Инклюзивті білім беру ортасы


Арнайы оқу -әдістемелік қамтамасыз ету



бет30/57
Дата07.05.2024
өлшемі190.95 Kb.
#500695
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   57
ИББО дәрістер

Арнайы оқу -әдістемелік қамтамасыз ету
Есту қабілеті нашар балаларға арнайы сыныпта білім беру түзету компоненті бар арнайы типтік оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі. Оқыту төмендегідей жүзеге асырылады: а) естімейтін оқушылардың "0" (дайындық) және 1-7-сыныптарда – арнайы бағдарламалар бойынша, 8-11 сыныптарда жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқиды, білім беру мазмұны оқудың ұзақтығы 1 жылға артуына байланысты қайта бөлінеді және білім алушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып бағдарлама бейімделеді. б) нашар еститін және кейіннен естімей қалған балалар «0» (дайындық) және 1-4 сыныптарда арнайы бағдарламалар бойынша, 5-11 сыныптарда жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша, білім беру мазмұны оқудың ұзақтығы 1 жылға артуына байланысты қайта бөлінеді және білім алушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып бағдарлама бейімделеді. Арнайы бағдарламалар мазмұнында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың
Білім алудың ерекше қажеттілігін қанағаттандыру
Түзете-дамытушылық жұмыс бүкіл педагогикалық процесті қамтиды және балалардың оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етеді. Есту қабілеті бұзылған балаларды оқытудағы түзету жұмысының бағыттары ақпараттар мен білімдерін талдауға ерекше жағдайлар жасау, әлеуметтік байланыстар мен балалардың қажеттіліктерін, пәнаралық байланыстар мен танымдық қызығушылықтарын дамыту, арнайы оқыту әдістерін таңдау, арнайы түзету пәндері арқылы жүзеге асырылады.
Типтік оқу жоспарында арнайы түзету курсы қарастырылған: «Заттық-тәжірибелік оқыту», «Түзету ырғағы» және жеке-топтық сабақтарда естуді қабылдауы мен дұрыс айтуын дамыту. «Заттық-тәжірибелік оқыту» (ЗТО) оқу курсының мақсаты: тілді меңгеру мен жоғары психикалық функцияларды қалыптастыру үшін полимодальды сезіну негізінде танып білу және қарапайым тұрмыстық түсініктерді пайдалану деңгейінде білім беру. «Түзету ырғағы» оқушылардың есту қабілетін музыка арқылы дамытуға, есту-көру және есту, сөйлеу қабілетін жетілдіру яғни естіп қабылдауын интенсивті дамыту жағдайында сөйлеу тілі мен қимылдарын дамытуға бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет