Имам ғазали жүректің сырлары


иман келтіргендер! Бір-біріңді аңдымаңдар және біріңді-бірің ғайбаттамаңдар!



Pdf көрінісі
бет45/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   193
Жүректің сырлары T.a

иман келтіргендер! Бір-біріңді аңдымаңдар және біріңді-бірің ғайбаттамаңдар! 
Қайсыбірің болмасын, өлген бауырының етін жегенді ұната ма? Әнеки, бірден 
жиіркендіңдер. Ендеше, Алладан қорқыңдар! Шүбәсіз, Алла – Тәууәб 
(құлдарының шынайы тәубелерін қабыл етуші), Рахим (тәубеге келіп, Өзіне бет 
алған құлдарына ерекше мейірімді)»
141

141
 
«Хужурат» сүресі, 12. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мұсылман мұсылманның қанын төге алмайды, мал-
мүлкін тонай алмайды, намысын таптай алмайды»
142
 
деп айтқан. 
142
 
Мүслим, 2564; Тирмизи, 1927; Әбу Дәуіт, 4882; ибн Мажа, 3933. 
Тағы бір хадисте: «Өсек-аяңнан сақтаныңдар, өйткені өсек-аяң, ғайбат сөз – 
зинадан да ауыр күнә. Зина жасаған кісі тәубе жасаса, Алла оны кешіруі мүмкін. 
Ал енді өсектелген кісі кешірмейінше өсекшінің кешірілуі мүмкін емес»
143

– делінген. 
143
 
Хайсами, Муғжамуз Зауаид. 
Ғалымдар біреуді өсектеген, ғайбаттаған пендені тас лақтырған балаға ұқсатады. Ол 
бала оңға-солға тас лақтырғанындай, өсекші де жақсы істерін ары-бері шашып жоқ 
қылады. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мүмин бауырын қаралаумақсатында артынан сөйлеген 
кісіні Алла Тағала қиямет күні тозақтың көпірінде тоқтатады және сөзін қайтарып 
алмайынша жолын жалғастыруға рұқсат бермейді»
144
 
деп айтқан. 
144
 
Әбу Дәуіт, 4883; Ахмад ибн Ханбал, 1522. 
Адамзаттың Асыл Тәжі (с.а.с.): «Ғайбат – мұсылман бауырының артынан оған 
жақпаған сөздерді айту»
145
 
деген. 
145
 
Мүслим, 2589; Әбу Дәуіт, 4874; Тирмизи, 1934; Нәсаи, 3231; Ахмад ибн Ханбал,8759. 
Демек, біреудің артынан оның дене-мүшесіндегі кемшілігі туралы болсын, тексіздігі 
туралы болсын не діні не дүниесі туралы қайсыбір кемшіліктерін айтса, бұлардың бәрі 
өсек-аяң, ғайбат. Тіпті біреудің киім-кешегі не мінген атын жамандап сынға алу да 
өсектеу болып саналады. Ал енді біреудің адамдық сипаты туралы намысқа тиетін 
ауыр сөздерді айту одан да үлкен күнә. Риуаяттарға қарағанда, бір күні кейбір 
мәселелер туралы мағлұмат алу үшін Пайғамбарымызға (с.а.с.) қысқа бойлы бір әйел 
келеді. Ол әйел шығып кеткеннен кейін Айша (р.а.): «Алла бұл әйелге қысқа бой 
беріпті», – дейді. Мұны естіген Алла Елшісі (с.а.с.) оған: «Уа, Айша, сен 
ғайбаттадың!»
146
 
– деп ескертеді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Өсек-аяңнан, ғайбаттан 
аулақ болыңдар, өйткені ол үш түрлі апатты алып келеді: 
146
 
Тирмизи, 2502; Әбу Дәуіт, 4884; Ахмад ибн Ханбал, 25180. 
1) Өсекшінің дұғасы қабыл болмайды; 
2) Жасаған жақсы істері қабыл болмайды; 
3) Жамандықтары жиылады», – деген. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) өсекшілік туралы былай деп айтады: «Қиямет күні 
пенделердің ең жаманы – біреуге басқа жүзбен, екіншісіне басқа жүзбен көрінген екі 
жүзді кісілер. Бұл дүниеде екі жүзді болғандардың қиямет күні оттан екі тілі 
болады». 
Алла Елшісі (с.а.с.) басқа бір хадисте: «Өсекшілер пейішке кіре алмайды»
147
 
деген. 
147
 
Бұхари, 6056; Мүслим, 105; Тирмизи, 2026; Әбу Дәуіт, 4871; Ахмад ибн Ханбал,22726. 
Сөйлеген, сөйлей алмаған барлық жандының тілі болғанымен неге балықтың тілі 
жоқ? 


59 
Риуаяттарға қарағанда, Алла Тағала Адамды (а.с.) жаратып, періштелерді оған 
сәжде жасауға бұйырғанда Ібілістен басқа барлық періштелер сәжде жасаған. Сонда 
Алла Тағала оны періште кейпінен ажыратып, пейіштен қуған. 
Пейіштен қуылып, жер жүзіне түскен Ібіліс теңізге барып, алғаш балықты кезіктіреді 
де, оған Адамның (а.с.) жаратылғанын хабар береді. Содан соң Адам (а.с.) жер-судың 
бәріндегі жандыларға аңшылық жасайтынын айтады. Балық бұл хабарды басқа 
жандыларға да жеткізеді. Сонда Алла Тағала балықтың тілін түп-тамырымен жоқ 
қылады. 
Амр ибн Динардың (рахматуллаһи аләйһи) айтуына қарағанда, Мәдиналық бір кісінің 
Мәдинаның шетінде тұратын қарындасы бар екен. Ол әйел ауру болды. Анау кісі жиі-
жиі оның хал-жағдайын сұрап барып тұрды. Бір күні сол әйел көз жұмды. Бір бауыры 
оны кебіндеп, жерге көміп, үйіне қайтты. Қараса, жанында ақша салынған қапшығы жоқ. 
Оны мазардың ішіне түсіріп алғанын ұқты да, бір досын ертіп мазарға барды. Мазарды 
қазып, қапшығын тапты. Марқұм әйелдің бауыры досына: «Сен арырақ бара тұр. Мен 
бауырымның қандай жағдайда екенін көрейін», – деді. Үстіндегі топырақты қазып
қабірді ашты. Қараса, қабірдің іші күйіп тұр. 
Бұған куә болған кісі дереу анасына барып: «Маған бауырымның негізгі мінезі туралы 
айтып берші», – деді. Анасы: «Қарындасың көршілердің есігінің артына жасырынып 
алып іштегі сөздерді тыңдап, естігендерін басқаларға жеткізетін», – деп жауап берді. 
Әлгі кісі сонда өсектің қабір азабына себеп болатынын түсінді. Демек, қабір азабынан 
құтылғысы келгендер өсекшіліктен аулақ болу керек. 
Риуаятқа қарағанда Әбу Ләйс Бұхари (рахматуллаһи аләйһи) қажылыққа бара 
жатқанда әмиянына екі дирхам салып, «Меккенің жолында бара жатқанда не келе 
жатқанда біреу туралы өсек айтып қойсам сол екі дирхамды кедейлерге беремін» деп 
өзіне-өзі ант береді. 
Сонымен ол Меккеге барып, қажылық міндетін орындап үйіне қайтты. Баяғы екі 
дирхамы болса әлі әмиянында жүрген. Оның берген уәдесі туралы білген достары 
сұрағанда, ол: «Біреу туралы өсектегеннен гөрі жүз мәрте зина жасағанның күнәсі 
жеңіл», – деген (Құдай сақтасын!). 
Әбу Хафсул-Кәбир (рахматуллаһи аләйһи): «Бір жылдағы рамазан оразасын 
ұстамай қоюды бір кісіні өсектеудан артық көрем», – деген. 
Бір фиқыһ ғалымын өсектеген кісі Қиямет күні маңдайында «Бұл кісі Алла Тағаланың 
мейірімінен құр қалды» деген жазумен келеді. 
Әнәс ибн Мәликтің (р.а.) риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: 
«
Миғражға шығарылған түні тырнақтарымен жүздерін тырнаған және өлексе жеген 
бірнеше кісіні жолықтырдым. Жәбірейілден «Бұлар кімдер?» – деп сұрасам, «Бұлар 
фәни дүниеде жүргенде басқалардың өлген етін жегендер (әркімді өсектегендар)», 
– деп жауап берді»
148

148
 
Әбу Дәуіт, 4878; Ахмад ибн Ханбал, 2320. 
Хасан (р.а.): «Ант етейін, ғайбаттаудың дінге зияны денеге түскен құрттың зиянынан 
да үлкен», – деп айтқан. 
Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Сендер бауырларыңның көзіндегі шөпті көріп, 
өздеріңнің көздеріңдегі бөренені көрмейсіңдер». 
Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етілгені бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: 
«
Бұл дүниеде мүмин бауырының етін жеген (оны өсектеген) кісінің алдына 
қияметкүні өсектелген бауырының өлігі әкелініп, оған: «Енді осы өлікті же, фәни 
дүниеде тірі кезінде жеген едің», – деп айтылады. Содан соң Пайғамбарымыз (с.а.с.): 
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет