Инклюзивті білім беру ортасы


Психикалық дамуы тежелген балаларды оқытуды ұйымдастыру



бет34/57
Дата07.05.2024
өлшемі190.95 Kb.
#500695
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   57
ИББО дәрістер

Психикалық дамуы тежелген балаларды оқытуды ұйымдастыру
Псхикалық дамуы тежелген балаларды оқытудың арнайы жағдайы
Псхикалық дамуы тежелген балаларды оқытудың негізгі міндеті оларды негізгі орта білім алуға қабілетті арнайы жағдаймен қамтамасыз ету болып табылады.
Псхикалық дамуының тежелу деңгейіне және жеке ерекшеліктеріне байланысты осы балаларды мектепте оқыту түрліше ұйымдастырылуы мүмкін. Конституционалды, психогенді, соматогенді шығу тегіндегі псхикалық дамуы тежелген балалар оларға осы санаттағы балаларды оқытудың әдісімен және психикалық даму ерекшеліктерімен таныс бастауыш сынып мұғалімдерінің жеке тәсілдері және мамандардың (логопед, психолог, арнайы педагог, дәрігер) психологиялық-педагогикалық қолдауы жағдайында жалпы білім беретін мектептің жай сыныптарында оқуы мүмкін болады.
Псхикалық даму тежелісі көрсетілген (церебралды-органикалық шығу тегіндегі) балалар (арнайы сыныпта) саралап оқыту жағдайына мұқтаж болады. Мінез-құлқында күрделі бұзылысы және психопатиялық реакциясы бар балалар үшін үйде оқыту ұйымдастырылуы мүмкін.
Арнайы сынып жағдайындағы псхикалық дамуы тежелген балаларға мектептік білім беру ұзақтығы:
-бастауыш білім беру деңгейі– 0 (дайындық), 1-4- сыныптар;
-негізгі орта білім беру деңгейі– 5-10-сыныптар.
Псхикалық дамуы тежелген білім алушылар үшін арнайы сыныптың оқу күн тәртібі балалардың шаршағыштығының жоғарылығы ескеріле отырып: бірінші аусымда оқыту ұзартылған күн режімінде жасалады.
Оқыту мерзімінің артуы балалардың психикалық даму қарқынының бәсеңдігіне, оқу әрекетін қалыптастырудағы және оқу бағдарламасы мазмұнын меңгерудегі қиыншылықтарға, түзету-дамытушылық іс шаралар жүргізудің қажеттілігіне байланысты.
Оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру
Қарастырылып отырған санаттағы балалармен арнайы педагогикалық жұмыстың міндеттері оқуға жалпы қабілеттерін дамыту және дамуындағы жеке кемшіліктерді жеңу болып табылады. Балалар мультидпәндік мамандар командасының: логопед, психолог, арнайы педагог көмегін қажет етеді. Оқытудың түзетушілік бағыттылығы сонымен қатар, сабақта оқу жоспарының барлық пәндері бойынша жаппай оқыту процесінде іске асады. Оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау процесінде мұғалім бала туралы (мультидисциплинарлық мамандар командасы мүшелерінен) алынған барлық мәліметтерді жалпылаушы және түсініктеме беруші, олармен тікелей жұмысты ұйымдастыратын интегратор рөлінде болады. Оқушыларды оқыту стратегиялары мен әдістерін таңдау оқушылардың танымдық қызметі мен жұмысқабілеттілігі ерекшеліктерімен анықталады.
Оқытудың бастапқы кезеңінде (1,2-сыныптарда) «кіші қадам» әдісі маңызды орын алады. ол балалардың зияткерлік жұмыс қабілетінің төмендігін ескере отырып, жаңа материалды оқытылатын түсінік мәнін оқушылардың түсіну мүмкіндігіне сәйкес кішігірім мөлшермен беруді талап етеді. Сонымен қатар, оқу материалын кең көлемде ашу (оқушыларда ойлаудың қорытушы функциясының жақсы дамуына сүйенетін«дидактикалық бірлікті ірілеу» әдісіне қарама-қарсы) да маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет