Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларды оқытудың арнайы жағдайлары
Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларды МЖБС сәйкес жалпы білім берумен, сонымен қатар олардың дене бітімі дамуындағы, танымдық және тілдік әрекеттеріндегі ауытқуларды жеңуді қамтамасыз ету оқытудың негізгі міндеттері болып табылады.
Тірек- қозғалыс аппараты бұзылған оқушыларды оқыту жалпы сынып жағдайын да, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептің арнайы сыныбында да жүзеге асырылуы мүмкін. Қажет болған жағдайда үйде оқыту ұйымдастырылуы мүмкін.
Тірек-қозалыс аппараты бұзылған оқушыларды арнайы сынып жағдайында мектепте оқытудың ұзақтығы:
- бастауыш білім беру деңгейінде – 0 (даярлық), 1-4 сыныптар;
- негізгі орта білім беру деңгейі – 5-10 сыныптар;
- жалпы орта білім беру деңгейі – 11-12 сыныптар.
Оқыту мерзімінің ұлғайтылуы балалардың психикалық дамуының тежелуімен, сөйлеу және қимыл-қозғалыстың бұзылуының нәтижесінде жазу мен оқуды меңгерудің қиындығымен, түзету-сауықтыру шараларын өткізудің қажеттігімен байланысты болып отыр.
Оқушылардың білім алудағы ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру
Барлық оқу пәндерінде оқытудың түзетушілік бағыттылығы жүзеге асырылады, сонымен қатар дене, танымдық және сөйлеу әрекеті дамуындағы ауытқуларды жеңу мақсатын алға қояды. Оқу процесін ұйымдастыру арнайы әдістер мен тәсілдерді қолдануды, бағдарламаның жекелеген бөлімдері мен тақырыптарын зерделеуге мүмкіндік беретін пропедевтикалық (алдын ала) оқытудың арнайы сабақтарын кіргізуді, сонымен бірге дамудағы ауытқуды түзету бойынша жекелеген және топтық арнайы сабақтар өткізуді қарастырады. Бұндай сабақтарда алынған білімдер мен дағдылар жалпы білім беретін пән сабақтарында бекітіледі.
Тірек-қозғалыс аппараты функциялары бұзылған балаларды оқыту емдеу-қалпына келтіру жұмыстары аясында жүзеге асырылады, бұл жұмыстардың құрамына: қимыл-қозғалыстың бұзылуын медициналық түзету, жүйке-психикалық ауытқуды дәрі-дәрмектік емдеу, соматикалық аурулардың алдын алу кіреді. Емдеу іс-шараларын бала дәрігерлері (педиатрлар), психоневрологтар, ортопедтар, емдік дене шынықтыру (ЕДШ) дәрігерлері, физиотерапевтер, орта және кіші медициналық қызметкерлер жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |