190
Пайғамбарымыздан (с.а.с.) «Қайсы садақа ең жақсы?» – деп сұрайды. Алла Елшісі
(с.а.с.): «Мал-мүлкі аз кісінің беруге әрекет жасаған садақасы», – дейді.
«Әуелі өзің бағуға міндетті кісілерден баста».
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бір дирхам жүз дирхамнан асып түседі», – дейді. Естіп
отырғандардың бірі: «Уа, Алланың Елшісі, бұл қалай болады?!» – деп сұрады.
Пайғамбарымыз: «Бір бай кісі мал-мүлкінен жүз дирхам садақа береді. Тағы бір кісінің
екі дирхамы бар. Ол екі дирхамының бірін садақа қылады», – деп жауап берді.
Бір хадисте: «Тырнақтай нәрсе болса да сенен бір нәрсе
сұраған кісіні құр қол
қайтарма», – деп айтылады.
Алла Елшісі (с.а.с.): «Басқа еш көлеңке қалмаған қиямет күні Алла Тағала жеті түрлі
кісіні Аршының көлеңкесінде саялатады» – дегеннен кейін сол жеті түрлі адамның бірі
ретінде «Оң қолының бергенін сол қолы сезбейтіндей жасырын садақа берген кісі», –
деп айтқан.
Тағы бір хадисте «Жақсылықтар жаман нәтижеден сақтайды. Жасырын берілген
садақа Алланың қаһарын тоқтатады. Жақындарға жақсылық жасау өмірді ұзартады»,
– деп айтылған.
Табаранидің риуаяты бойынша, жоғарыдағы хадис былайша аяқтайды: «...Барлық
жақсылық – садақа. Бұл дүниеде жақсылық жасағандар ақыретте жақсылық көреді. Бұл
дүниеде жамандық жасағандар ақыретте жамандық көреді. Пейішке бірінші болып
кіретіндар – жақсылық жасағандар».
Табарани мен Ахмад
ибн Ханбалдың айтуы бойынша, Пайғамбарымыздан (с.а.с.)
«Садақа деген не?» – деп сұрағанда, Алла Елшісі (с.а.с.): «Еселеп көбейген
сыйлықтар. Алланың алдында одан да көбі бар», – деп одан: «(Дүниесін Алла жолында
жұмсау арқылы немесе мұқтаждарға зекет-садақа беру арқылы) Аллаға жақсы қарыз
беретін кім бар, Алла оның берген қарызын еселеген үстіне еселей түссін (көбейтіп
қайтарсын). Алла (кейде ризық-несібелеріңді немесе жан-дүниелеріңді) қысып
тарылтады, кейде кеңейтеді»
475
деген аятты оқыды.
475
«Бақара» сүресі, 245.
Пайғамбарымыздан (с.а.с.) тағы бір мәрте: «Ең жақсы садақа қайсысы?» – деп
сұрайды. Алланың Елшісі: «Жарлыға жасырын берілген не аз байлықтан беруге әрекет
жасалған садақа», – дегеннен кейін:
«Қайыр-садақаны жария түрде бергендерің қандай жақсы! Ал
егер ешкімге
көрсетпей, жоқ-жітіктерге жасырын түрде берсеңдер, әрине, бұл өздерің үшін
әлдеқайда жақсы болмақ. Алла сол арқылы біраз күнә-қателіктеріңді кешеді. Алла не
істеп, не қойып жүргендеріңнен толық хабардар»
476
деген аятты оқыған.
476
«Бақара» сүресі, 271.
Алла Елшісі (с.а.с.): «Мұсылманға бір киім кигізген кісі, оның үстінде бір жібі не
жамауы қалғанға шейін Алланың қорғауында болады», – деп айтқан.
Тағы бір хадисте: «Бір мұсылман жалаңаш қалған мұсылманға киім кигізсе, Алла оған
пейіш жібектерінен киім кигізеді. Кім аш мұсылманды тойдырса, Алла оған мөрленген
пейіш шарабынан ішіреді», – деп айтылады.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жарлыға берілген садақа – бір-ақ садақа. Алайда туысқа
берілген садақа –
әрі садақа, әрі туыстармен қарым-қатынас болып, екі садақаға
есептеледі», – деген.
Пайғамбарымыздан (с.а.с.) «Ең жақсы садақа қандай садақа?» – деп сұрағанда
«Сені жек көрген бауырыңа берілген садақа», – деп жауап берген.
Алла Елшісі (с.а.с.): «Кім сауынды түйені сүті тартылғанға
шейін мұқтаж біреуге
берсе не біреуге қарыз ақша берсе не жолаушыға жол көрсетсе, бір құл азат еткендей
сауап табады», – деп айтқан.
191
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Әрбір берілген қарыз – садақа болып саналады», – деп
айтқан.
Садақа туралы тағы көптеген хадистер бар: «Миғраж түні пейіштің есігінде «Әр
садақаның сауабы он есе. Берілген қарыздың сауабы он сегіз есе» деп жазылғанын
көрдім».
«Қиыншылықта қалған пенденің ісін жеңілдеткен кісіге Алла Тағала бұл дүние және
ақыретте жеңілдік көрсетеді».
Пайғамбарымыздан (с.а.с.) «Ислам дінінде ең жақсы істер қайсылары?» – деп
сұрағанда, «Тамақ беруің және танығаныңа да, танымағаныңа да сәлем беруің», –
деді.
Сахабалардың бірі Пайғамбарымызға (с.а.с.): «Барлық нәрсенің басы, бұлағы не
екенін айт», – дейді. Алла Елшісі (с.а.с.): «Барлық нәрсе судан жаратылған», – деп
жауап береді. Сұрақты сұраған сахаба: «Пайғамбарымыздан «мен орындасам пейішке
кіре алатын істі айтсаңыз», – десем, ол маған «Мұқтаждарға тамақ жегіз, сәлем бер.
Жақындарыңа жақсылық жаса. Түнде басқалар ұйқыда жатқанда намаз оқысаң, сау-
сәлемет пейішке кіресің», – деді», – деп айтқан.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Алланың рақымын алып келетін нәрселердің бірі –
мұсылман жарлының қарнын тойдыру», – деп айтқан.
Басқа бір хадисте: «Мұсылман бауырының қарнын тойдырған және шөлі қанғандай
су берген кісіні Алла тозақтың жетпіс шұңқырынан алыстатады, әрбір екі шұңқырдың
ортасы бес жүз жылдық қашықтық», – деп айтылады.
Алла Елшісі (с.а.с.) төменгідей хадисті де айтып кеткен: «Қиямет күні Алла Тағала:
«Уа, адам баласы! Ауырдым, жағдайымды сұрап келмедің», – десе, пенде: «Сен
әлемдердың Иесісің. Мен Сені қайтіп зиярат қыла алмақпын?» – дейді. Ұлы Жаратқан:
«Білмедің бе? Пәленше пендем ауырғанда жағдайын сұрап бармадың. Оның жағдайын
сұрап барсаң, Мені оның жанынан табатын едің», – дейді.
Одан: «Уа, адам баласы!
Сенен тамақ-ас сұрасам, маған тамақ-ас бермедің?» –
дейді. Пенде: «Уа, Жаратқан Ием. Сен әлемдердың Иесі болсаң, мен Саған қайтіп
тамақ бере алмақпын?» – деп сұрайды. Алла Тағала: «Пәленше пендем сенен тамақ-
ас сұраса, бермедің. Егер оған тамақ-ас берсең,
оның сыйын Менің алдымда
көретініңді білмедің бе?» – деді.
Одан: «Уа, адам баласы, Сенен су сұрасам, бермедің», – дегенде, пенде: «Уа,
Жаратқан Ием, сен әлемдердың Иесі болсаң, мен Саған қайтіп су бермекпін?» – деп
сұрайды. Алла Тағала: «Сенен пәленше пендем су сұраса, бермедің.
Егер оған су
берсең, сыйлығын Менен аларыңды білмедің бе?» – дейді.
Достарыңызбен бөлісу: