Ішкі Орда (Бөкей Ордасы) хандары мөрлерінің реконструкциясы: мөр символдары мен атрибуттарын анықтау мақала «№АР09261323-Орталық Азия көшпелілерінің этникалық мәдениетіндегі символдар мен атри- буттардың қасиеттілігі»


Сурет 4. а) Барақ ханның (1749-1750) мөрі; ә) Әбілмәмбет ханның (1739 – шамамен 1771) мөрі (Ерофеева, 2001: 45, 40). Сурет 5



Pdf көрінісі
бет7/16
Дата04.11.2023
өлшемі1.3 Mb.
#482330
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Морлер

Сурет 4. а) Барақ ханның (1749-1750) мөрі; ә) Әбілмәмбет ханның (1739 – шамамен 1771)
мөрі (Ерофеева, 2001: 45, 40).
Сурет 5. Мөрлі жүзік таңбалары мен ру таңбалары басылған құжат. Шоң би Едігеұлы
мен рубасылардың Ресей патшасына жазған хаты. 1835 жыл (Омарханов, 2004: 212-213). 
а
ә


76
Т. Картаева, Е. Даубаев, Э. Алтынбекова Turkic Studies Journal 2 (2023) 67-92
Көне дәуірлердегі мөрлер, дөңгелек, доғал, төртбұрыш, қалқан, тамшы, яғни әр 
түрлі формада болды. 
Ежелгі көшпелі қоғамда мөр қолданылғаны жайында жазба деректер баршылық. 
Далалық көшпелілердің, әсіресе көне түріктердің билік иелері қаған, йабғұ, шад, 
тархан, бек, әскери қолбасшылары мен батырлары арнайы мөр тұтынған. Ол мөрлер 
мемлекеттік істерде және ру-тайпалық, еларалық қарым-қатынастарда белгілі бір 
лауазымдық иелерінің куәлігі ретінде кеңінен қолданылды. Мысалы, көне түркі 
дәуіріне қатысты «Құтлұқ» деген лауазымдық атағы жазылған қола мөр табылған. Жазба 
деректерде кездесетін көне түрікше «тамға, тамғачы, алтын тамған тархан» деген сол 
мөр-таңбалардың көне аталымын, оның ресми түрде қолданылғанын, сол мөрлердің 
арнайы сақтаушысы болғандығын айғақтайды (Ерофеева, 2001: 19). 
Мөрлер тарихи дәуірлерде билік басындағылардың куәландыру белгісі ретінде 
қызмет етсе, екінші жағынан зергерлік өнердің нақыштарын да паш етті. Тарихи 
мөрлерде ою-өрнектердің кездесуі – мемлекеттің ұлттық болмысын білдіретін белгі. 
Мөрлі жүзіктің қасиеттенуі туралы аңыздар. Атақты тұлғалар ұстаған мөрлі 
жүзіктің сакральды, яғни қасиетке ие мәні болуы жайлы шығыс халықтары арасында 
түрлі тарихи аңыздар таралған. Аңыздың бірінде, Шыңғыс хан туғанда, қолына асыл 
тасынан жасалған мөрін уыстап жатқан екен (Шәймерденов, 2001: 78-82). Тағы бір 
аңыздың желісінде Сүлеймен пайғамбардың тылсым күшінің құпяисы қолындағы алты 
қырлы мөрлі жүзігімен байланысты болған. Сүлеймен пайғамбар жүзіктің көмегімен 
жан-жануар, жәндіктердің, табиғаттың тілін білген. Дауылды да бағындыра алатын 
қасиетке ие болған. Мөрлі жүзігі әрі тұмардың қызметін атқарған (Сулейман, URL). 
Ибн Омар (р.а.) Мұхаммед Пайғамбардың мөрлі жүзігі хақында келесідей мәліметті 
жеткізген: «Алла Елшісі (с.ғ.с.) күмістен жүзік жасатып алды. Оны қолына тағып жүретін. 
Содан соң ол Әбу Бәкірдің қолында болды. Одан кейін Омардың қолында болды. Одан 
кейін Арис құдығына түсіп кеткенге дейін Османның қолында болды. Оның «Мұхаммед 
– Алланың елшісі» деген нақышы бар еді»; «Пайғамбар күміс жүзік алды. Ол оны мөрі 
ретінде пайдаланды және саусақтарына тақпады». 
Анас ибн Мәлік сахаба Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қолданған мөрлі жүзік хақында 
келесідей естеліктер айтып жеткізген: «Пайғамбар жүзігі күмістен жасалған Эфиопия 
тасымен болатын»; «Пайғамбар жүзігі күміс еді. Тасы да күміс»; «Алла елшісі 
шетелдіктерге хат жазғанда олар мөрсіз қабылдамайтынын айтады. Ол сонда Яла ибн 
Умайға жүзікке тапсырыс берді»; «Алла елшісінің жүзігінде үш жол болды: бірінде – 
«Мұхаммед», бірінде – «Елші», бірінде – «Алла» сөздері жазылған»; «Алла елшісі Иран 
патшасы Кисрға, Византия императоры Кайсарға (Гераклиус) және Эфиопия королі 
Наджашиға (Негус) хат жазбақ болғанда олар мөрсіз қабылдамайтынын айтты. Сонда 
Алла елшісі күміс жиекті жүзік құюға бұйырды. Жүзікте «Мұхаммед – Алла елшісі» 
деген жазу болды»; «Пайғамбарымыз дәретханаға кірмес бұрын қолынан жүзікті 
шешетін»; Алла елшісі күміс жүзік алды. Бұл жүзік шынашағына тағылды. Кейін бұл 
жүзік Әбу Бәкірдің, одан кейін Омардың, одан кейін Арис құдығына түсіп кеткенше 
Османның шынашағында болды. Онда «Мұхаммед – Алланың елшісі» деген жазу ойып 
жазылған болатын» (Мұхаммед Пайғамбарымыз жүзік тақты ма?, URL)
Исламдық қағидат «Мұхаммед – Алланың елшісі» деген жазумен мөр соқтыртуға 
немесе жүзік бетіне жаздыруға тиым салады. 


77
Т. Картаева, Е. Даубаев, Э. Алтынбекова Turkic Studies Journal 2 (2023) 67-92
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Нуман бин Бәширдің саусағындағы алтын жүзікті көргенде 
«Жәннатқа кірмей тұрып неліктен жәннат әшекейін қолдандың?», – деп сұраған екен. 
Сосын ол темірден жүзік соқтырып таққан. Мұны көрген пайғамбарымыз: «Неліктен 
тозақтың затын тасып жүрсің?» – деп сұрапты. Сосын оны да шешіп тастап, қола жүзік 
тағыпты. Мұны көргенде: «Неліктен сенен пұттың иісін сезіп тұрмын?», – депті. Сосын 
ол пайғамбарымыздан: «Қандай жүзік тағайын, Йа, Алланың Елшісі?», – деп сұраған. 
Сонда пайғамбарымыз «Күміс жүзік тағуыңа болады. Салмағы бір мисқалдан (4.8 
гр) аспасын және оң қолыңа тақ!» – деп жауап берген екен (Мәуаһиб-и ләдунийа) 
(Шариғаттағы жүзік тағу хикметі, URL).
Тарихи дәуірлерде қолданыста болған мөрлі жүзіктердің негізгі денінің, әсіресе хан, 
сұлтандар мөрлерінің күмістен соғылуы исламдық қағидатпен, Пайғамбарымыздың 
(с.ғ.с.) мөрлі жүзікті күмістен соқтыруымен байланысты екені айғақ. 
Мөр, мөрлі жүзік туралы аңыздардың желісі байырғы исламға дейінгі діни реликтер 
мен исламмен байланысты аңыздар желісімен астасып жатады. Мөрлі жүзіктің тұмар 
ретінде қызмет етуін мөрлерге Құран сөзінің жазылуы, аспан әлемі денелері ай, күн, 
жұлдыз бейнесінің салынуы, оның иесіне ерекше, қасиетті бұйым екенін айғақтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет