«Ислам философиясы» пәні бойынша


Дәріс 10. Ибн Бадждың адам жайлы ілімі Сабақ мақсаты



бет16/22
Дата28.03.2024
өлшемі91.3 Kb.
#496755
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
islam filosofyasi lekcia(1)

Дәріс 10. Ибн Бадждың адам жайлы ілімі
Сабақ мақсаты:
Ибн-Бадждың адам концепциясының мәнін ашу, оның ислам философиясын қосқан үлесін анықтау
Дәрістің негізгі міндеттері:
1.Білім беру: Ибн-Бадж философиясының негізгі аспектілерін көрсету
2. Дамытушылық: студенттердің когнитивті және аналитикалық салаларын дамыту;
3. Тәрбиелік: дінтанулық талдау және ғылыми-зерттеу жұмысына бейімдеу


Дәріс сабағында қарастырылатын сұрақтар:

  1. Ибн-Бадждың адам концепциясы

  2. Ибн-Бадждың құдай және ақыл туралы ілімдері

  3. Ибн-Бадждың ақыл мен сенім мәселелрі



Қолданылатын әдіс: Эвристикалық әңгіме элементтерінен құралған дәріс – монолог, аудиовизуалды құралдарды қолдана отырып, дәрісті оқу, пікірталас тудыратын сұрақтарды қою арқылы студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттыру, белсенділіктерін арттыру.
Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі
Әл-Фараби. Философиялықтрактаттар. -А., 1970.
Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалықтрактаттар.- А. ,1973.
Корбен Анри. История исламской философии. - М.: Прогресс-Традиция, 2010. - 360.
Артур Сагадеев. Восточный перипатетизм. - М., 2009.
Б. Топалоғлу. Ислам теологиясы. Кіріспе. – Алматы, 2014.
Қосымша
1.Тримингэм Дж. С. Суфийские ордены в исламе. М., 1989.
2. Т. Ғабитов, Қ. Затов. Қазақ мәдениетінің рухани кеңістігі. – Алматы, 2012.
3. Н.Ж. Байтенова және т.б. Исламдағы секталар мен бағыттар. - Алматы, 2013.
4. Д. Кенжетай. Ислам философиясы. Алматы. 2012ж. -115 бет.
5. Д. Кенжетай. Қожа Ахмет Иасауи дүниетанымы. - Түркістан, 2004. - 341 б
Ибн Баджа. Андалусия философия тарихының атақты философы - Ибн Баджа. Ол Сарагосада дүниеге келген. Оның өмірі жайлы мәліметтер өте аз, алайда, ол Севильяда өмір сүрген кезде еңбектері жарыққа шыға бастағаны мәлім. Ол Гранадаға, одан соң Мароккоға (Фас) қоныс аударғандығы және өмірінің соңында мурабиттердің сарайында 1138 жылы өлгендігі баяндалады. Ол Әл-Фараби мен ибн Сина арқылы Аристотель еңбектеріне көңіл аударды, тіпті, оның кейбір еңбектеріне түсіндірме жасағандығы баяндалады. Ол осылайша Андалусияға Аристотельді танытқан алғашқы ойшыл болып табылады. Бірақ, Ибн Баджа таза Аристотельшілдік пен ибн Синашылдыққа қарағанда Әл-Фараби ілімін берік қуаттағанға ұқсайды. Көп жағынан, оның айналысқан медицина, математика, музыка сияқты тақырыптар, өмір салты мен ғылыми ізденіс ұстанымы жағынан Әл-Фарабиге ұқсайды. «Тадбиру-л-Мутауаххид», «Қоштасу хаты» атты шығармаларында шынайы философия және шынайы өмір оңашаланған адамның философиясы және өмір салты екендігін қуаттаған. Аталған аскеттік философия Ғазалидің көзқарасынан қарағанда Әл-Фарабидің философиясын еске түсіретін саналық оңашалану болып табылады. Ибн Рушдтың сөзімен айтқанда ибн Баджа Ғазалидің сопылық көзқарасын сезімдік оңашалану ретінде баға беріп, қарапайым ғана көзқарас деп есептеген. Ақиқат және құдай сопылардың сезім жолымен, сезімдік қалаулардың басшылығында емес, таза ойдың саналық қабілетпен түсіне алатынын жақтайды. Сондықтан, ибн Баджа аристотельшілдікке де, ғазалишілдікке де жатпайды. Логика тақырыбында өз алдына тәуелсіз жолды ұстанғанымен, метафизикалық және этикалық мәселелерде толықтай Әл-Фарабидің жолымен жүрген. Тіпті, Әл-Фарабидің ілімінде ашылмай қалған кейбір тақырыптардың мәнін ол аша түседі. Мысалы, орта ғасырлық христиан философиясында ибн Баджаға телінген адам ақылының «Фаал ақыл» (белсенді ақыл) деп атаған құдаймен тұтастанады деген көзқарасы Әл-Фараби философиясында мәні жабық күйінде орын алса, ойшыл оның мағынасын аша түскен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет