы болу. 
Кім Аллаға мойынсұнуда сабырлы болса, Алла оған пейіште әрбірі жер мен көктің 
арасындай болған үш жүз дәреже береді. 
Кім сабырлылық қылып, Алла арам қылған нәрселерден өзін тыя алса, қиямет күні 
оған алты жүз дәреже беріледі. 
Кім бұл дүниенің қиыншылықтарына, бәлелеріне шыдап, Алла Тағала белгілеген 
әдеп-ахлақ негіздеріне көңіл бөлсе, пейіште оған жеті жүз дәреже беріледі. Әрбір 
дәреженің ортасы жер мен Арштың ортасындай болады. 
Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегені риуаят етіледі: «Алла Тағала былай деп айтады: 
Егер бір пендем басына бәле келгенде маған сиынса, тілек тілесе, оған берем. Дұға 
қылса, дұғасын қабыл алам. Егер бір пендемнің басына бәле келгенде маған емес, 
Мен жаратқан біреуге не бір нәрсеге сиынып, одан жәрдем сұраса, ол пендеме 
аспанның барлық есіктерін жауыптастаймын»
22

22
 
Ихияу улумид дин, IV, 72; ибн Кәсир, Қисасул әнбия, 481. 
Ақыл-есті кісі бәле-кесапаттарға сабыр қылып, елге шағымданбауы керек. Өйткені 
сол нәрсе оны бұл дүние мен ақырет азабынан құтқарады. Ең ауыр кесел-кесапаттар 
мен сынақтар Алла Тағаланың пайғамбарларының және әулие пенделерінің басына 
келеді. 
Жунайд Бағдади былай дейді: «Кесел-кесапат – данышпандарға шам шырақ, Алла 
жолындағыларға ескерту, мүминдерге тура жол, ақыреттен бейхабар жүргендерге өлім 
хабарын беруші. Мүмин пенденің басына бәле келсе, иманы артады, тағдырына 
наразы болмай сабыр қылады». 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) былай деп айтқаны риуаят етілген: «Кім бір түн бойы 
ауырып, оған сабыр қылса және Алла Тағаладан разы болса, күнәларынан анасы 
туған күндегідей тап-таза болып арылады. Демек, ауырғандарыңда денсаулықты 
аңсай бермеңдер». 
Даххак былай дейді: «Кімнің басына қырық түнде бір рет болса да бәле, кесел-
кесапат не қайғы түспесе, Алланың алдында ол кісінің ешбір жақсылығы жоқ». 


11 
Муаз ибн Жабалдың (р.а.) былай деп айтқаны риуаят етіледі: «Алланың бір мүмин 
пендесі бәлеге тап болғанда Алла Тағала оның күнәларын жазушы періштеге: 
«Қаламыңды оның дәптерінен ал!» – деп, сосын оң жақтағы сауап жазушы періштеге: 
«Бұл пендем жасаған істерінің ең жақсысын жаз!» – деп бұйырады». 
Пайғамбарымыздан (с.а.с.) риуаят етілген басқа бір хадисте былай деп айтылады: 
«Бір пенде ауырып қалғанда Алла Тағала оған екі періште жіберіп, оларға: «Пендемнің 
не қылып жатқанын қараңдар», – дейді. Егер ол пенде «Әлхамду лиллаһ (Аллаға 
шүкір!)» десе, бұл сөзі Аллаға жеткізіледі. Әлбетте, Алла – барлық нәрсені ең жақсы 
біліп тұрушы. Алла Тағала сол пендесі туралы былай дейді: «Егер пендемнің жанын 
алсам, оны пейішке кіргізем, егер шипа берсем, оның етін жақсырақ етке, қанын 
жақсырақ қанға алмастыруым және оның күнәларын жасыруым – ол пендемнің менің 
мойнымдағы ақысы»
23

23
 
Имам Малик, Мууатта, 1750; Имам Ғазали, Ихияу улумид дин, 2/209 
Хикая 
Исраилұлдарының арасында адамдық қасиеті төмен біреу бар еді. Ол күнә жасаудан 
бас тарта алмайтын. Халық оны бұзақылығынан тыйғанмен, оны күнәдан арылтуға 
әлсіз болған. Сонда олар Алла Тағалаға дұға қылып, өздерін бұл бәледен құтқаруды 
сұранады. 
Алла Тағала Мұса (а.с.) пайғамбарға уахи жіберіп: «Уа, Мұса! Исраилұлдарының 
арасында бір бұзық жігіт бар, оны бұл жерден қуып жібер! Оның кесірінен сол жердің 
елі азапқа душар болмасын», – дейді. Мұса (а.с.) жігітті ол жерден шығарып, басқа бір 
ауылға жайғастырады. Алла Тағала Мұса пайғамбарға уахи қылып, ол жігіттің бұл 
ауылдан да шығарылуын бұйырады. Екінші мәрте қуылған жігіт үңгірге барып өмір 
сүруге мәжбүр болады. Ол көп өтпей ауырып, жер құшақтап жатып қалады. Жанында 
қарайласар ешкімі жоқ, топырақ жастанып жатып: «Егер анам жанымда болса, маған 
мейірімін төгіп, осы дертіме жылаушы еді. Әкем жанымда болғанда, маған жәрдем 
беріп қарайласушы еді. Жұбайым жанымда болса, менен айырылып жатқанына 
қайғырып жылаушы еді. Егер балаларым жанымда болса, артымнан жылап: «Уа, 
Жаратқан Алла! Өз жерінен басқа бір ауылға, ол ауылдан бір үңгірге қуылып, сол 
жерден ақыретке көшкен күнәһар, бейшара әкемізді кешіре көр!» деп дұға қылушы 
еді», – деп іштей айтады. Содан соң Алла Тағалаға жалбарынып: «Уа, Алла Тағалам! 
Менің үмітімді және байланысымды ата-анамнан және жұбайымнан үздің. Жоқ 
дегенде, мені Өз мейіріміңнен құр қалдырма! Олардан ажыратумен жүрегімді өртедің, 
енді күнәларым себепті денемді отқа жаға көрме», – деп дұға қылады. 
Сонда Алла Тағала ол жігіттің анасының, әйелінің бейнесіндегі хор қыздарын, 
балаларының және әкесінің бейнесіндегі періштелерді жібереді. Олар оның жанына 
отырып жылай бастайды. Мұны көрген жігіт өзінше: «Міне, менің анам, әкем, жұбайым 
және балаларым жаныма келді», – дейді. Содан соң көңілі жайланып, күнәларынан 
арылған жағдайда дүние салады. 
Бұл оқиғаның артынан Алла Тағала Мұсаға (а.с.): «Уа, Мұса! Пәленше жердегі үңгірге 
бар. Ол жерде менің бір жақын пендем қаза болды. Оны жуып, көму істерін саған 
тапсырдым», – дейді. 
Мұса (а.с.) ол жерге жеткенде Алланың бұйрығымен туған жерінен қуылған жігіттің 
жансыз денесін көреді. Жігіттің айналасында хор қыздар жүрген еді. Мұса (а.с.) Алла 
Тағалаға: «Уа, Жаратқан Ием! Бұл баяғы сенің бұйрығыңмен туған жерінен де, ауылдан 
да айдап шығарылған кісі емес пе?» – дегенде, Алла Тағала: «Бірақ кейін мен оған 
рақым қылып, кешірдім. Себебі ол шын көңілден пұшайман болып маған жалбарды. 
Ел-жерінен, ата-анасынан, бала-шағасынан шетте жүрудің азабына шыдады. Оның 


12 
өлер алдында анасы мен жұбайының бейнесіндегі екі хор қызды, әкесі мен 
балаларының бейнесіндегі періштелерді жібердім. Олар оның аянышты жағдайына, 
қайғысына ортақтасты. Өйткені жалғыз қалған ғаріп пенде өлгенде жер-аспан оған 
қатты қайғырып, жылап тұрды. Мен қайырымдылардың ең Қайырымдысы болып тұрып 
оған қайтіп мейірім көрсетпей қояйын», – дейді. 
Жалғыз жолаушы (сапардағы кісі) өлімнің босағасын аттағанда, Алла Тағала 
періштелеріне: «Уа, періштелерім! Бұл кісі ғаріп өмір сүрді. Балалары, жұбайы, ата-
анасы алыста қалды. Егер ол өлсе, артынан жылап, жоқтаған кісісі жоқ», – дейді. Сол 
сәтте ұлы Жаратқан бір періштені ол кісінің әкесі, тағы бір періштені анасы, тағы басқа 
періштелерді оның балалары және жақындарының бейнесіне салады. Олар ғаріп 
байғұстың өлер кезінде жанына келеді. Оларды көрген бейшара кісінің көңілі жай 
тауып, ақыретке аттанады. Оны ақырғы сапарға ұзатқан періштелер қиямет күнге 
шейін оған дұға қылады. 
Ұлы 
Жаратушының 
«Алла 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет