Індетке қарсы шаралар



бет11/12
Дата02.03.2023
өлшемі48.21 Kb.
#470277
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
9-ТАҚЫРЫП

Індеттанулық балау. Жоғарыда қарастырылған ауруды балаудың жолдары нозологиялық диагноз қоюға бағытталған. Нозологиялық балау үшін негізінен бір ғана ауырған жануарды немесе одан алынған материалды зерттеу жеткілікті. Ал індеттанулық балау тұтас бір территорияда індет процесінің дамуы мен індеттік жағдайдың қалыптасуын анықтауды қажет етеді. Ол үшін сол территориядағы жануарлар арасында жұқпалы аурудың таралуы, қоршаған ортадағы жұғу факторлары мен инфекция қоздырушыларының тасымалдаушылары және тағы басқа да індеттенуге қатысты жәйттер мұқият тексеріледі. Нозологиялық диагноз қою үшін іңдеттанулық балау әдісі қолданылады. Одан індеттанулық балаудың айырмашылығы: біріншісі зерттеу әдісі болса, соңғысы зерттеудің қорытындысы. Індеттанулық балау әдісі ауруға диагноз қою үшін індеттенуге қатысты кейбір мағлұматтарды ғана қамтыса,індеттанулық балау індет процесі мен індет ошағы туралы керекті мәліметтердің тұжырымдалған қорытындысы болып табылады. Індеттанулық балау әдісі ауруға диагноз қою үшін қызмет етсе, індеттанулық балау іңдетке қарсы нақтылы шараларды іске асырудың жолдарын көрсетеді. Нозологиялық диагноз қойғанда індеттанулық әдістер арқылы ауру қоздырушысының бастауы және оның берілу тетіктерінің немесе індет ошағының бар-жоғы анықталса, індеттанулық балау кезінде бұл аталғандар егжей-тегежейлі сипатталуы керек. Мысалы, инфекция қоздырушысының бастаулары түгелдей анықталып, олар басқа жануарлардан оқшаулануы керек. Сондай-ақ аурудың берілу тетіктері де түгелдей нақтыланып, жойылуы қажет. Іңдет ошағы туралы да бар" немесе "жоқ" деген мәліметпен шектелмей, оның шекарасы нақтыланып, сол арқылы карантин немесе тежеу межесі жүргізілуі қажет. Қорыта келгенде, індеттанулық балаусыз іңдетке қарсы шараларды дұрыс ұйымдастыру мүмкін болмайды.


3 Техникалық қауіпсіздік

Малдың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларымен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін сақтау- қоғамдық және адамның жеке басының денсаулығын қорғау үшін жағдай туғызуға және малдың ауруына, өлуіне жол бермеуге бағытталған аса маңызды шара.


Малшылар еңбек қорғау ережелерімен танысу үшін әкімшілік оларға алғашқы, жұмыс орнындағы кезеңді нұсқауларды беруі тиіс.
Алғашқы нұсқаумен барлық жұмысқа жаңадан келген адамдар танысады. Оның мақсаты жұмысқа келген адамдарды еңбек қорғау ережелері және кәсіпорынның ішкі тәртібімен таныстыру.
Жұмыс орнындағы нұсқауды топ жетекші жүргізеді.Бұл нұсқау жұмыстың қауіпсіз тәсілдерін практика игерудің бастамасы болып табылады.Малмен тікелей жұмыс істейтін адамдарды жеке бастың гигиенасымен таныстырады.
Мал шаруашылығындағы жұмысшылар арнайы және санитариялық киімдермен қамтамасыз етіледі.Арнайы киім- бұл жұмысшылардың физикалық, химиялық және биологиялық факторлардың әсерінен қорғайтын құрал. Арнайы киімге кеудеше, комбинезон, алжапқыш, қолғап, етік, резенке, шұлықтар жатады.
Ауру малмен,өлексемен, қимен жанасу нәтижесінде жұмысшыларға кейбір антропозоонозды аурулардың жұғу қауіпі төнеді. Аса қатерлі ауруларға топалаң, маңқа, туберкулез, бруцеллез, құтыру, бұзаутас және т.б. аурулар жатады.
Улы химикаттармен жұмыс істеуге ең кемі 18 жасқа толған, денсаулығы мықты, химиялық дәрілермен жұмыс істеу ережелері жөнінде нақтылы нұсқау алған және патогенез микроорганизмдерді құрту әдістерін игерген қызметкерлерге ғана рұқсат беріледі.
Жас өспірімдер, жүкті және баласын емізіп жүрген әйелдер кейбір аурумен ауырып жүрген адамдар мұндай жұмысқа қабылданбайды.
Улы химикаттармен жұмыс істеген кезде тамақ, су ішуге, темекі тартуға болмайды. Тамақты жұмыс аяқталғаннан кейін немесе үзіліс кезінде ғана ішуге болады, бірақ міндетті түрде арнайы киімді шешіп, беті-қолды мұқият сабындап жуу керек.
Дезинфекциялау шараларын атқаруға міндетті адамдар жұмыс кезінде дезинфекциялағыш дәрілерді көзден таса қалдырмау керек.
ОҚЭБМ газымен дезинфекциялау жұмысын тек мал дәрігерлік- санитарлық немесе дезинфекциялайтын отрядтардың қызметкерлері ғана жүргізеді, мұнда арнайы даярлықтан өткен мал дәрігері немесе фельдшер басшылық етеді.
ОҚЭБМ газымен жұмыс істеген сайын денсаулық сақтау органдарына рұқсат алу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет