Дәріс 6 Әл-Фарабидің этикалық көзқарастары
Сабақ мақсаты:
Әл-Фарабидің этикалық көзқарастарының мәнін ашып беру
Дәрістің негізгі міндеттері:
1.Білім беру: Аль-Фарабидің қайрымды қала тұрғындары ілімінің мәнін ашу
2. Дамытушылық: студенттердің когнитивті және аналитикалық салаларын дамыту;
3. Тәрбиелік: дінтанулық талдау және ғылыми-зерттеу жұмысына бейімдеу
Дәріс сабағында қарастырылатын сұрақтар:
Қайрымды қаланың ерекшелігі
Қайрымды қаладағы кемел адам түсінігі
Қайрымды қаланың философиялық аспектілері
Қолданылатын әдіс: Эвристикалық әңгіме элементтерінен құралған дәріс – монолог, аудиовизуалды құралдарды қолдана отырып, дәрісті оқу, пікірталас тудыратын сұрақтарды қою арқылы студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттыру, белсенділіктерін арттыру.
Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі
Әл-Фараби. Философиялықтрактаттар. -А., 1970.
Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалықтрактаттар.- А. ,1973.
Корбен Анри. История исламской философии. - М.: Прогресс-Традиция, 2010. - 360.
Артур Сагадеев. Восточный перипатетизм. - М., 2009.
Б. Топалоғлу. Ислам теологиясы. Кіріспе. – Алматы, 2014.
Қосымша
1.Тримингэм Дж. С. Суфийские ордены в исламе. М., 1989.
2. Т. Ғабитов, Қ. Затов. Қазақ мәдениетінің рухани кеңістігі. – Алматы, 2012.
3. Н.Ж. Байтенова және т.б. Исламдағы секталар мен бағыттар. - Алматы, 2013.
4. Д. Кенжетай. Ислам философиясы. Алматы. 2012ж. -115 бет.
5. Д. Кенжетай. Қожа Ахмет Иасауи дүниетанымы. - Түркістан, 2004. - 341 бе
Философиясы. Әл-Фарабидің пікірі бойынша философия – болмыс ретінде болмыстың танымы, яғни, бүкіл әлемді көз алдымызға ұсынған және барлығын қамтитын кулли (жалпылық) ілім. Демек, болмыстың алғашқы түп қазығын және ең соңғы мақсатын зерттейтін, оның жүзеге асуын себеп-нәтиже қатынасы ішінде түсіндіретін философтың танымы да жалпылық болады. Сондықтан, Әл-Фараби «философтың жүзеге асыруы керек ісі - өзінің күш-қуаты жеткенінше Аллаға ұқсауы» деп анықтама жасаған кезде, бұдан рухани және моральдық арылумен қатар философтың идеялық тұрғыда нұрлана отырып, құдай тәрізді болмысты әлемдік деңгейде тану деген мағына туындайды. Ал бұған қайшы түрде рухани және моральдық арылуға талпынбаған және тек теориялық таныммен шектелген адамды «жалған философ» деп атады. Демек, ойшылдың пікірі бойынша философиямен айналысқан адамның ең соңғы мақсаты – алдымен өз мінезін, одан соң жанұясы мен еліндегілердің моральдық қасиетін реттеп, дамытуға міндетті.
Кинди математиканы меңгерместен философияда жетістікке жете алмайтынын айтар болса, Әл-Фараби философияға геометрия мен логика арқылы енуге болатынын және физикасыз да оның ішкі мәніне кіре алмайтынын қуаттайды. Себебі, физика – біздің ең оңай түсіне алатын, ең жақын ғылым. Осы тақырыпта Әл-Фараби шәкірттеріне мынандай өсиеттер айтып кеткен: «ақиқатқа қол жеткізу үшін барлығынан бұрын рахат пен құмарлықты жеңе отырып, моральдық қасиеттерді түзеу қажет, тұрақты қалауға ие болу үшін саналық қабілеттерді дамыту керек».
Достарыңызбен бөлісу: |