6. Аналитикалық жазба
Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасының Стратегиялық жоспарындағы «Өңірдегі мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру» бағыты бойынша 1.1. «Облыстың мәдениет және өнер саласын кеңінен таныту» мақсатына қол жеткізу үшін 4 міндет айқындалған.
Стратегиялық жоспардың орындалуына талдау 2012 жылы аталған міндеттерді іске асыруда көптеген жұмыстардың атқарылғандығын көрсетіп отыр.
Есепті кезеңде барлық тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілді, оның ішінде
1.1.1. «Облыстың тарихи-мәдени мұрасын қалпына келтіру, сақтау және оны кеңінен таныту» міндетін іске асыруда:
- «Өңірдегі тұрғызылған және қайта қалпына келтірілген тарихи және мәдени ескерткіштер саны, оның ішінде, ұлттық аса маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер санының көбеюі» көрсеткіші бойынша: Темір ауданы «КМК Мұнай» ЖШС аумағында және Қобда ауданына археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Тарих және мәдениет ескерткіштердің мемлекеттік тізімге енгізілген 30 ескерткішке қорғау тақтайшалары әзірленіп, Ақтөбе қаласында Т.Ахтанов пен Қ.Шанғытбаевқа арналған ескерткіш орнатылды. Қобда ауданындағы Абат - Байтақ және Алға ауданындағы Есет батыр мемориалдық кешендерінде шырақшы үйлерінің құрылысы салынып толығымен аяқталды. Әйтеке би ауданындағы «Хан моласы» қорымы мен Абат-Байтақ қорымына қорғау аймағы белгіленді. «Облыстық тарихи-өлкетану музейі этнографиялық коллекциясының каталогы», А.Бисембаев пен М.Дүйсенғалидың үш тілдегі «Ақтөбе облысының қазынасы» атты кітабы жарыққа шықты. Көрсеткіш 100 % орындалды;
- «Туристік бағыттағы нысан болып табылатын өңірдегі тарихи және мәдени ескерткіштер саны» көрсеткіші бойынша: «Ақтөбе - Әлия ауылы - Қобда - Жиренқопа ауылы -Ақтөбе» туристік бағыты жұмыс жасайды. Әйтеке би ауданындағы Хан моласы қорымын туристік аймақ ретінде қалыптастыру 2014-2015 жылдарға қалдырылды, оның эскиз жобалары талқыланып, бекітілді. «Хан моласы» қорымындағы Әбілқайыр ханнның мемориалдық кешенін тұрғызу үшін қаражат 2014 жылға қарастырылған;
1.1.2. «Мәдениет саласындағы көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктің артуын ынталандыру» міндетін іске асыруда:
- «Облыстық мәдениет және өнер мекемелерінің қызметімен қамтылған келушілер саны (оның ішінде көпшілік іс-шараларға келушілер)» көрсеткіші бойынша: есепті кезеңде өткізілген көрнекті шаралар: Ахтановтың 90 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХІ республикалық фестивалі, «Ассалаумағалейкүм – ІІІ» халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі, «Жұбанов көктемі-2013» халық аспаптар ансамблдерінің, облыстық «Актобе-Jazz-2013» джаз музыка және «Классика-2013» жас дарындардың фестивалдері, Республикалық Н.Тапалова атындағы «Назерке» халықтық би ұжымдары, ақын Сары Батақұлының 150 жылдық мерейтойына арналған дәстүрлі ән орындаушыларының байқаулары, аймақтық «Театр – өнердің ұлы көші» халықтық театрлар, «Дружба без границ» РФ шекаралас аймақтарының шығармашы ұжымдарының фестивальдері және т.б. ұйымдастырылды.
Облыстар арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайту шеңберінде Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының шығармашы ұжымдары Орал қаласында «Арайлы Ақтөбеден - ақ ерке Ақ Жайыққа» атты концерт берді, сонымен бірге «Қазақстан – Ақтөбе» телеарнасымен бірге «Көзайым» және «Қарлығаш» облыстық телевизиялық ән байқауы, «Екі езу» эстрадалық миниатюра театрына15 жыл толуына орай «Бізге-15 жыл» атты мерекелік концерт ұйымдастырылып өткізілді. Облыстық мәдениет және өнер мекемелері өткізген шараларға есепті мерзімде 1072,7 мың адам қатысып, келушілер саны бойынша жоспар 104,7 % орындалды;
- «Қойылымдардың жалпы санынан жаңа қойылымдар үлесі» көрсеткіші бойынша: облыстық театрлар 18 жаңа қойылымдар және интермедиялар шығарып, қойылымдардың жалпы санынан жаңа қойылымдар үлесі 2% құрады; Ахтанов атындағы облыстық драма театрының репертуары Э-Э.Шмиттің «Тектоника чувств», А.Вампиловтың «Метранпаж», Еврипидтің «Медея», О.Марктің «Время – это птица», А.Курейчуктің «Детский сад» қойылымдары және балаларға арналған «Маша мен аю» А.Горбуновтың «Ошибка Деда Мороза», «Ертегілер орманы» ертегісімен оның ішінде еңбек адамына, Отанға қызмет етуге, биік патриоттық көзқарасқа арналған әлеуметтік бағыты бойынша Т.Ахтановтың «Ант» «Күтпеген кездесуі» қойылымымен толықты. Облыстық «Алақай» қуыршақ театры Н.Осипованың «Полторы горсти» «Бір-ақ уыс» екі тілде жаңа қойылымымен толығып, «Екі езу» эстрадалық минитюра театрлары «Пәтер сату», «Әйелдің аты әйел», «Кешіріңіз танымай қалдым», «Құлай бергім келеді», «Өсіру», «Батырлар», «Бастау» интермедияларын шығарды.
- «Облыстық мәдениет және өнер мекемелері бойынша халықаралық және республикалық шығармашылық байқаулар лауреаттарының шамамен алынған саны» көрсеткіші бойынша есепті кезеңде жоспар 140% орындалды: Облыстық филармониядан «Арайлы Ақтөбе» фольклорлық ансамблі халықаралық - «Жұбанов көктемі» және РФ өткен «Европа-Азия» IV-ші фестивалінде, Д.Құдайберген – Бішкек қаласында өткен «Мейкин Азия-2013» фестивалінде және «Аққу» би ансамблі - «Ұлы мұра» өнер байқау фестивалінде Бас жүлделерге ие болды. Облыстық «Екі езу» эстрадалық-минитюра театры Алматы қаласында Қазақстан Ұлттық арнасы мен «Art-Gentre-Produktion» компаниясы ұйымдастырған «Жұлдызды сәт» тележобасында екінші орынды иеленіп қайтты. Көркемөнерпаздар ұжымдары арасындаХромтау ауданы «Алтын дән» халықтық би ансамблі (РФ Екатеринбург ) «Каменный цветок», «Морозко» (Казань) байқаларында 1,2 орындарды, Қобда ауданы «Қарлығаш» халықтық би ансамблі (Украина Одесса) «Морская жемчужина» халықаралық байқауында 1 орынды, «Әлия гүлі» халықтық би ансамблі «Вятская карусель» (РФ, Киров қ.) және Туркияның Измир қаласында өткен фестивальдерінде 2,3 дәрежелі орындарды жеңіп алды.
- «Халықтық», «Үлгілі» атақтары бар әуесқой халық шығармашылығы құрылымдары санының көбеюі» көрсеткіші бойынша: есепті мерзімде «Халықтық» және «үлгілі» атақтары бар клубтық құрылымдардың саны 6-ға артып, 107 бірлікті құрады.
1.1.3. «Саланың инфроқұрылымын дамыту және жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы мәдени құндылықтарға қол жетімділікті кеңейту» міндетін іске асыруда:
- «Сандық форматтағы мәдениет саласы қызметін пайдаланушылар саны» көрсеткіші бойынша: жыл сайын кітапханалардың электрондық қызметін пайдаланушылар саны өсіп келеді, жоспар 128,9 % орындалды;
- «Облыстық кітапханалардың кітап қорының толықтырылу үлесі» көрсеткіші бойынша: Облыстық кітапханалармен 15227 мың дана кітап сатып алынып, кітап қоры 579,0 мың дананы құрады немесе осы көрсеткіш бойынша жоспар 144,4 % орындалды;
- «Күрделі жөндеуден өткен және қайта жаңғыртылған мәдениет нысандарының үлесі» көрсеткіші бойынша: 2013 жылы 10 мәдениет нысаны, оның ішінде 7-уі Жұмыспен қамту -2020 жол картасы шеңберінде, күрделі жөндеуден өткізілді.
1.1.4. «Қазақстан дамуының стратегиясы мен басымдылықтарын насихаттау» міндетін іске асыруда:
- «Облыстағы этно-мәдени бірлестіктер санының көбеюі» көрсеткіші бойынша: 2013 жылдың аяғына облыстағы этно-мәдени бірліктер саны 19 құрады, жоспар 100 % орындалды;
- «Этно-мәдени бірлестіктермен өткізілетін ұлтаралық бірлікті насихаттайтын іс- шаралар үлесі» көрсеткіші бойынша: есепті мерзімде Облыстық достық Үйінің 142 іс- шара ұйымдастырып, оған 20,5 мың адам қатысты, этно-мәдени бірлестіктермен өткізілетін ұлтаралық бірлікті насихаттайтын іс- шаралар үлесі 0,7 % құрады. Достық Үйі жанындағы ЭМБ ұжымдары есепті мерзімде қаламыздың және облысымыздың қоғамдық, мәдение өміріне белсене араласты, түрлі байқаулар мен фестивальдер ұйымдастырды, атап айтқанда: Халықаралық «Дружба без границ», республикалық «Мәдениет үндестігі», облыстық «Береке басы - бірлік» достық фестивальдері, облыстық «Достық аруы» байқауы, ұлттық мерекелер «Синкъерам», «Мартеница», «Пурим», «Очпочмак-party», «Сабантой», «Рош-А-Шана», сонымен қатар, достық Үйінің шығармашы ұжымдары Омбы қаласында өткен «Да будет дружба искренней и честней», Атырау қаласында өткен «Дос жүрегін шекара бөле алмайды» 5-ші халықараралық фестивальдеріне қатысып қайтты
- «Мәдениет саласындағы басшылық қызметтегі еркектер үлесі» көрсеткіші бойынша: 01.01.2014 жылға 472 мәдениет мекемесінің 93-де ер адам-басшылар жұмыс жасайды және бұл көрсеткіш бойынша жоспар 103,7 % орындалып отыр. Есепті кезеңде облыстық кітапханалар мен музейлерде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерімен: Қ.Елеусізұлының қатысуымен «Сағыныш» кітабының тұсаукесері және автормен кездесу кеші, «Қылқалам» көрме залында Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Ә.Өтеген-Тананың шығармашылығына арналған «Тылсым өнердің тынымгері» атты шара, белгілі ақын, ҚР журналистер Одағының мүшесі Н.Қалауовпен «Жүрегі жырға толы ақын» атты кездесу кеші және республикамызға танымал белгілі жазушы, ақындармен кездесу кештері, «Әбілқайыр хан тарихының тағылымы» атты ғылыми конференциясы, Т.Ахтановтың 90 жылдығына арналған «Жазушының жалындаған шырағы» атты әдеби кешіне Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, ақын С.Оспанов, жазушы Қ.Мұхамбетқалиев және жазушының туыстары қатысты.
Нысаналы индикатор мен түпкілікті нәтиже көрсеткіштері әлеуметтік зерттеулер нәтижесінде анықталды және олардың бәріне де қол жеткізілді.
2013 жылы мәдениет саласы 10 бюджеттік бағдарламалар бойынша 1166689,2 мың теңгеге қаржыландырылып, нақтылы игерілуі 1164412,7 мың теңгені немесе 99,8 құрады.
Басқарма бастығы Н.Табылдинова
|