«Интербелсенді оқыту негізінде бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы мұғалім келбеті» тақырыбындағы



бет3/14
Дата23.02.2024
өлшемі54.83 Kb.
#493053
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Интербелсенді оқыту сабақта қолдану

Ой-тоқтам. Рефлексия. Бірлескен іс-әрекетке, қарым-қатынасқа негізделген оқыту әдістері арқылы дамытуға болады, яғни белсенді оқыту әдістерін қолдану тиімді болып саналады.

  1. Интербелсенді оқыту әдістері туралы түсінік. «Әткеншек» әдісімен 5топ талқылайды.

Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруде нәтижеге бағдарлану, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағытталу, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық «жаңалық” ашуы шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек.
Бiздiң ел дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты, бүгiнгi таңда қоғамды шешiм қабылдауға тартудың маңызы арта түстi. Осы бағытта оқушылардың белсендiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн әдiстемелiк тәсiлдер и н т е р б е л с е н д i деп аталып жүр. Бұл әдiстердi қолдану сырттай өте жеңiл көрiнгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар. Интербелсенді – ағылшынның «өзара әрекет” деген сөзі. Демек, интербелсенді оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, «жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.
Интербелсенді оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Дегенмен, интербелсенді оқыту қажетті ақпаратты игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді және оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруда тәжірибесі аз мұғалімдерге көптеген қиындықтар туғызады.
Интербелсенді оқыту үдерісін пайдалану — өмірлік жағдаяттарды модельдеуді, рөлдік ойындарды қолдануды, мәселені бірлесіп шешуді қарастырады. Оқу үдерісінің қандай да бір қатысушысын немесе идеяны (яғни, жақсы оқитындарға ғана назар аудару сияқты) ерекшелеуді шектейді. Бұл моделге адамгершілікпен, демократиялық жолмен келуді үйретеді.
Интербелсенді оқыту – бұл топтық, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу әрекетіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту үдерісін ұйымдастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет