Ішкі Орда (Бөкей Ордасы) хандары мөрлерінің реконструкциясы: мөр символдары мен атрибуттарын анықтау мақала «№АР09261323-Орталық Азия көшпелілерінің этникалық мәдениетіндегі символдар мен атри- буттардың қасиеттілігі»



Pdf көрінісі
бет5/16
Дата04.11.2023
өлшемі1.3 Mb.
#482330
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Морлер

Сурет 1. а, ә) Күйдірілген қыштан жасалған мөрлер. Тесікқала. Хорезм экспедициясы;
б) Крест таңбалы мөр. Алтын Депе қонысы; в) Есік Алтын Адамының құс қауырсынды 
бас киімді адам бейнеленген портретті мөрлі жүзігі; г) Жапырақ бейнесі бар қыш мөр. 
Ортағасырлық Күйіккескен қалашығы; ғ) Араб графикалы жез мөрлі жүзік. 
Ортағасырлық Сарайшық қаласы 
Ислам дінінің таралу кезеңінің алғашқы жылдарына саятын мөрлер қатарына Қожа 
Ахмет Ясауи мөрінің алатын орны ерекше. 1895 жылы Әбубәкір Диваев Қожа Ахмет 
Ясауидің мөрін тауып, ғылыми айналымға ендірген, сол арқылы «әулеттік эмблемаларды 
тұтыну салты алғаш Ресей жерінде пайда болды» деген пікірді теріске шығарды.
а
б
г
ә
в
ғ


73
Т. Картаева, Е. Даубаев, Э. Алтынбекова Turkic Studies Journal 2 (2023) 67-92
Ерте орта ғасырлық мемлекеттерде мөрдің қолданыс аясы туралы жазба деректер 
қатарын Абу-л-Фазл Байхаки (Абу-ль-Фадль Мухаммад ибн Хусейн аль-Байхаки, 995 
жылы Байхакта туылған – 1077 жылы Газниде өлген) атпен танымал тәжік тарихшысы 
жазып қалдырған «Та’рих-и Бейхаки» кітабы. Онда Масуд І сұлтанның (1030-1041) 
билік құрған жылдарындағы саяси оқиғалар бейнеленген. Бұл еңбекте Масуд сұлтан 
тарапынан берілген грамота, жарлықтардың әрқайсысын мөрмен бекіту арқылы растап 
отырғаны айтылған (Абу-л-Фазл Байхаки, 1969). 
Қазақ хандығының билік басында болған хан, сұлтандардың мөрлерінің өрнектері 
мен порымы ислам діні қағидаттарына сай соғылды, яғни ислам дінінің қағидатына сай 
зергерге тапсырыс берілді. Яғни жиектері су өрнегімен, космогониялық, геометриялық 
ою-өрнектерімен, мөр бетіндегі қолтаңбаларымен ерекшеленеді. 
КП 26358/1 нөмірлі мөрлі жүзік екі мүйіз оюдың қосарланған бейнесінде соғылып, 
араб графикалы «Нышанбай йүз башы Мұхаммад Сабырбай оғлы» деген жазу жапырақты 
көгеріс өрнектерімен қатар үйлесімде түсірілген, ал екі шекесіне бесжұлдыз шекілген. 
(Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының, 2017: Т. 4., 392). 
Бүгінгі күнге сақталып жеткен мөрлі жүзіктердің саны некен-саяқ. Мөрлі жүзіктердің 
дипломатиялық маңыздылығын айғақтайтын жазба деректер – тарихи құжаттар
келіссөздер, хаттар. Абылай ханның жас кезінде иемденген мөрінде «Абылай бахадүр 
сұлтан» деген жазу болған. Халық Абылайды хан көтергенде, ол өзінің жаңа лауазымына 
лайық басқа мөр соқтыртқан. Уәли хан билік басына келгенде, әкесі Абылай ханның 
мөрін уақытша қолдануды жалғастырған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет