«Интербелсенді оқыту негізінде бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы мұғалім келбеті» тақырыбындағы



бет4/14
Дата23.02.2024
өлшемі54.83 Kb.
#493053
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Интербелсенді оқыту сабақта қолдану

«Оқыту әдістері» шеруі. АукционТоптар шығармашылық идеясымен бөліседі.
Бұл тапсырма Блум таксономиясына сай және «сәтті сабақтың бірінші қағидасына» сай мұғалімдердің не білетіндіктерін ортаға салумен үндеседі. Шеруге «аукцион» әдісімен әр топ өз әдісін стикерге жазып, маңызын айтып, соган байланысты орналастырады.
Біз есте сақтаймыз? Сұрағы бойынша пікірталас:
? Не оқығанымызды
? Не естігенімізді
? Не көргенімізді
? Не естіп, көргенімізді
 Нені басқалармен талқылағанымызды
? Өз басымыздан өткізгенімізді
 Не оқытқанымызды
Рефлексия. Глассер бойынша «оқу пирамидасына» сәйкес түсінік беріп, әр сұраққа жауап беру:
CASE-CTADY. Оқытудағы белсенді әдістердің бірі «case-ctady» тәсілімен бес топқа кейстер беріледі. Педагогикада оқытудың бірнеше моделін атап көрсетуге болады, сол үш түрі мен интербелсенді әдістерге және олардың маңызы мен нәтижелілігі туралы бес топ өзара талқылап, басқа топтарға түсіндіру тапсырылады:
1-топ: Енжар (пассивті) – оқушы оқытудың «объектісі» ролін атқарады (тыңдау және көру). Осы әдістің жақсы және нашар тұстарын басқа топтарға түсіндіреді
Енжар әдіс – мұғалім мен оқушының өзара әрекет формасы. Енжар әдісте мұғалім белсенді рольде болып, оқушылар енжар тыңдаушы роліне енеді. Енжар әдісті ұстанғанда оқушы мен мұғалімнің арасындағы байланыс сұрақ-жауап, өз бетінше жұмыс, тест тапсырмаларын орындату т.б. формалар түрінде өткізіледі.
Қазіргі жаңа технологиялар тұрғысынан қарастырғанда енжар әдіс ең тиімсіз әдістеме ретінде қарастыралады. Дегенмен де енжар әдістің де өзіндік тиімді тұстары бар. Яғни шектеулі уақыт аралығында оқушыға көптеген мәліметті, ақпаратты жеткізу. Бұл көп жағдайларда дәріс сабақтарында кеңінен қолданылады.
Жалпы енжар әдіс төмендегі сызба негізінде іске асырылады.
оқушы
мұғалім оқушы
оқушы
2-топ: Белсенді (активті) оқушы оқытудың «субектісі» болып шығады (өзіндік жұмыс, шығармашылық жұмыс, лабораториялық-практикалық жұмыс);


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет