Ішкі Орда (Бөкей Ордасы) хандары мөрлерінің реконструкциясы: мөр символдары мен атрибуттарын анықтау мақала «№АР09261323-Орталық Азия көшпелілерінің этникалық мәдениетіндегі символдар мен атри- буттардың қасиеттілігі»



Pdf көрінісі
бет3/16
Дата04.11.2023
өлшемі1.3 Mb.
#482330
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Морлер

Материалдар мен әдістер
Тарихи мөрлерге қатысты деректерді келесідей жүйелейміз: археологиялық деректер 
(Алтын Адам мөрі, тас мөрлер, қыш мөрлер, ағаш мөрлер, т.б.); мұрағаттарда сақталған 
дипломатиялық құжаттар (хан, сұлтандардың қатынас хаттары, жарлықтары); жазба 
деректер (Абу-л-Фазл Байхаки, И.Казанцев, т.б.); фольклорлық деректер (Шыңғыс 
хан, Мұхаммед пайғамбардың, Сүлеймен пайғамбардың (кейін Су патшасы Сүлеймен 
атанған) мөрлері туралы аңыздар; эпостық жырлар). 
Хан мөрлерін қайта қалпына келтіру үшін нақты ғылыми мәлімет, хандардың 
мұрағаттарда сақталған мөр соққан хаттары, жарлықтары мен қатынас қағаздары 
болып болып табылады. Мөрмен бекітілген дипломатиялық құжаттар ҚРМОМ 
қолжазбалар қорында, ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатында, ҚР Орталық мемлекеттік 
кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалар мұрағатында, Ресей, Түркия, Қытай 
мемлекеттері мұрағаттарында сақтаулы. Бөкей Ордасы хандарының мөрлерін қайта 
қалпына келтіру тарих, этнология, мұрағаттану, музейтану, өнертану, этнофольклор 
ғылымдарының пәнаралық байланысы негізінде жүзеге асты десе болады. Пәнаралық 
байланыс – қазіргі таңдағы ғылымның өскелең талабы. Мөр реконструкциялары ұста-
зергер Естай Даубаевтың шеберханасында, зергерлік өнердегі дәстүрлі балқыту, 
оймыштау, қалыптау, қаралау әдістері (Арғынбаев, 1987; Шойбеков, 1991; Джанибеков, 
1982; Масанов, 1961) негізге алып соғылды. 
Мәселенің зерттелуі
Мемлекеттік маңызы бар тарихи мөрлер туралы ақпарат гуманитарлық ғылымдар 
саласындағы зерттеулерде кездеседі (Х.Арғынбаев, Ә.Марғұлан, И.В.Ерофеева, 
Н.Әлімбай, Е.Ш.Шаймерденов, Қ.Омарханов, В.Л. Янин, Р. Шойбеков, т.б.). И.В. Ерофееваның 
«Символы казахской государственности (позднее средневековье и новое время)» 


69
Т. Картаева, Е. Даубаев, Э. Алтынбекова Turkic Studies Journal 2 (2023) 67-92
атты еңбегінің ғылыми қарымдылығы зор (Ерофеева, 2001). Бұл еңбек – ҚР Орталық 
Мемлекеттік мұражайында, РФ Орынбор мұражайында сақталған Қазақ хандығы 
билігі тұсындағы дипломатилық маңызы бар хаттарды жинап, жүйелеп, ғылыми 
түсініктемесімен қоса, факсимилие нұсқасын берген, иллюстрациялы ғылыми туынды. 
Еңбекте Қазақ хандығында билік құрған хандардың мөрлерінің үлкейтілген суреті мен 
мөр бетіндегі жазудың транскрипті берілген. 
Б.С.Какабаевтың «Должностной знак народного судьи в дореволюционном 
Казахстане. Труды Центрального музея» атты мақаласында ҚР Мемлекеттік Орталық 
музейі қорында сақталған билердің кеуделік лауазымдық белгілерінің ғылыми 
атрибуциясы берілген (Какабаев, 2004: 364-368). Мақалада қазақтың әдеттік құқығын 
жүргізген қазақ билерінің лауазымдық кеуде белгілерінің жасалуы мен оның бетіне 
түсетін жазулардың өзгеруіне қоғамның, әкімшілік биліктің әсерін зерттеуге ден 
қойған. Е.Ш.Шаймерденовтың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері»
атты танымдық еңбегінде тарихи мөрлерді рәміздік белгі ретінде қарастырып, Шыңғыс 
хан сияқты тарихи дәуірлерде билік жүйесінде болған тұлғалар қолданған мөрлер 
туралы аңыздар айтылады (Шаймерденов, 2001).
Қ. Омархановтың «Қазақ елінің дәстүрлі құқығы» атты монографиялық еңбегі қазақ 
ру-тайпаларының таңбаларының таралу тарихын, қазақ хандары, би-сұлтандары, қазақ 
батырлары таңбасын басқан мұрағаттық құжаттарды келтіре отырып, тарихи мөрлердің 
құқықтық-дипломатиялық рөлін көрсетеді (Омарханов, 2004). 
Т.Дайрабайдың «Түркістан» газетінде жарияланған «Ақ патшаның сарайында болған 
ақсақалдар, қазақ депутациясы жөнінде бірер сөз» атты мақаласында берілген билер 
мен ру басыларының дөңгелек, дөңес типіндегі мөрлері хан мөрлерінің билік статусына 
сай типінің бөлек болатынын айғақтай түседі (Дайрабай, 2014). 
Алайда, мөрлерге қатысты жазба деректер, ғылыми, ғылыми-танымдық зерттеулер 
мөрлерді соғу әдісін, оның материалын, мөр бетіндегі символдар мен атрибуттардың
мәні мен мағынасын сараптауға жауап бермейді. Бізге дейінгі авторлардың еңбектерінен 
біз ұсынып отырған зерттеу еңбегінің ерекшелігі құсмұрын типті хан мөрлерінің билік 
байрағы типімен ортақтығы талданады. Сондай-ақ, жазба және нарративті құжаттар 
негізінде хан мөрлерінің тарихи реконструкциясын жасаумен бірге, қолданбалы 
музеология, қолданбалы этнология бағытында шеберханалық тәжірибе алаңында мөр 
реконструкциясын жасаудың маңызы зор. Бұл авторлық тәжірибе реконструкциялық 
туындының ғылыми зерттеу арқылы келетінін дәлелдейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет