Инклюзивті білім беру ортасы



бет33/57
Дата07.05.2024
өлшемі190.95 Kb.
#500695
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   57
ИББО дәрістер

Сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балаларды оқытуды ұйымдастыру
Сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балаларды оқытудың арнайы жағдайлары
Сөйлеу қабілеті күрделі бұзылған балаларды оқытудың негізгі міндеттері МЖБС сәйкес жалпы білім беру, сонымен қатар олардың сөйлеу тілдік әрекеттеріндегі ауытқуларды, соған байланысты пайда болған балалардың психологиялық даму ерекшеліктеріндегі кемшіліктерді жеңуді, олардың әлеуметтік бейімделуіне ықпал ететін теңгеруші (компесаторлық) дағдылардың қалыптасуын қамтамасыз ету болып табылады.
Сөйлеу қабілеті күрделі бұзылған оқушыларды оқыту жалпы сынып жағдайын да (қажетті психолог-педагогтік қамтамасыз ету барысында), сондай-ақ жалпы білім беретін мектептің арнайы сыныбында да жүзеге асырылуы мүмкін.
Сөйлеу қабілеті күрделі бұзылған оқушыларды арнайы сынып жағдайында мектепте оқытудың ұзақтығы:

  • бастауыш білім беру деңгейінде – 0 (даярлық), 1-4 сыныптар;

  • негізгі орта білім беру деңгейі – 5-10 сыныптар. Негізгі мектепті бітіргеннен кейін жеткіншек білімін ТжКБ ұйымдарында жалғастыра алады.

Оқыту мерзімінің ұлғайтылуы балалардың психикалық дамуының тежелуімен, сөйлеу тілі бұзылуының нәтижесінде жазу мен оқуды меңгерудің қиындығымен, түзету-сауықтыру шараларын өткізудің қажеттігімен байланысты болып отыр.
Мектепке дейінгі сәйкес дайындықтан өткен балалар 1-ші арнайы сыныпқа қабылдануы мүмкін. Мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген, 1-ші сыныптың бағдарламалық материалын меңгеру үшін жеткілікті сөз және ұғымдар қоры жоқ оқушылар, арнайы даярлық сыныбына қабылданады.
Сөйлеу тілдік әрекеті нормаға сәйкестендірілген жағдайда оқушы оқытудың кез келген сатысында жалпы білім беретін мектептің кәдімгі сыныбына ауыстырылуы мүмкін.
Оқушылардың білім алудағы ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру
Оқытудың түзетушілік бағыттылығы білім берудің түрлі деңгейінде оқушылардың тілдік және тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, жалпы білім беру пәндерінің мазмұнын оқыту әдістемесі саласына бейімдеу және өзгертудің көмегімен жүзеге асырылады. Түзету-дамытушылық нәтиже арнайы пәндер (Айту, Тілді дамыту) және тілдік кемістіктері бар оқушыларға бейімделген жалпы білім беретін пәндер (Сауат ашу, Әдебиет, Ана тілі), яғни түзетуші лингвистикалық курс арқылы орындалады. Аталған курс тұлғаның тілдік әрекетінің толық қалыптасуының және қоғамға ойдағыдай бейімделуінің маңызды құралы болып табылады.
Түзету сабағы ретінде оқу жоспарына: «Түзету ырғағы» және логопедиялық сабақтар енгізілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет