Ішкі Орда (Бөкей Ордасы) хандары мөрлерінің реконструкциясы: мөр символдары мен атрибуттарын анықтау мақала «№АР09261323-Орталық Азия көшпелілерінің этникалық мәдениетіндегі символдар мен атри- буттардың қасиеттілігі»



Pdf көрінісі
бет6/16
Дата04.11.2023
өлшемі1.3 Mb.
#482330
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Морлер

Сурет 2. а) Абылай сұлтанның мөрі (Абылай ханның жас кезінде қолданған мөрі);
ә) Абылай ханның (1771-1780) мөрі
а
ә


74
Т. Картаева, Е. Даубаев, Э. Алтынбекова Turkic Studies Journal 2 (2023) 67-92
Сурет 3. а) Абылай ханның Ресей патшасына жазған хатының соңғы беті. 1777 жыл 
(Омарханов, 2004: 43); ә)Уәли ханның Сібір корпусы генерал-поручигі Н.Г. Огаревке жазған 
хаты. Әкесі Абылай ханның мөрімен расталған. 22 мамыр 1788 жыл (Ерофеева, 2001).
Рулық таңбасы шекілген мөрді негізінен батырлар, билер, ру басылары өздеріне 
меншікті соқтырған мөрі болмаса, қандайда бір құжатқа қол қойған кезде, өз тектерінің 
тұсына рулық таңбасын басқан. Рулық таңбасы оның мөрінің қызметін қоса атқарған. 
Мұрағаттарда сақталған тарихи дәуірлерге саятын келісім-шарттар, актілер, хаттар 
мемлекеттің және жеке адамдардың мөрлерімен бекітілген. Тарихи дәуірлерден 
сақталған құжаттардан мөрлердің қазақтың дәстүрлі билік жүйесінде атқаратын рөлі 
жоғары болғанын көреміз. 
Хан, сұлтандар жазған дипломатиялық құжаттарға басылған мөрлер негізінен 
«құсмұрын» немесе «құстұмсық» жүзік түрінде күмістен соғылған, бірақ әшекей ретінде 
әйелдер тағатын құстұмсық жүзіктен айырмашылығы – бүйірі жалпақ келген. Мөрді 
басқанда тұмсығы жоғары қаратып түсіріп отырған. Ал, би, болыс, тархан, старшындар 
мөрлері дөңгелек, дөңес, төртбұрыш, тасты болып келген (Казанцев, 1867: 302).
Мысалы, жаппас руының биі Тайпы Жаңбыршыұлының мөрі төрт бұрышты дөңестеліп 
біткен. Осындай төрт бұрышының ұшын дөңестеп өңдеген мөрлерді шекті руының биі 
Есет Көтібаров, Сырдария билері Есет Төлепов пен Сердалы Бекшорин, т.б. иемденген. 
Сырдария өңірі, Қыпшақ биі, хоружний Тұрсынбай Бүркітбаевтың мөрі дөңес (жұмыртқа 
формалы) болған (Дайрабай, 2014). 
Жүзікті құсмұрын түрінде соғу қазақ халқының зергерлік өнерінде, халықтың 
білімінде құсты еркіндіктің символы ретінде танумен байланысты.
Қазақ тарихында тарихи дәуірлерден белгілі мөрлердің қатарында күмістен басқа, 
қалайы, ағаштан жасалған мөрлер де кездеседі. Қазақ хандығы дәуірінде және орыс 
отаршылдығы дәуірінде мөрлердің қолданыстық аясы кең болған. Мемлекет арасындағы 
келісім-шарттар, хаттар мөрлермен расталғанда ғана заңды саналды. Хатқа бірнеше 
адам қол қойғанда, мөрі жоқ рубасылар, батырлар өз руының таңбасын сызып түсіріп, 
тұсына атын жазды (Омарханов, 2004: 50-51, 212-213).
а
ә


75
Т. Картаева, Е. Даубаев, Э. Алтынбекова Turkic Studies Journal 2 (2023) 67-92
Хан, сұлтандардың мөрлері ою-өрнектерімен, мөр бетіндегі қолтаңбаларымен 
ерекшеленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет