Имам ғазали жүректің сырлары


күнәһарлар! Қане, бүгін өзгелерден араларыңды үзіп, оқшауланыңдар



Pdf көрінісі
бет21/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   193
Жүректің сырлары T.a

күнәһарлар! Қане, бүгін өзгелерден араларыңды үзіп, оқшауланыңдар»
50
 
деген 
аятты оқығанын естіп қалды. Сонда оның денесін қалтырап, суға құлап, тұншығып өлді. 
50
 
«Иәсин» сүресі, 59. 
Жунайд Бағдади: «Тасаууф – бұл нәпсінің қалауларын тастау», – деген. 
Зиннун Мисри бір күні Харам мешітіне кіріп тіректің алдына тасталған аурушаң
жалаңаш жігітті көрді. Ол аянышты ыңырсып жатыпты. Одан арғысын Зиннун Мисри 
төмендегіше баяндайды: 
«Оған жақындап барып, сәлем беріп: «Ей, жігіт, сен кімсің?» – деп сұрадым. Ол: «Мен 
ғашық болған әлсіз жанмын», – деді. Оның айтқанын түсіндім де: «Мен де сендеймін», 
– дедім. Мұны естіп ол жылай бастады. Мен де өзімді ұстап тұра алмай жыладым. Жігіт: 
«Сен де жылап жатырсың ба?» – деп сұрады. «Мен де сендеймін», – дедім. Ол 
баяғыдан да қаттырақ боздап жылады. Бір кезде қатты айқайлады да, жан берді. 
Киіміммен үстін жауып қойып, кебін сатып алуға кеттім. Қайта келгенімде оны жатқан 
орнынан таба алмадым. «Субханалла!» – дедім таңдана. Сол сәтте ғайыптан:«Ей, 
Зиннун, бұл таңғажайып пендені бұл дүниеден шайтан іздеп таба алмады, Мәлик 
(тозақ періштесі) іздеп көре алмады, Ридуан (пейіш періштесі) пейіштен іздеді, тапқан 
жоқ», – деген үн естілді. Мен: «Ол қайда?» – деп сұрадым. Тағы ғайыптан: 
«Жаратқанның жанында, ол шексіз сүйіспеншілікпен ғибадат жасап, тәубе жасауға 
берілгендігінен сонда», – деген жауап келді. 
Бір ғалымнан «Ғашық деген кім?» – деп сұрағанда, ол:«Елмен аз жолығып, көбінше 
жырақ жерлерде болған, әрдайым ойлы жүріп, көп сөйлемеген, қараса көрмеген
шақырсаң естімеген, сөйлесе түсініксіз сөйлеген, басына бір бәле келсе қайғырмаған, 
қарны ашқанын сезбеген, біреу ұрысса әсерленбеген, Алладан басқа ешкімнен 
қорықпаған кісі. Ол жалғыз қалғанда да Алланы ойлайды. Онымен байланыста 
болады. Дүниені сүйгендермен дүние туралы таласып-тартыспайды», – деп жауап 
берді. 
Хикая 
Иса пайғамбар бір күні бақ суғарып жүрген бір жігітке жолығады. Ол Исаға (а.с.): 
– Жаратқан Иеңнен сұрашы, маған да сүйіспеншілігінен біраз нәсіп қылсын, – деп 
сұранады. Иса (а.с.) оған: 


26 
– Сен оның кішкентай сүйіспеншілігіне де шыдамайсың, – деп жауап береді. 
– Олай болса кішкентайдың жарымын сұра, – дейді әлгі. 
Сонымен арадан біршама уақыт өтеді. Бір мәрте Иса (а.с.) тағы сол жерден кетіп 
бара жатып баяғы жігіт туралы сұрастырады. Ол жердегілер: 
– Ол ақыл-есін жоғалтып тауға шығып кеткен, – дейді. Иса (а.с.) Алла Тағалаға дұға 
қылып, жігітті өзіне көрсетуін сұранады. 
Нәтижеде оны таудың арасында бір тастың үстінде көкке алақан жайып отырған 
жерінен тапты. Иса (а.с.) оған сәлем берді, бірақ жауап болған жоқ. Иса (а.с.): «Мен – 
Исамын», – деп өзін естіртуге әрекет жасады. Сонда Алла Тағаладан: «Жүрегінде 
Маған болған сүюдің кішкентайының жарымындайы бар пенде сенің сөзіңді қайтіп 
естиді? Өз ұлылығыма ант етейін, егер оны арамен аралап тастасаң да сезбейді», – 
деген уахи келді. 
Кімде-кім үш нәрсені айтқанымен үш нәрседен тазаланбаса, ол алданған болып 
саналады. Бұлар: 
1. Алланы зікір қылудан рахат алғанын айтқанымен дүниені сүйгендер; 
2. Ықыласты іс жасауды жақсы көретінін айтқанымен басқалардың өзін құрметтеп 
тұруын қалағандар; 
3. Жаратушысын сүйгенін айтқанымен нәпсісіне бас игендер. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Үмбетімнің басына бір уақыт келеді. Сонда олар бес 
нәрсені сүйіп, бес нәрсені ұмытады: 
– Дүниені сүйіп, ақыретті ұмытады, 
– Мал-мүлікті сүйіп, есеп беруді ұмытады, 
– Жаратылғандарды сүйіп, Жаратқанды ұмытады, 
– Сарайларды сүйіп, қабірді ұмытады». 
Мансур ибн Аммар бір жігітке былай деп насихат айтқан: «Ей, жігіт! Жастығыңа 
алданба. Тәубені кешіктіріп, еш өлмейтіндей жүрген, өлімді еске алмаған қаншама 
жастар бар. Олар: «Мен ертең не одан кейінгі күні тәубе жасаймын», – дейді. Бірақ өлім 
періштесі оларды тәубеден бейхабар жүргенде желкеден алып, қабірге түсірді. Ол 
қабірде мал-мүлік, құл-құтан, бала-шаға, ата-ана пайда бермейді. Бұл туралы Алла 
Тағала былай деген: «Ол – мал-мүлік те, бала-шаға да титтей пайда бермейтін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет