Инструкция по организации образовательного процесса в учебных кабинетах школы астана 2015


Оқу кабинеттерін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуге қойылатын талаптар



бет2/6
Дата09.06.2016
өлшемі0.77 Mb.
#124422
түріИнструкция
1   2   3   4   5   6

3 Оқу кабинеттерін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
3.1 Оқу кабинеттерінде Мемлекеттік стандарттың орындалуын қамтамасыз ететін негізгі нормативтік құжаттары болуы керек.

3.2 Оқу кабинеттерін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету – білім беру үдерісін жүзеге асыру үшін. қажетті құрал-жабдықтардың оқу кабинеттерінде болуы. Оқу құрал-жабдықтары – білім, білік, дағдыны қалыптастыру көзі.

3.3 Кабинеттің оқу-материалдық базасы: көрсету, дидактикалық, тарату материалдары, пән бойынша әдебиеттер (аударма және түсіндірме сөздіктері), тақырыптар мен деңгейлері бойынша оқыту бағдарламаларынан тұрады.

3.4 Оқу кабинеттерін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуде төмендегі талаптар ескерілуі қажет:



  • функционалдық (оқу-әдістемелік ортаның әрбір элементінің функционалдық бағыты болуы және білім беру үдерісінде қолдануы керек);

  • сәйкестілік (оқу кабинетінің оқу-әдістемелік ортасы оқу бағдарламаның ерекшеліктеріне, бейіндік бағыттың талаптарына, білім алушылардың антропометриялық параметрлеріне сәйкес болу керек);

  • коммуникациялық (оқу кабинетінің оқу-әдістемелік ортасының ақпараты жеткілікті және қолайлы, көру және дыбыстық байланыспен қамтылған, еркін қимылдауға және қозғалуға мүмкіндік жасалған болу керек);

  • үйлесімдік (оқу кабинетінің ақпараттық-пәндік ортасын құру білім беру үдерісінің барлық субъектілерінің қатысуымен жүргізілуі керек;

  • идеялардың ерекшелігі, кабинеттің оқу-әдістемелік ортасын ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдердің маңыздылығы.

3.5 Дидактикалық, тарату материалдары мен пән бойынша әдебиеттер тізбесі «Жалпы білім беретін мектептерге арналған көрнекі оқу құралдары мен оқу жабдықтарының үлгілік тізбесіне» сәйкес келуі тиіс.

3.6 Мектеп кабинетін ресімдеу бойынша жалпы әдістемелік ұсынымдар.

3.6.1 Оқу кабинетінің ресімделуі эстетикалық қағидаларды ескере отырып, бірыңғай стильде жүзеге асырылуы тиіс, яғни тұлғаның үйлесімді жетілуіне ықпал етуі керек.

3.6.2 Кабинеттің артқы қабырғасына немесе сынып бұрыштарында оқу жабдықтарын сақтауға арналған секциялық шкафтар орналастырылуы тиіс.

3.6.3 Бүйір қабырға (терезеге қарама-қарсы) тұрақты немесе уақытша көрнекі-құралдар үшін пайдаланылады.

3.7 Оқытудың түрлі кезеңдері мен пәнаралық байланыстардың сабақтастық қағидалары оқыту объектілері мен оқу-әдістемелік кешендер (оқулық, жұмыс дәптері, аудиотаспалар, мұғалімге арналған кітаптар, оқуға арналған кітаптар) құралдар топтамасының тізімін қосқандағы есебімен жүзеге асырылады, онда мектепте пәнді оқытудың толық курсы қамтылады. Осы оқу-әдістемелік кешендердің ішкі құрылымы, олардың мазмұны, материалды берудің тәсілдері және оқу әрекетін ұйымдастыру қағидалары білім алушыларға оқу сатысында табысты «түйісуге» мүмкіндік береді.

3.8 Аталған құралдар мен материалдық-техникалық қамтамасыз етілудегі объектілердің нақты саны сыныптағы толымдылықтың орташа есебімен жүргізіледі (25-30 білім алушы), оның ішінде сыныпты топтарға бөлу жағдайы ескеріледі.

Білім беру үдерісін ұйымдастыру бойынша оқу жабдықтарының саны оқу кабинеттерінің санымен есептеледі. Бұл ретте, аталған техникалық құралдардың маңызды бөлігін пайдалану пәнішілік қана емес, жалпы оқу міндеттерін шешумен байланысты.

3.9 Білім беру үдерісін ұйымдастыру бойынша сандық көрсеткіштерді айқындау мақсатында, символикалық таңбалардың келесі жүйесі пайдаланылады:


    • Д – демонстрациялық дана (1 дана, арнайы келісілген жағдайдан басқа);

    • К – толық жинақ (сыныптағы шын мәніндегі толымдылық нәтижесінде);

    • Ф – фронталдық жұмыстарға арналған жинақ (шамамен толық жинаққа қарағанда екі есе аз, яғни екі білім алушыға 1 данадан кем емес);

    • П – бірнеше білім алушылар бойынша есептелетін, практикалық топтық жұмыстарға қажетті жинақ (6-7 дана).

3.10 Кабинетте мұғалімге арналған әдістемелік әдебиеттің жеткілікті жиынтығын қарастыру қажет, ол әдістемелік журналдар, арнайы әдістемелік әдебиет, психология бойынша әдебиеттер, анықтамалық әдебиет болуы тиіс.

3.11 Кабинетте оқу орнының аталған типінің бағдарламасы бойынша курсқа арналған оқу кітаптары түріндегі оқу құралдарының толық жиынтығы; оқулықтар (топтағы білім алушылардың саны бойынша), сөздіктер (екі тілді, топтағы білім алушылардың саны бойынша) болуы тиіс.

3.12 Кабинеттің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуіне қажетті құрал-жабдықтар төмендегідей топтастырылады:

1) көру (визуалды) құралдары, олар: кестелер, карталар, сызба нұсқалар, табиғи объектілер (кеппешөптер, минералдар т.б. жиынтықтары) және т.б.;

2) аудио құралдар: радио, магнитафон, музыка аспаптары т.б.;

3) интерактивті тақта, теледидар, бейнетаспа, дыбысты фильмдер т.б.;

4) сөздік құралдар: оқулықтар, қосымша әдебиеттер, сөздіктер, анықтамалықтар, әдістемелік құралдар, мәтіндер және т.б.

3.13 Бастауыш сынып кабинеті.



3.13.1 Тіл және әдебиет пәндерін оқыту үшін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету:

  1. оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес көркем әдебиет, көлемді және шағын суретті кітаптар, өлең жинақтары, ертегілер жинақтары, аңыздар, газет-журналдар, ақындар, жазушылар туралы аудиожазбалар мен бейнефильмдер;

  2. мультфильмдер, ертегілер жинақтары, деректі және көркем фильмдер;

  3. постерлер (ватмандар);

  4. түсіндірме, орфографиялық сөздіктер; синонимдер, антонимдер, фразеологизмдер сөздіктері; грамматика, орфография, пунктуация анықтамалықтары; энциклопедиялар;

  5. әртүрлі мамандықтардың арнайы киімдері, маскалар, ұлттық киімдегі қуыршақтар (сахналауға арналған);

  6. дидактикалық материалдар; кеспе әріптер, буындар, әріптер кассасы, алфавит, суретті алфавит, сюжеттік суреттер және т.б.;

  7. көрнекі құралдар (иллюстрациялар, портреттер, кестелер);

  8. ұлттық киімдер, сахналық костюмдер, декорациялар, ұлттық ойындар ұйымдастыруға арналған құрал-жабдықтар.

3.14 Бастауыш мектепке арналған «Математика» пәнін оқытуға қажетті құрал-жабдықтар:

  1. оқулықтар, дидактикалық материалдар, анықтамалықтар, энциклопедиялар;

  2. мұғалімге арналған анықтамалықтар мен әдістемелік әдебиеттер картотекасы;

  3. жеке және топтық жұмыстарға арналған тапсырмалар жинағы;

  4. кеңістіктік фигураларды жобалауға арналған материалдар жиынтығы (құрастырмалы материалдар, жіптер, т.б.);

  5. әртүрлі модельдер және эксперименттер жасауға арналған материалдар; түсті қағаз, қатырма қағаз, ермексаз, қайшылар, ұзындықтары әртүрлі жіптер, домино, таяқшалар, өлшеу құралдары, т.б.;

  6. санауға арналған материалдар (үрмебұршақтар, монеталар, фишкалар, геометриялық фигуралар);

  7. магниттік фигуралар мен белгілер жиынтығы;

  8. жеке шағын маркерлік тақталар, геометриялық фигуралар құрастыруға арналған изометриялық тақталар;

  9. демонстрациялық плакаттар жиынтығы (көбейту кестесі, өлшем бірліктері кестесі, т.б.);

  10. демонстрациялық құралдар (сағат циферблаты, таразы, түрлі көлемді өлшеуіш ыдыстар, геометриялық денелер жиынтығы, бүтіндер мен оның бөлшектері, т.б.);

  11. - түрлі сызғыштар, циркульдер, метрлік ленталар, палеткалар;

  12. разрядтық бірліктерді демонстрациялауға арналған математикалық конструкторлар (бірліктер, ондықтар, жүздіктер, мыңдар).

3.15 Бастауыш мектепке арналған «Дүниетану» пәнін оқытуға қажетті құрал-жабдықтар:

  1. карталар (физикалық, тарихи, географиялық);

  2. Қазақстанның табиғатын бейнелейтін суреттер, фотографиялар, кітаптар, фильмдер;

  3. пайдалы қазбалар мен минералдар коллекциясы;

  4. микроскоп, компас, глобус, үлкейткіш шыны, колба, шыны ыдыстар, термометр;

  5. тақырыптық демонстрациялық материалдар (тарихи тұлғалар мен өнер қайраткерлерінің портреттері, тәуелсіз Қазақстан тарихын бейнелейтін суреттер, Қазақстанның географиялық рельефі, климат және ауа райы, минералдық ресурстар, туризм, табиғи құбылыстар, табиғи апаттар, баспана және отбасы, мектеп, туған өлке, денсаулық және қауіпсіздік);

  6. бейне және аудиоресурстар;

  7. энциклопедиялар, анықтамалықтар.

3.16 Бастауыш мектепке арналған «Жаратылыстану» пәнін оқытуға қажетті құрал-жабдықтар:

Пәнді оқыту үшін арнайы зертхананың болуы міндетті емес, қажет болған жағдайда математика, физика, химия кабинеттерінің ресурстарын пайдалануға болады.

- MGA (датчиктердің көмегімен деректерді тіркеуге арналған құрал);

- үздіксіз қуат беру көзі;

- батарея (таблетка) және ұстағыштар;

- қосқыш сымдар;

- ток аударғыш; 2-4V лампалары және ұстағыштар;

- деректермен жұмыс жасауға арналған компьютерлік бағдарламалар;

- глобус; Күн жүйесінің моделі;

- түрлі модельдер мен муляждар; бөлме өсімдіктері;

- тақырыптарға сәйкес кестелер, плакаттар; тақырыптық бейнематериалдар коллекциясы;

- пайдалы қазбалар мен минералдар коллекциясы;

- айна; жарық көздері; жылу көздері;

- ерітінділер; термикалық ыдыстар;

- колбалар; сыны ыдыстар; лупалар; спирт шамдар;

- сүзгі қағаздар; қорғаныш көзілдірігі;

- микроскоп; термометр;

- таразылар (қолтаразы және электрондық); жарық датчиктері;

- таймерлер; динамометрлер; өлшеуіш рулеткалар;

- секундомер; дыбыс көздері (музыкалық аспаптар, т.б.);

- калориметрлер (термостар);

- түрлі ток өткізгіш заттар жиынтығы (шыны, мыс, болат, алюминий, резина, пластмасса);

- магниттік компас; телескоп;

- түрлі көлемдегі магниттер жиынтығы;

- магниттік тақта;

- өсімдіктер гербарийі;

- топырақ түрлерінің коллекциясы;

- Қазақстанның физикалық картасы, тақырыптық карталар;

- жануарлар тұлыбы; тірі табиғат бұрышы (тотықұстар, балықтар, үй қояндары, т.б.);

- адам қаңқасы;

- энциклопедиялар, анықтамалықтар;

- флипчарт.

3.17 Бастауыш мектепке арналған «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» пәндерін оқыту үшін кабинет сурет, көркем сурет, өрнектер дайындау және т.б. әрекеттерге үйретуге қажетті ресурстармен қамтамасыз етілуі керек. Өнердің кейбір түрлері туралы сабақ өткізу үшін арнайы құрал-жабдықтары (муфель пеші) бар бөлме ескерілуі мүмкін.

3.17.1 «Бейнелеу өнері», «Еңбекке баулу» пәндерін тиімді оқытуға арналған құрал-жабдықтар:

- ақ, қызыл немесе сұр (сары) сазбалшықтар және оларды сақтауға арналған ыдыстар;

- сазбалшықпен жұмыс істеуге арналған аспаптар жиынтығы (пышақ, ағаш таяқшалар, сызғыштар);

- муфель пеші;

- диаметрі әртүрлі сымдар;

- Modroc (гипс жағылған бинт) және ыдыстар;

- ағаш;


- қарапайым тоқыма станоктары;

- түрлі-түсті тоқыма жіптері;

- түрлі-түсті мақта жіптері;

- жүн және киіз жасайтын құралдар;

- батикке арналған құралдар мен материалдар;

- қолмен тігуге арналған құралдар мен материалдар;

- кестелеуге арналған құралдар мен материалдар;

- маталар жиынтығы, аксессуарлар;

- түрлі-түсті қағаздар, сурет салуға арналған қағаздар, газет қағазы, ватмандар, гофрлі қағаздар; түрлі-түсті картондар;

- кескіштер;

- ламинатор;

- Polyprint (полистирол);

- су негізді баспаға арналған бояулар;

- валиктер;

- бояуларға арналған ыдыстар;

- бояулар: түрлі-түсті гуашьтар, акрил, акварель,тушьтар сиялар;

- қылқаламдар жиынтығы;

- шпатель, мастихин жиынтығы;

- қайшылар, ПВА желімі, көлемдері әртүрлі скотчтар, екі жақты скотч;

- қарындаштар жиынтығы: түрлі-түсті қарындаштар, графиттік таяқшалар;

- өшіргіштер, ұштағыштар;

- фломастерлер;

- борлар; пастельдер;

- палитра;

- мольберттер;

- қорғаныш құралдары (қорғаныш көзілдірігі, қолғаптар, алжапқыштар, т.б.).

3.18 Қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті (негізгі мектеп, орта мектеп).


      1. Қазақ тілі мен әдебиеті кабинетінің оқу-көрнекілік жабдықтары:

  • оқу-көрнекі құралдардың тақырыптық аннотацияланған картотекасы;

  • хронологиялық тәртіпте немесе оқу тақырыбына сәйкес ілінген классиктердің портреттері;

  • ақын, жазушылардың, қоғам қайраткерлерінің портреттері;

  • тіл үйренуде рөлдік ойындар ойнауға қажетті ойыншықтар, суреттер;

  • пәндiк ережелердің, сызбалардың топтамалары (плакаттар);

  • мұғалiмдерге арналған әдiстемелiк, дидактикалық құралдар;

  • диктанттар мен мазмұндамалар жинақтары;

  • қазақ тілінің түсіндірме сөздігі;

  • орфографиялық сөздік;

  • антонимдер сөздігі;

  • синонимдер сөздігі;

  • омонимдер сөздігі;

  • фразеологиялық сөздіктер;

  • олимпиада тапсырмалары мен ғылыми жоба жарыстарының тақырыптары бойынша iзденiс жұмыстары;

  • тақырыптар бойынша әр жылдарда жарияланған мақалалар жиынтығы;

  • дидактикалық материалдар жиынтығы;

  • сыныптар бойынша практикалық жұмыс тапсырмаларынан құрастырылған үлестiрмелi материалдар;

  • қазақ тілі жаттығуларының мазмұны және оқу бағдарламасының бөлімдері мен тақырыптары бойынша жүйеленген ақпараттық банкілері;

  • деңгейлiк тапсырмалар үлестірмелі материалдары жиынтығы.

3.18.2 Қазақ тілі мен әдебиеті пәндеріне қажетті әдебиеттер:

1) қазақ тiлi мен әдебиетi пәндерiнiң оқулықтары мен оқу құралдары;

2) ғылыми-танымдық, анықтамалық, әдiстемелiк әдебиеттер;

3) сыныптан тыс оқуға арналған басылымдар;

4) қазақ тiлi мен әдебиетi пәндерiнiң оқу бағдарламаларының жиынтығы;

5) пән мұғалiмдерiнiң жеке портфолиолары;

6) оқушылар портфолиолары.

3.19. Орыс тілі мен әдебиеті кабинеті.

3.19.1 Орыс тілі мен әдебиеті кабинетінің оқу-көрнекілік жабдықтары:


  1. аудиовизуальные материалы;

  2. проектор, интерактивная доска;

  3. флипчарт;

  4. маркеры;

  5. ламинатор;

  6. аутентичный материал;

  7. постеры;

  8. печатные, экранные, звуковые и экранно-звуковые пособия, демонстрационный и раздаточный материал.

3.19.2 Книжный фонд для воспитания культуры речи и чтения и для формирования навыков самостоятельной работы:

1) словари школьного типа, адресованные учащимся (орфографические, фонетические, толковые, фразеологические, словообразовательные, иностранных слов и др.);

2) по литературе: комментарий к художественным произведениям, краткий словарь литературоведческих терминов, справочники (пособия для учащихся серии «Литература. Справочные материалы», «Литература учит» и др.), облегчающие организацию самостоятельной работы учащихся;

3) литература, соответствующая возрастной категории;

4) журналы, соответствующие возрастной категории;

5) книги и брошюры с картинками;

6) энциклопедии;

7) комплекты научно-методических книг: программы, учебники, методические рекомендации к учебникам, хрестоматиям, сборники дидактических материалов, изложений, диктантов и др.;

8) картотеки: систематические, тематические, поурочные;

9) экспозиционные стенды для организации выставки: тетрадей, книг, справочных таблиц, карточек со словами для запоминания, календаря знаменательных дат (это могут быть открытые стенды и закрытые застекленные витрины для обеспечения сохранности ценных экспонатов).

Специфика предметов «Русский язык» и «Литература» предполагает использование и нестандартной мебели. Это – кафедра, трибуна для докладчика, оратора, мягкие кресла для посетителей литературной гостиной, слушателей в кабинете риторики.

3.20 Шетел тілі кабинеті.

3.20.1 Шетел тілі кабинетінің оқу-көрнекілік жабдықтары:


  1. оқу-көрнекі құралдардың тақырыптық аннотацияланған картотекасы;

  2. алфавит транскрипциясымен;

  3. түрлі суреттер;

  4. рөльдік ойындарды ұйымдастыруға арналған ойыншықтар;

  5. үлестірме дидактикалық материалдар;

6) анықтамалар.

3.20.2 Шетел тілі кабинетінің оқу-әдістемелік жабдықтары:

1) шетел тілі бойынша бағдарламалар;

2) оқулықтар (топтағы оқушылар саны бойынша);

3) сөздіктер (екі тілде, топтағы оқушылар саны бойынша);

4) мұғалімге арналған әдістемелік құралдар, арнаулы әдістемелік әдебиеттер;

5) «Мектептегі шетел тілі» әдістемелік журналдары;

6) шетел тіліне оқытатын бағдарламалар болуы қажет.

3.21 Математика кабинеті.

3.21.1 Математика кабинетінің жарақтандырылуы:



  1. белгіленген панельдері бар сынып тақталары:

- координаталық бұрыштың;

- координаталар жүйесінің;



  1. магнитті тақта;

  2. бейнедемонстрация жасау үшін экран-тақта;

4) демонстрациялық бейнелер мен суреттер салуға арналған сызбалық керек-жарақтар жиынтығы.

3.21.2 Математика кабинетінің оқу-көрнекілік жабдықтары:



  • оқу-көрнекі құралдардың тақырыптық аннотацияланған картотекасы;

  • геометриялық фигуралар және стереометриялық денелер жиынтығы;

  • көпжақтар мен айналу денелерінің моделдері және жазбалары;

  • зертханалық-тәжірибелік жұмыстар жүргізуге арналған математикалық модельдер жиынтығы.

3.21.3 Математика кабинетінің оқу-әдістемелік жабдықтары:

  • оқу-әдістемелік құралдар кітапханасы және оған библиографиялық картотекасы;

  • ғылыми-танымал әдебиеттер кітапханасы және оған библиографиялық картотека;

  • анықтамалық әдебиет кітапханасы;

  • дидактикалық материалдар жиынтығы;

  • үлестірмелі материалдар жиынтығы;

  • орталықтандырылған тестілеу материалдарының тақырыптық картотекасы;

  • орталықтандырылған тестілеу материалдары тапсырмаларының тақырыптық ақпараттық базалары;

  • математикалық есептердің мазмұны, оқу бағдарламасының бөлімдері мен тақырыптары, шығарылу әдістері бойынша жүйеленген ақпараттық материалдар;

  • оқу-көрнекілік және оқу-әдістемелік жабдықтар картотекасы.

3.22 Информатика кабинеті.

3.22.1 Информатика кабинетінің оқу-әдістемелік жабдықтары:

1) оқулықтар мен әдістемелік құралдар, жұмыс дәптерлері;

2) бағдарлама жасау бойынша әдістемелік құралдар;

3)бағдарлама жасау бойынша бақылау және өздік жұмыстарының жиынтығы;

4) бағдарлама жасау бойынша есептер жинағы;

5) бағдарлама жасау бойынша ЯП Паскаль тапсырмаларының жиынтығы;

6) зертханалық жұмыстар жиынтығы;



7) тақырыптар бойынша тест жұмыстарының жиынтығы;

8) энциклопедиялар, анықтамалықтар;

9) тақырыптарға сәйкес кестелер (электронды нұсқада болуы мүмкін);

10) дидактикалық материалдар;

11) үлестірме тапсырмалар жиынтығы.

3.23 География кабинеті.

3.23.1 География кабинетінің жарақтандырылуы:


  1. Оқу-көрнекі құралдардың тақырыптық аннотацияланған картотекасы;

  2. Жерді зерттеушілер мен саяхатшылардың портреттері болуы тиіс;

  3. Туған өлкені оқып-үйренуге арналған бұрыш.

3.22.2 Физикалық географияның бастапқы курсын оқу барысында қажетті жер бедерінің (таулардың, жазықтардың, ойпаттардың, өзен аңғарының т.б.) макеттері болуы тиіс.

3.23.3 Геологиялық экспозициялар жиынтығы (тау жыныстары, минералдар, пайдалы қазбалар, топырақ түрлері), отын-энергетика, қара металлургия, түсті металлургия, химия өнеркәсібіне, құрылыс өнеркәсібіне қажетті шикізат үлгілері топтамасы, қара, түсті металлургия, химия және құрылыс өнеркәсіптері өнімдерінің топтамасы («Таза талшықтар», «Жасанды талшықтар», «Синтетикалық талшықтар», «Құрылыс өнеркәсібі өнімдері», «Ағаш өңдеу өнеркәсібі өнімдері» топтамалары және т.б.).

3.23.4 Кеппешөптік мәдени өсімдіктердің, мал шаруашылығына қажетті жемдік өсімдіктердің жиынтықтары.

3.23.5 География кабинетінің оқу-әдістемелік жабдықтары:

1) оқу-әдістемелік құралдар кітапханасы және оған библиографиялық картотека;

2) ғылыми-танымал әдебиеттер кітапханасы және оған библиографиялық картотека;

3) анықтамалық әдебиет кітапханасы;

4) дидактикалық материалдар жиынтығы;

5) үлестірмелі материалдар жиынтығы;

6) орталықтандырылған тестілеу материалдарының тақырыптық картотекасы;

7) оқылатын елге байланысты елтану альбомдарды;


  1. олимпиада материалдарының жиынтық папкасы.

3.24 Биология кабинеті.

3.24.1 Биология кабинетінің жарақтандырылуы:

1) интерактивті тақта, теледидар (алдыңғы қабырғаға кронштейнге орнатылады);

2) бейнетаспалар (тақырыптарға сәйкес);

3) экрандық-дыбыстық құралдар: мұғалімдерге арналған мультимедиялық электрондық құралдардың «Биология курсы бойынша лабораториялық жұмыстар және практикум» жиынтығы, жалпы білім беретін мектеп кабинеттеріндегі демонстрациялық және оқу-лабораториялық құралдарды қолдану бойынша басшылық;

4) арнайы лабораториялық жиһаздар жиынтығы, лаборант бөлмесіне арналған құрал-жабдықтар: аналитикалық таразыға арналған үстел, аналитикалық таразы, муфель пеші, муфель пешіне арналған үстел, кептіру шкафы, мұздатқыш шкаф, лаборант бөлмесіне арналған шкаф-стеллаж, мұғалім мен лаборантқа арналған дистилляторға арналған үстел, құрал жабдықтарға арналған үстел-арба.

3.24.2 Биология кабинетінің оқу-көрнекілік жабдықтары:

1) табиғи нысандар: коллекциялар, кеппешөптер, микропрепараттар, ылғалды препараттар (жануарлардың ішкі және сыртқы құрылысын және жануарларды дамуын бейнелейтін);

2) оқытуды бейнелеу құралдары: модельдер (көлемді: түрлі туыстастардың гүл құрылысы, жануарлар мен адамдардың жеке дене бөліктерінің құрылысы, модель-аппликациялар, остеологиялық), муляждар, кәсіпшілік немесе адамдар асырайтын жануарлардың кескіндері);

3) баспа құралдары: плакаттар мен кестелердің жиынтығы, биолог-ғалымдардың портреттері, графиктік кестелер, карталар, атластар, аппликациялар, көлемді модельдер мен муляждар;

4) демонстрациялық және жалпы қолданыстағы аспаптар, оқу-практикалық құралдары: таразылар, көтергіш орындықтар, штативтер, фотосинтезге арналған резервуарлар, оптикалық аспаптар (ұлғайтқыш әйнек, бинокль, микроскоптар), реактивтер, ыдыстар, лабораториялық құрал-жабдықтар, өсімдіктерді күтіп-баптауға арналған құралдар;

5) оқу-көрнекі құралдардың тақырыптық аннотацияланған картотекасы.

3.24.3 Биология кабинетінің оқу-әдістемелік жабдықтары:

1) оқу-әдістемелік құралдар кітапханасы және оның картотекасы;

2) ғылыми-танымал әдебиеттер кітапханасы және картотекасы;

3) анықтамалық әдебиет кітапханасы, альбомдар;

4) энциклопедиялар;

5) дидактикалық материалдар жинағы;

6) үлестірмелі материалдар жинағы;

7) олимпиада материалдарының жинақ папкасы;

8) лабораториялық және практикалық жұмыстарға арналған ұсыныстар.

3.25 Физика кабинеті.

3.25.1 Физика кабинетінің жарақтандырылуы:

1) тақырыптар бойынша кестелер, сызбанұсқалар;

2) өздік жұмыстарға арналған үлестірмелі материалдар;

3) жеке және топтық жұмыстарды ұйымдастыруға арналған үлестірме материалдар;

4) білім және білікті тексеруге арналған тапсырмалар жинағы.

3.25.2 Физика кабинетінің оқу-әдістемелік құралдары:

1) пәнге байланысты оқулықтар;

2) ғылыми-көпшілік, анықтамалық әдебиеттер;

3) оқушылардың практикалық және өздік жұмыстарының үлгілері;

4) олимпиадалық жинақтар.

3.25.3 Физика кабинетінің арнайы құралдары:

1) модельдер;

2) реактивтер;

3) макеттер;

4) арнайы лабораториялық құрал-жабдықтар.

3.26 Химия кабинеті.

3.26.1 Химия кабинетінің жарақтандырылуы:

1) тақырыптар бойынша кестелер, сызбанұсқалар;

2) өздік жұмыстарға арналған үлестірмелі материалдар;

3) жеке және топтық жұмыстарды ұйымдастыруға арналған үлестірмелі материалдар;

4) білім және білікті тексеруге арналған тапсырмалардың жинақтары;

5) тақырыптық және қорытынды бақылауға арналған тест тапсырмаларының жинағы (8, 9, 10, 11-сыныптар);

6) анықтамалық кестелер сериясы («Химиялық элементтердің периодтық жүйесі», «Тұздардың, қышқылдардың және негіздердің судағы ерітіндісі», «Металдардың электрохимиялық кернеу қатары» және т.б.);

7) бейорганикалық, органикалық химия бойынша, химия өнеркәсібінің негізгі өнімдерін өндіру бойынша түрлі оқу кестелерінің сериясы;

8) химик-ғалымдардың потреттерінің жиынтығы.

3.26.2 Химия кабинетінің оқу-әдістемелік құралдары:

1) пәнге байланысты оқулықтар;

2) ғылыми-көпшілік, анықтамалық әдебиеттер;

3) оқушыларға арналған жұмыс дәптерлері;

4) ғылыми-әдістемелік құралдар және мерзімдік басылымдар («Химия мектепте»; «Химия» және т.б.);

5) оқушылардың практикалық және өздік жұмыстарының үлгілері;

6) олимпиадалық жинақтар;

7) орта мектепке арналған химия пәні бойынша есептер жинақтары;

8) курстың барлық бөлімдері бойынша мультимедиялық бағдарламалар (мұғалімге, оқушыға және үйде қолдануға арналған), (білім берушілік, тренингтік, бақылаушылық);

9) электрондық кітапхана (мұғалімге, оқушыға және үйде қолдануға арналған);

10) Chem Lab, Chem Office, Chem Draw, Chemical Equation, Chem Finder, Ашық химия, химия бойынша репетиторлар, Химиялық лаборатория, Химикус және компьютерлік бағдарламалар;

11) бейорганикалық химия бойынша бейнефильмдер жиынтығы (мұғалімге, оқушыға және үйде қолдануға арналған);

12) органикалық химия бойынша бейнефильмдер жиынтығы (мұғалімге, оқушыға және үйде қолдануға арналған).

3.26.3 Химия кабинетінің арнайы құралдары:

1) химиялық экспериментке арналған реактивтер, құрылғылар, ыдыстар мен лабораториялық құралдар;

2) арнайы жиһаздар (жалпы білім беретін мектептердегі оқу-әдістемелік құралдар мен оқу құрал-жабдықтарының тізіміне сәйкес).

3.27 Тарих кабинеті.

3.27.1 Тарих кабинетінің оқу-көрнекілік жабдықтары:

1) тақырыптар бойынша карталар, суреттер, кестелер, сызбанұсқалар, альбомдар;

2) тарихшылардың портреттері, тарихи иллюстрациялар;

3) атластар, үлестірмелі көрнекілік құралдар;

4) бағдарламаға сәйкес дидактикалық материалдар, үлестірмелі материалдар;

5) тест тапсырмалары, бақылау жұмыстары, олимпиада тапсырмаларының жиынтығы;

6) шығармашылық тапсырмалардың (ребустар, сөзжұмбақтар, викториналар) жиынтығы.

3.27.2 Тарих кабинетінің оқу-әдістемелік жабдықтары:

1) пәнге байланысты әдебиеттер, ғылыми-танымдық әдебиет;

2) әдістемелік әдебиеттер;

3) анықтамалықтар, энциклопедиялар.

3.28 Музыка кабинеті.

3.28.1 Музыка кабинетінің жарақтандырылуы:

1) магнитті тақта, нота орналастыруға арналған құрылғы;

2) фортепиано, домбыра басқа да музыкалық аспаптар;

3) теледидар, бейнемагнитофон, бейнетаспалар жиынтығы;

4) дыбыстық құралдар (микрофондар, дыбыс ұлғайтқыштар);

5) музыкалық-графикалық сызбаларды толтыруға арналған түрлі-түсті борлардың, фломастерлердің жиынтықтары;

6) магнитті негізбен әзірленген нота белгілерінің жиынтығы;

7) дирижер таяқшасы;

8) өлкелік компоненттің мазмұнына сәйкес келетін ұлттық аспаптар жиынтығы.

3.28.2 Музыка кабинетінің оқу-әдістемелік құралдары:

1) ноталық материалдары бар хрестоматиялар;

2) жеке орындауға және хорда орындауға арналған ән жинақтары;

3) әдістемелік құралдар;

4) халық өнері туралы әдістемелік журналдар;

5) музыка және музыка саласындағы атақты адамдар туралы әдебиеттер;

6) өнер бойынша ғылыми-көпшілік әдебиеттер;

7) анықтамалықтар, энциклопедиялар, терминдер сөздіктері;

8) ноталық кестелер, сызбалар;

9) сазгерлер мен әншілердің портреттері;

10) үлестірмелі дидактикалық материалдар жиынтығы.



3.29 Бейнелеу өнерi және сызу кабинеті.

3.29.1 Бейнелеу өнері және сызу кабинетінің жарақтандырылуы:

1) кабинет сумен (ыстық және суық) қамтамасыз етілуі тиіс, қол жуу шұңғылшасы есікке таяу орналастырылады;

2) тақта және тақтаның астында сызу құралдары;

3) оқу және сурет салуға арналған құралдарды сақтауға арналған шкафтар;

4) сурет салуға арналған мольберттер;

5) натюрморттарға арналған сөрелер.

3.29.2 Бейнелеу өнері және сызу кабинетінің оқу-әдістемелік құралдары:

1) оқу-әдістемелік құралдар, анықтамалық әдебиеттер (картотекамен);

2) натюрморттарға арналған заттардың муляждары;

3) геометриялық фигуралар, демонстрациялық материалдар.

3.30 Технология кабинеті.

3.30.1 Технология кабинетінің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі:

1) оқу-әдістемелік кешендер, дидактикалық материалдар, тест тапсырмалары, бақылау жұмыстарының жиынтығы;

2) оқуға қажетті кестелер, сызбанұсқалар, суреттер;

3) анықтамалар, ғылыми-көпшілік әдебиеттер, ғылыми-әдістемелік құралдар;

4) практикалық және өздік жұмыстардың үлгілері;

5) жеке, топтық жұмыстарды ұйымдастыруға арналған үлестірмелі материалдар жиынтығы;

6) оқушылардың білімін және білігін тексеруге арналған тапсырмалар жинағы.

3.31 Алғашқы әскери дайындық кабинеті.

1) «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің нысандары», «Тактикалық дайындық», «Саптық дайындық», «Әскери топография», «Азаматтық қорғаныс» және т.б. стенділер;

2) оқу құралдары: графикалық көрнекі құралдар, жарғылар, жер бедерінің макеттері, атқыш құралдар;

3) Алғашқы әскери дайындық кабинетінде келесі құжаттар болуы қажет:

– жалпыәскерлік жарғының жинақтары;

– Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ішкі қызметінің жарғылары;

– Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің гарнизондық және қарауылдық қызметінің, тәртіп және әскери саптық жарғылары;

– атқыш ісі бойынша нұсқау;

– жастардың алғашқы әскери дайындығының бағдарламалары, оқу-материалдық базаны және жабдықтарды жетілдіру бойынша ұсыныстар;

– бастапқы әскери дайындық бойынша оқулықтар;

– әскери топография, азаматтық қорғаныс және медициналық-санитарлық дайындық бойынша оқулықтар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет