Білім мақсаты — әлеуметтік сұраныспен берілетін және әр түрлі келістер арқылы жүзеге асырылатын білім мұраты.
Білім туралы құжат — мемлекеттік аккредитациясы бар және жалпы білім беру мен кәсіптік білім беру мекемесінің қорытынды аттестациясынан өткен адамдарға білімі мен кәсібінің сәйкес деңгейі жөнінде берілетін мемлекеттік үлгідегі құжат.
Бағалау — оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. Бағалау, көбінесе, баға қоюдың синтездік түрі (1-ден 5-ке дейінгі ранг) арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Жоғары оқу орындарында бағалау рейтингтік әдіс арқылы жүргізіледі; қаласының Рейтинг.
Бағдарламаның қадамы — зерделенетін білім, әрекет туралы ақпараттың өлшемі; ақпаратпен жұмыс істеу, оны игеру бойынша тапсырмалар-операциялар; бақылау тапсырмалары (қайтарма байланыс) және жаттығуларды қайталау немесе келесі қадамға көшу жөніндегі ескертпелер.
Бейімделушілік — шығармашылықтағы қол жеткізілген нәтижелер мен мақсаттар арасындағы сәйкестілік. Сәйкестілік мақсаттар мен міндеттердің келісуімен қарастырылады. Сәйкестілік деңгейі тәрбие мен оқыту, өмір жағдайы мен қалпы әсерінен төмендейді не жоғарылайды
Бәрін жалпы оқыту, бәрін оқыту, бәріне жалпы білім беру — мемлекет аңықтаған білім, оқу іскерлігі көлемін оқушыларға беретін оқу мекемелелерінде белгілі бір жас шамасындағы барлық балалар мен жастарды окыту.
Дағды — автоматты түрде жасауға дейін жеткізілген әрекет; көп рет қайталау жолымен қалыптасады. Оқыту процесінде, әсіресе, жалпы оқу дағдыларын, пәнаралық мәндегі, жазу дағдыларын қалыптастыру қажет.
Деонтологиялық ұстаным — кәсіби парызды түсінуге негізделген дүниетанымды
қалыптастыратын ішкі сенім.
Жад (Память; memory) —
Физиологияда:адамның тәжірибесінде болған әсерлері, есте қалулары, және жаңғыртулары. Есте сақтау жүйке байланыстарының бекітілуіне, жаңғырту — олардың келесі өзектендірілуіне негізделеді; тежелу және жүйке байланыстардың өшуін ұмытуға әкеп соғады.[
Достарыңызбен бөлісу: |