Инклюзивті білім беру ортасы


Жалпы білім беру ұйымдарында білім беруге ерекше қажеттілігі бар оқушыларды оқытуды әдістемелік ұйымдастыру



бет27/57
Дата07.05.2024
өлшемі190.95 Kb.
#500695
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   57
ИББО дәрістер

8.Жалпы білім беру ұйымдарында білім беруге ерекше қажеттілігі бар оқушыларды оқытуды әдістемелік ұйымдастыру.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар баланың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз ету үшін оның арнайы білім алуға ерекше қажеттіліктерін, медициналық және әлеуметтік қызметке мұқтаждығын нақты және жан-жақты зерттеу керек. Бұл оның оқу процесіне қосылуына барынша тиімді жағдай жасауға мүмкіндік береді. Баланың білім алуға ерекше қажеттілігін бағалау мамандардың кешенді тексеруінің нәтижесінде, диагнозы анықталғаннан кейін, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияда (ПМПК) жүзеге асырылады. Бұл жұмыс келесі бағытта жүргізіледі:
1) медициналық, әлеуметтік қызмет көрсету мен білім алуға қажеттіліктерін анықтау және растау;
2) баланы оңалтудың кешенді бағдарламасын жасау және жеке даралап оқыту бағдарын (маршрут) белгілеу.
Оның құрамында:
- білім қызметі (оқу бағдарламасының типін және психологиялық-педагогикалық қолдау мазмұнын анықтау);
- әлеуметтік қызмет (жәрдемақылар және жеңілдіктер, техникалық көмекші құралдар мен өмір сүру ортасын бейімдеу, үйде қызмет көрсету және т.б.);
- медициналық қызмет (әртүрлі мамандарға тексерілу және емделу қажеттілігі, стационарда және т.б.)
- отбасына қаржылай, құқықтық, әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету;
3) кеңес беру, үйрету және ата-аналарды педагогикалық түзету процесіне қатыстыру;
4) педагогтарға, психологтарға және мектеп ұйымының басқа да мамандарына ерекше қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде кеңестік-әдістемелік көмек көрсету;
5) психикалық даму мониторингі және білім беруде ерекше қажеттілігі бар балаларды медициналық-әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық тұрақты қолдау.
Бірінші шарт – оқыту процесін дараландыру және саралау Арнайы білім беру қажеттіліктері бар оқушыларда біліктілікті, дағдыларды және денсаулықтың психо-совматикалық резервін меңгерудің түрлі мүмкіндіктері бар. Жалпы білім беретін мектептер осы айырмашылықтарды ескеру керек. Атап айтқанда, жалпы білім беретін ортаға балаларды енгізудің түрлі нысандарын қамтамасыз етуге қажетті:
а) қалыпты сыныпта оқыту - танымдық қабілеттері сақталған оқушыларға арналған. Олар үшін арнайы білім беру бағдарламаларының қажеттілігі жоқ, тек мұғалімнің жеке көмегі керек болуы мүмкін. Осы сыныпқа ерекше қажеттіліктері бар 1-2 оқушыны оқытуға болады. Мұндай сыныпта, ауытқуы жоқ оқушыларды оқытатын білім беру саласындағы педагог мамандар сабақ бере алады. Қажет болған жағдайда, мұғалім, психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандарынан, ресурс орталықтарынан қосымша кәсіби ақпараттар ала алады.
б) арнайы сыныпта оқыту – арнайы жағдайлар талап етілетін (арнайы бағдарламалар, арнайы әдістер мен оқыту тәсілдері, арнайы жабдықтар мен дидактикалық құралдар, психологиялық-педагогикалық үздіксіз қамқорлық) оқушыларға арналған. Бұл сыныптарда арнайы педагогикалық білімі бар немесе курстық даярлаудан өткен мұғалімдер жұмыс істеуі тиіс. Оқытуды ұйымдастыру арнайы білім беру ұйымдарына қойылатын барлық талаптарға сәйкес арнайы оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша жүргізіледі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет