«Ислам философиясы» пәні бойынша


Дәріс 11. Ибн Халдунның ислам ойшылдық тарихындағы орны Сабақ мақсаты



бет17/22
Дата28.03.2024
өлшемі91.3 Kb.
#496755
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
islam filosofyasi lekcia(1)

Дәріс 11. Ибн Халдунның ислам ойшылдық тарихындағы орны
Сабақ мақсаты:
Ибн Халдунның ислам ойшылдық тарихындағы орны мен оның ислам философиясын қосқан үлесін анықтау
Дәрістің негізгі міндеттері:
1.Білім беру: Ибн-Халдунның философиясының негізгі аспектілерін көрсету
2. Дамытушылық: студенттердің когнитивті және аналитикалық салаларын дамыту;
3. Тәрбиелік: дінтанулық талдау және ғылыми-зерттеу жұмысына бейімдеу


Дәріс сабағында қарастырылатын сұрақтар:

  1. Ибн-Халдунның адам концепциясы

  2. Ибн-Халдунның құдай және ақыл туралы ілімдері

  3. Ибн-Халдунның ақыл мен сенім мәселелрі



Қолданылатын әдіс: Эвристикалық әңгіме элементтерінен құралған дәріс – монолог, аудиовизуалды құралдарды қолдана отырып, дәрісті оқу, пікірталас тудыратын сұрақтарды қою арқылы студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттыру, белсенділіктерін арттыру.
Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі
Әл-Фараби. Философиялықтрактаттар. -А., 1970.
Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалықтрактаттар.- А. ,1973.
Корбен Анри. История исламской философии. - М.: Прогресс-Традиция, 2010. - 360.
Артур Сагадеев. Восточный перипатетизм. - М., 2009.
Б. Топалоғлу. Ислам теологиясы. Кіріспе. – Алматы, 2014.
Қосымша
1.Тримингэм Дж. С. Суфийские ордены в исламе. М., 1989.
2. Т. Ғабитов, Қ. Затов. Қазақ мәдениетінің рухани кеңістігі. – Алматы, 2012.
3. Н.Ж. Байтенова және т.б. Исламдағы секталар мен бағыттар. - Алматы, 2013.
4. Д. Кенжетай. Ислам философиясы. Алматы. 2012ж. -115 бет.
5. Д. Кенжетай. Қожа Ахмет Иасауи дүниетанымы. - Түркістан, 2004. - 341 б
Ибн Халдун және әлеуметтік философиялық әрекет. Исламдағы перипатетизмге қарсы ұстанымы жағынан Ғазалиге ұқсайтын ибн Халдун тек исламда ғана емес, бүкіл әлемдегі жаңа философиялық ағымның бастамашысы атанды. Осы ағым бүгінгі күні «Тарих философиясы» деп аталады. Оның ілімін «тарих философиясы» деп атаудың өзі аздық ететін сияқты. Себебі, ибн Халдун Аристотельдің ілім-білім турасындағы көзқарастарына қарсы шыға отырып, тек тарихи ілім кезеңімен ғана шектелмей, ондағы бүкіл әлеуметтік және экономикалық жағдайларды да ғылымның негізгі тақырыбына айналдырады және олардың философиясын қағазға түсірді. Осы тұрғыдан оның философиясын кең мағынада «Әлеуметтік философия» деп атағанымыз жөн сиқты.
Ибн Халдунның әлеуметтік философиясы орын алған шығармасы – әл-Муқаддиманың орны бөлек. Аристотель мен оның философиясын жақтайтын ойшылдар тарих пен әле nуметтік оқиғаларды зерттеу алаңдарына қоса бермейтін. Себебі, олардың пікірі бойынша уақыт пен кеңістікке бағынышты, өзгермейтін болмысты ғылым негізгі тақырып ретінде қарастырады. Шынайы ғылым аталған болмыс жайлы қол жеткізілген өзгермейтін негізгі құралдар ғана. Осы тұрғыдан ең шынайы ғылым – метафизика мен теология, себебі, олардың тақырыбы - өзгермейтін болмыс. Ал екінші дәрежелі ғылым – тақырыбы жаратылыс пен дүниелік ғылымдарды қарастыратын ай асты әлемі - физика. Ал адамға қатысты тарих, социология және экономика үнемі өзгеріп отыратындықтан олар ғылым қатарына қосылмайды. Олардың осы пікірлеріне қарсы шыға отырып, ибн Халдун әлеуметтік және тарихи оқиғаларды ғылымның қарастыратын негізгі тақырыптары қатарына қосады және әлеуметтік ғылым философиясын дүниеге әкелді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет