Білім беру жүйесі — сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі — мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Бірлесу, бірлік — ұжымның бірлігінің дәрежесі. Ол пікірлердің, көзқарастардың, дәстұрлердің бірлігінен, өзара қарым-қатынастардың сипатынан, көңіл күйден, сонымен бірге іс жүзінде аткарылатын қызметтің бірлігімен көрінеді. Ұжымдық бірліктік ортак әрекетпен жүзеге асырылады. Ұжымдық бірліктік — ұжымның бірлігінің дәрежесі. Ол пікірлердің, көзқарастардың, дәстұрлердің бірлігінен, өзара қарым-қатынастардың сипатынан, көңіл күйден, сонымен бірге іс жүзінде аткарылатын қызметтің бірлігімен көрінеді. Ұжымдық бірліктік ортак әрекетпен жүзеге асырылады.
Жаңалық — жалпы ғылыми өлшем; ол зерттеулер нәтижесінде алынған жаңа білімді бейнелейді, зерттеулердің түріне қарай елеулі түрде өзгеріп отырады. Іргелі зерттеулерде — бұл жаңа ғылымитұжырымдамалар, заңдылықтар, қолданбалы зерттеулерде, әдістемелік принциптер, жете зерттеулерде нақтылы нұсқаулар, ережелер, алгоритмде
Жаңалықты енгізу — жүйенің бір түрден екінші күйге өтуін туғызатын жаңа тұрақты элеметтерді енгізу, ортасына кіргізетін мақсатты бағыттағы өзгерістер.
Жаңашыл — іс-әрекеттің қандай болсын бір саласына жаңа, прогрессивті принциптер, идеялар енгізіп, жүзеге асырушы қызметкер.
Жаңашылдық – жаңашылдардың іс-әрекеті; бұл тәжірибені алға жылжытушы, міндетті түрде прогрессивті жаңалықты енгізу.
Жаңашыл педагогикалық тәжірибе — нәтижесінде педагогикалық процестің тиімділігінің біршама және тұрақты артуына қол жеткізген, түбірінен жаңа идея немесе идеялар жүйесіне негіздеген, өз іс-әрекетін педагогтың жүйелі түрде қайта құрумен сипатталатын озат педагогикалық тәжірибенің көрінісінің жоғары дәрежесі.
Жеке тұлға –
әлеуметтікжағы, адамның бойындағы әлеуметтік сапалар;
белгілі бір әлеуметтік қоғамнын өкілі болатын, (ұлты, топ, ұжым т.б.) белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортаға деген өзінің қатынасын мойындайтын және өзінің дара ерекшеліктері бар нақты адам.
Достарыңызбен бөлісу: |