Инклюзивті білім беру ортасы



бет28/57
Дата07.05.2024
өлшемі190.95 Kb.
#500695
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   57
ИББО дәрістер

Екінші шарт – білім беру процесінің барлық қатысушыларын (балалар, ата-аналар, мұғалімдер, білім жүйесінің басшыларын) дамуында шектеуі бар оқушылармен өзара қарым-қатынаста қатар өмір сүруге дайындау. Қалыпты білім беру кеңістігіне арнайы оқу қажеттіліктері бар балалардың енгізілуі, ұжымдағы құрдастарымен тең жағдайда білім алуын көздейдi. Сондықтан да балалардың арасындағы өзара қарым-қатынас жағдайларының барлық көріністерін болжау қиын, әсіресе оның нәтижесін. Инклюзивті білім беру саласындағы кедергі, ерекше қажеттіліктері бар балаларға қатысты қалыптасқан теріс көзқарас. Жалпы білім беретін мектеп оқушылары жанында даму ерекшеліктерінде ауытқуы бар, өздерін басқаша ұстайтын қатарластарын көрмеген, үйренбеген. Сондай-ақ ата-аналар да ерекше қажеттіліктері бар балаларды қалыпты сыныпқа енгізу, «стандарттың төмендеуіне» әкеледі деп ойлайды, осыдан қобалжу туындауы мүмкін.
Үшінші шарт – ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша мұғалімдер және ата-аналарды арнайы дайындықтан өткізу және оларға уақытылы кеңес беру. Жаппай білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар балаларды табысты оқыту, тәрбиелеу және әлеуметтік бейімдеу көбінесе барлық деңгейдегі басқару буынының біліктілігі және ынталылығына, сонымен қатар жалпы білім беретін мектептердің басшылары мен педагог кадрлардың кәсіби даярлығына байланысты.
Төртінші шарт – ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды арнайы психологиялық-медициналық-педагогикалық сүйемелдеу. Бала дамуындағы бұзылыс оның оқу материалын меңгеруіне және қоршаған адамдармен (құрдастарымен, үлкендермен) жеке дара қарым-қатынас жасауына әсер етеді. Сондықтан жалпы білім беретін ортада мұндай оқушыны табысты бейімдеу және оқытудың маңызды шарттарының бірі психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу болып табылады. Психологиялықпедагогикалық сүйемелдеу мамандардың біртұтас, жүйелі ұйымдасқан қызметін білдіретін білім беру-тәрбие процесінде балаға көмектің (немесе қолдаудың) ерекше түрі ретінде қарастырылады. Оның барысында баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқыту мен дамуы үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық шарттар жасалады.
Бесінші шарт – ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерінің мониторингі және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің жеке бағдарламасын толықтыру. Жалпы білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың оқу үрдісі мен әлеуметтік бейімдеуінің табыстылығы таңдап алған оқу бағдарламаның оқушының танымдық және функционалдық мүмкіндіктеріне сәйкестігіне және нақты оқу жетістіктерін тұрақты бақылау арқылы қол жеткізіледі. Көрсетілген бақылау білім беру ұйымдарында жүзеге асырылуы үшін тиісті білім беру мониторингі жүзеге асырылуы керек. Білім беру мониторингінің мәліметтері мұғалімге оқыту барысында балаларда туындайтын қиындықтарға дер кезінде араласуға және оларды жоюға, білімін толықтыру бойынша қажетті іс-шаралар ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Оқу бағдарламаларын меңгерудегі туындайтын қиындықтарды талқылауға сүйемелдеу қызметінің мамандары (психолог, логопед, мұғалім-дефектолог) қатысады, олар қиындықтардың себептері мен жою жолдарын анықтауға көмектеседі. Егер қажет болса, жеке түзету сабақтарының мазмұнына өзгерістер енгізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет