Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Корбен Анри. История исламской философии. М.: Прогресс-Традиция, 2010. — 360 с.
2. Артур Сагадеев. Восточный перипатетизм. - М., 2009.
3. Тримингэм Дж. С. Суфийские ордены в исламе. М., 1989.
4. Н.Ж. Байтенова және т.б. Исламдағы секталар мен бағыттар. - Алматы, 2013.
5. Д. Кенжетай. Ислам философиясы. Алматы. 2012ж. -115 бет.
6. Д. Кенжетай. Қожа Ахмет Иасауи дүниетанымы. - Түркістан, 2004. - 341 бет
Жергілікті қайнарлар:Ислам философиясының қалыптасуындағы басты қайнар бұлақтар – исламның негізін құрайтын Құран мен Сүннет.
Баршамызға белгілі болғандай Құран тек сенім мен ғибадатқа тән мәлімет беретін діни кітап қана емес. Осы мәселелермен қатар ол – адамға, қоғамға және адамзат тарихына қатысты құнды мағлұматтар беретін кітап. Түрлі тақырыптарды өз ішіне қамтитын аталған мағлұматтармен қатар аталған қасиетті кітап адамның ойлануын, жаратылысқа ой жүгіртуін ұсынады. Адамның санасымен ойлануын және ақиқатты ақылымен табуын дәріптейтін көптеген аяттарды Құраннан кездестіруге болады.
Хз. Мұхаммед пайғамбардың сүннеті де Құранның түсіндірмешісі және пайғамбардың алуан түрлі тақырыптарға, мәселелерге қатысты өзіндік пікірлері мен ұйғарымдары ретінде исламдық ойлау жүйесінің қалыптасуы мен дамуына түрткі болған.
Мұсылман философтарынан бастап, теологтарға, суфилерге және құқықшыларға дейін тікелей анық түрде, жанама түрде мәселелерді саналық қуатпен шешкенде Құран мен Сүннетке жүгінгені анық. Міне мұсылман ойшылдарының барлығы дерлік дін мен философияны, басқаша айтар болсақ, уахи мен ақылдың үйлесімділігін дәлелдегені, ал сәйкессіздіктер болса, үндестіруге тырысқандығы анық.
Мұсылман халықтарының ежелгі мәдениеттері:Ислам ойлау жүйесінің қалыптасуында және олардың түрлі мектеп болып қалыптасуында екінші деңгейдегі жергілікі қайнарлар – арабтар, түркілер және парсылар сияқты исламды алғаш болып қабылдаған халықтардың исламға дейінгі мәдени мұралары. Исламдық ойлау жүйесінде олардың оң және теріс ықпалдары болған. Жаһилия арабтарындағы рушылдық пен парсылар арасындағы ұлтшылдық мұсылмандардың саяси және әлеуметтік ойлау жүйесіне әсер еткендігі байқалады. Исламның алғашқы дәуірінен бастап, пайда болған халифалық мәселесіндегі тартыстарда және осы мәселеге байланысты қалыптасқан бөлшектенуде осы әсерлер анық байқалады. айта кетер болсақ шиизмнің қалыптасуында парсы мәдениетінің, зороастризмның ықпалын негіздесек жеткілікті.
Шет қайнар көздер:Ислам философиясының басты шет қайнарын антикалық грек, эллинистік философия құрайды. Антикалық грек философиясы б.д.д. ҮІ ғасырдан, яғни, Фалес заманынан Аристотельдің дүниеден қайтқан б.д.д. 324 жылына дейін аралықты қамтиды. Аталған философияның қалыптасуында Анатолиялық мәдениеттер, финикилер, ежелгі Мысыр, Месопотамия және үнді философиясының ықпалы орасан зор.
Осы дәуірдің философтарын Сократқа дейінгі және Сократтан кейінгі деп екі топқа бөліп қарастыруға болады. Фалестен Пифагор мен Эмпедоклге дейінгі Сократқа дейінгі философтар материямен айналысқандықтан «физиктер» деп те атайды. Ал Сократ арқылы грек философтары материядан адам философиясына (антропология) назар аудара бастады. Сократ және оның дәуірінде, яғни, Б.д.д. ІҮ ғасырда пайда болған және өздерін «софистер» деп атаған бір топ ойшылдар философияның негізгі заңдылығы ретінде адамды қарастырды. Сократтан кейінгі философтардың басында Платон мен Аристотель келеді. Олар философияның негізгі тақырыбын табиғат, құдай, адам және қоғам деп өрісін кеңейткен.
Ислам философиясына еңбектері тікелей араб тіліне аударылып, негізгі дереккөзге айналған философтар мыналар: Платон, Плотин, Гален, Прокл т.б. мен Сократқа дейінгі философтардың біршамасы мен эллинистік дәуір философиясынан эпикуризм, софистер, скептицизм, стоицизм жайлы мәліметтер ислам әлеміне жоғарыда аты аталған философтардың еңбектері арқылы енген.
Парсы философиясы:Исламға дейінгі парсылар әсіресе ежелгі гректер мен үнді мәдениетімен тығыз байланысы болды. Сонымен қатар, манихеизм мен зороастризм сияқты ежелгі Иран діндерінің парсылық философияның дамуында атқарған рөлі жоғары деңгейде болды. Сасани билеушісі – І Шапурдың (241-271 жж.) негізін салған Хузистан өлкесіндегі Жундишапур қаласында Римдік тұтқындар арқылы грек ғылымы тамыр жайған болатын. Кейінгі замандарда Энуширван (531-579 жж) осы жерден аурухана ашты: римдік және үнділік дәрігерлердің осында қызмет атқаруына байланысты медицина ғылымы ерекше дамыды. Сондай-ақ христиан дінін қабылдаған парсыларға арналған алдымен, 363 жылы Урфада, одан соң Нусайбинде діни мектептер ашылды. Аталған мектептерде дәрістер грек және сурияни тілінде жүргізілді. Осы мектептерде әсіресе, Платон философиясы мен Аристотель логикасы оқытылды.
Кейінгі замандарда аталған қалалар мен Персияны мұсылмандар жаулап алған кезде, парсылардың көпшілігі ислам дінін қабылдады да ежелгі парсы мәдениеті ислам философиясының дамуына ықпалын тигізді. Ибн Муқаффа мен ұлы Мухаммад сияқты ғалымдар мен парсы текті мұсылмандар осы мәдениетке тән біршама еңбектерді араб тіліне аударды. Осы жолмен сасаниттер мен парсы билеушілерінің өмірбаяны мен саясатнамаларын аударумен ғана шектелмей, бастапқыда парсы тіліне аударылған грек, үнді мәдениетіне тән мәтіндер араб тіліне аударылды. Айта кетер болсақ, үнді философиясына тән «Қалила мен Димна» деп аталатын құнды еңбек ислам әлеміне тікелей санскрит тілінен емес, оның парсыша аудармасынан араб тіліне тәржіме етілген.
Үнді философиясы:Исламға дейінгі дәуірлерде арабтар үнділермен сауда-саттық байланыстарын орнатқан. Ал ислам діні дүниеге келген заманда Үнді түбегінің көпшілік бөлігін мұсылмандар жаулап алған кезде, бір жағынан ислам дінін қабылдаған үнділер арқылы, келесі жағынан араб тіліне аударылған үнді философиясына тән кейбір еңбектер арқылы үнді философиясы ислам философиясының дамуына өз әсерін тигізді. Сонымен қатар, Ираншахри, әл-Бируни сияқты мұсылмандардың үнді мәдениеті мен философиясына қатысты жазған еңбектері олардың ойлау жүйесі мұсылмандар арасында анық таныла бастады. Осы арада әл-Бирунидің «Тахқиқ Мали-л-Һинд» атты еңбегінің маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |