111
Әбу Һурайра (р.а.) айтады: «Үш кісі есепке тартылмай тұрып тікелей пейішке кіреді:
«1) Киген киімін жуайын дегенімен алмастырып киетін киімі жоқ кісі; 2) Ошағында екі
қазан қайнамаған кісі; 3) «Сусын беріңдер» дегенде, «Қайсысын қалайсың?» – деп
сұралмаған кісі».
Риуаятқа қарағанда, бір кедей Суфиян Сауридің (рахматуллаһи аләйһи) жанына
барып, насихатын естігісі келді. Суфиян ол кісіге: «Кел, егер бай болсаң, сені жаныма
жолатпаймын», – деді.
Жарлыларға жақын, байлардан аулақтап тұрғандықтан, оның бай достары: «Әттең,
біз де жарлы болсақ, жақсы болушы еді», – деп қынжылады.
Муаммил (рахимаһуллаһу) айтады: «Сауридің
жиналысында ең аз көңіл
бөлінетіндері байлар, көп мән берілгендері жарлылар болғанын көрдім».
Бір данышпан: «Байғұс адам баласы кедейліктен қорыққандай тозақтан да қорықса,
екеуінен бірдей құтылмақ. Байлықтың артынан жүгіргендей пейіштің да артынан түссе
екеуіне бірдей жетпек. Жүріс-тұрысында адамдардан ұялғандай Алладан да қорықса
бұл дүниеде де, ақыретте де бақытты болмақ» депті.
Ибн Аббас (р.а.) айтады: «(Біреуге) бай болғаны үшін құрмет көрсетіп, жарлы
болғаны үшін қорлаған кісі қарғысқа ұшырайды».
Лұқпан данышпан ұлына: «Ешкімді киімі ескі деп қорлама. Өйткені сенің де, оның да
Жаратқан Иесі бір», – деген.
Яхия ибн Муаз (рахимаһуллаһу) айтады: «Жарлыларды жақсы көруің –
пайғамбарлардың мінезі. Олармен жолығып, әңгіме құруды жақсы көргенің – тақуа, ізгі
жандардың белгілерінен. Олармен әңгімелесіп отырудан қашқаның – екі жүзділердің
белгілерінен».
Ескі діни дереккөздерде айтылғаны бойынша, Алла Тағала пайғамбарлардың біріне:
«Саған ашуланып, сені жақсы көрмей қалуымнан сақтан. Әйтпесе дүниені басыңа бәле
қыламын», – деген.
Әзірет Айша әзірет Муғауия, ибн Амир және басқалар берген жәрдемдерден жинаған
жүз мың дирхамды бір күннің ішінде жарлыларға таратып тастады. Сол сәтте өзі киіп
жүрген шапаны жамаулы еді. Ол ораза болғандықтан, күңі оған: «Маған
бір дирхам
берсеңіз, сіздің ауыз ашарыңыз үшін біраз ет алайын», – дейді. Әзірет Айша (р.а.) оған
«Ескертсең, берейін», – деп жауап береді. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.с.) қолда бар
нәрсеге қанағат қылып өмір сүруді өсиеттеген еді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл дүниеде
өмір сүріп жатқанда оған: «
Егер (ақыретте) менімен бірге болғың келсе,
кедейлердей өмір сүр және байлардан қолдан келгенше аулақ бол. Иығыңа ілген
шапаның жамалмайынша ескірді деп лақтырма»
272
деген.
272
Тирмизи, 1839.
Бір кісі Ибраһим ибн Адхамға (рахимаһуллаһу) он мың дирхам алып келеді. Бірақ
Ибраһим оны алғысы келмейді. Алып келген кісі өтініп тұрып алғанда: «Он мың дирхам
үшін атымды жарлылардың тізімінен өшіріп тастауымды қалайсың ба?
Олай жасай
алмаймын», – деп жауап береді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Ислам дініне кірген және керекті мұқтаждықтарын ғана
қамтамасыз еткен өмірде тіршілік еткеніне разы болған кісіге сүйінші!»
273
деген.
273
Тирмизи, 2349.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Уа, кедейлер! Аллаға шын жүректеріңмен разы
болсаңдар, кедейлеріңнің сауабына ие боласыңдар. Әйтпесе сауапқа жете
алмайсыңдар», – деп айтқан.
Әзірет Омардың (р.а.) риуаят еткені бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Барлық
нәрсенің кілті бар. Пейіштің кілті – өз жағдайларына разы болып өмір сүрген
кедейлерді сүю. Олар қиямет күні Аллаға жақын болады», – деп айтқан.
112
Әзірет Алидің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Алла сүйген пенде –
қолына тиген ризыққа қанағат қылып, Алладан разы болған кісі», – деген.
Тағы бір хадисте: «
Уа, Жаратқан Алла! Мұхаммедтің отбасына бұл дүниеде
жететіндей ғана ризық бер»
274
деп айтылған.
274
Бұхари, 6460; Мүслим, 1055.
Алла Елшісі (с.а.с.): «
Қиямет күні бай-кедейдің бәрі «Дүниедегі (тірі кезімдегі) үлес
жан бағатындай берілсеші» – деп арман қылады»
275
деген.
275
Ахмад
ибн Ханбал, 11753.
Алла Тағала Исмаилге (а.с.): «Көңілі түскен кұлдарымның жанынан ізде», – деп уахи
қылды. Исмаил (а.с.): «Уа, Жаратқан Алла! Олар кімдер?» – деп сұрады. Алла Тағала:
«Тура жолдан адаспаған кедейлер», – деп жауап берді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтады: «Алла Тағала қиямет күні: «Қайда менің өзгеше
пенделерім?» – дейді. Періштелер: «Уа, Жаратқан Иеміз, олар кімдер?» – деп
сұрайды. Алла Тағала: «Бергеніме қанағат қылып, тағдырыма разы болған мұсылман
кедейлер. Оларды дереу пейішке кіргізіңдер», – деп бұйырады. Сөйтіп олар дереу
пейішке кіреді. Елдің бәрі есеп беру үшін ары-бері жүгіріп
тұрғанда, олар жеп-ішіп
отырады».
Бұл сүйінішті хабарлар Құдайдың бұйырғанына қанағат қылған және өз жағдайына
разы болған кедейлер туралы айтылды. Бұлардан да жоғары тұрған, дүниеден қол
үзген жарлылар бар. Олардың ұлылығы туралы кейінірек баяндаймыз.
«Қолындағыға разы болу» және «қанағат қылу» туралы бірнеше керемет сөздер
айтылған. «Қанағат қылудың» қарама-қарсысы – «сұғанақтық және ашкөздік».
Әзірет Омар (р.а.): «Сұғанақтық – кедейлік, тоқпейілдік – байлық. Кім өзіне берілгенге
қанағат қылып, басқалардың қолындағыға көз салмаса, ешкімге мұқтаж болмайды», –
деп айтқан.
Ибн Масғуд (р.а.) айтады: «Әр күні бір періште Арштың алдынан адамдарға былай
деп үндейді: «Уа, адам баласы! Мұқтаждығыңа жеткілікті болған аз мал-мүлік,
сенің
жолдан шығуыңа себеп болған көп байлықтан жақсы».
Бір данышпаннан «Байлық деген не?» – деп сұрағанда, ол: «Аз нәрсені қалап, зәру
мұқтаждықтарыңды қамтамасыз ететіндей мүлікке разы болуың», – деп жауап береді.
Риуаятқа қарағанда Ибраһим ибн Адхам бұрын Хорасанның алдыңғы қатарлы
байларынан еді. Бір күні сарайының балконынан айналаға қарап тұрса, көзіне бір кісі
түседі. Ол қолындағы тоқашты жеп, ұйқыға кетеді. Ибраһим қызметшілерінің біріне әлгі
кісіні көрсетіп, «Ол оянғанда шақырып кел», – деп айтады. Қызметші оның бұйрығымен
біраз уақыттан кейін әлгі кісіні алып келеді. Ибраһиммен әлгі кісінің арасында
төмендегідей әңгіме жүреді:
– Тоқаш жеп жатқаныңда аш па едің?
– Иә.
– Сол тоқашты жеп тойдың ба?
– Иә.
– Сонда тыныш ұйықтадың ба?
– Әлбетте.
Бұларды естіген соң Ибраһим ибн Адхам:
– Нәпсі осыншамалығына қанағат қылып жатқан болса, мен мұнша дүниені не
қылам? – деп мұңайды...
Амир ибн Абдулқайс (р.а.) тұздалған ноқат жеп жатқанда, біреу келіп: «Уа, Алланың
құлы, дүниеден алған осындай несібеңе разысың ба?» – деп сұрайды. Амир: «Саған
бұдан да нашарына разы болғандарды айтайын ба?» – дегенде, әлгі кісі: «Олар
113
кімдер?» – деп сұрайды. Амир: «Ақырет үшін дүниеге разы болғандар», – деп жауап
береді.
Мұхаммед ибн Уаси (р.а.) қарны ашқанда бастығынан құрғақ нан алып суға жібітіп,
тұзға малып жеп тұрып: «Дүниенің осыншамалығына разы болғандар ешкімге мұқтаж
болмайды», – деді.
Әбу Зәрр (р.а.) бір күні біреулермен отырса, әйелі келіп «Үйде жегенге де, ішкенге де
еш нәрсе жоқ, сен болса бұлармен отырсың», – деп зекиді.
Зуннун Мисри (рахматуллаһи аләйһи): «Кәпірлікке ең жақын кісі – сабырсыз кедей»,
– деген.
Достарыңызбен бөлісу: