- Ұлықтар. Ұлықтардың өздері ғана емес, балаларына дейін каникулын шетелде өткізуі дағдыға, қалыпты нәрсеге айналып келеді.
- Ортанқол шенеунік. Кез келген ортанқол шенеуніктің баласына Туркия, Қытай, Германия секілді жақындау әрі қалтаға қолайлы шетелді көріп, көңілді демалып қайту отбасылық дәстүр саналады.
- Мәскеушіл мырзалар. Қазақстан дейтін елдің мұң-мұқтажын ат төбеліндей кешегі кеңестік шенеуніктер мен мәскеушіл мырзалар шешпейді.
- ... Ұсталып, жазаланып жатқандардың басым көпшілігі төменгі және орта дәрежелі лауазым иелері. Бірақ олардың арасында «шортандар» да аз емес қой. Ел ағалары. Алтынға пара – пара Торғай астығының талан- таражға түсуі сияқты келеңсіз құбылыстар орын алды.
...Сөйтіп біздің ел ағалары саясатпен емес, шатханашылдықпен айналысты.
- Мықтылар. Үкімет қаулысын шетке ысырып қоя салып, өз дегендеріне баққан мықтылар бюджеттің 27 миллионға жуық қаражатын желге ұшыра жаздаған.
- Жоғарыда отырғандар(бейтарап әлеуметтік мәнде сөйлеу тілі). Қаржы министірінің бұрынғы орынбасары Жомарт Мұқашевтің ісі ұзаққа созылатын түрі бар. Ол жалғыз қарпымаған екен,ішіп-жемі жоғарыда отырғандармен бірге көрінеді, соған байланысты тергеудің нәтижесібіраз кешеулдеуі әбден мүмкін.
- Жоғары қызметтегілер. 10 мың тергеуші жемқорлыққа байланысты небәрі 500 қылмыстың бетін ашқан. Бұл ретте жоғары қызметтегілер мен қылмыстық топтың арасында өзара тығыз байланыс орнаған.
- Жоғары лауазымды басшылар. Біз көптеген шенеуніктер, жоғары лауазымды басшылар өз қалтасы мен мемлекет «қалтасын» шатастырып алып жүргенін жақсы білеміз.
- «Кімге ыңғайсыз? Қазына мен халықтың бүкіл байлығын, қыруар қаржысын қымқырап, жең ұшынан жалғасып, бес күнде бай-манапқа айналып шыға келген жемқорлар мен парақорлар үшін бе, әлде, айлығы шайлығына жетпей, ауылда қатқан нанды қара суға жібітіп жеп, өлместің күнін кешкен қарапайым қазақ үшін бе?!.»
Достарыңызбен бөлісу: |