Дәрістің негізгі міндеттері:
1.Білім беру: Ибн-Рушд және Ибн-Бадж философиясының негізгі аспектілерін көрсету
2. Дамытушылық: студенттердің когнитивті және аналитикалық салаларын дамыту;
3. Тәрбиелік: дінтанулық талдау және ғылыми-зерттеу жұмысына бейімдеу
Дәріс сабағында қарастырылатын сұрақтар:
Кордова халифатындағы философияның даму негіздері
Ибн-Рушд пен Ибн-Бадждың құдай және ақыл туралы ілімдері
Ибн-Рушд пен Ибн-Бадждың ақыл мен сенім мәселелрі
Қолданылатын әдіс: Эвристикалық әңгіме элементтерінен құралған дәріс – монолог, аудиовизуалды құралдарды қолдана отырып, дәрісті оқу, пікірталас тудыратын сұрақтарды қою арқылы студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттыру, белсенділіктерін арттыру.
Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі
Әл-Фараби. Философиялықтрактаттар. -А., 1970.
Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалықтрактаттар.- А. ,1973.
Корбен Анри. История исламской философии. - М.: Прогресс-Традиция, 2010. - 360.
Артур Сагадеев. Восточный перипатетизм. - М., 2009.
Б. Топалоғлу. Ислам теологиясы. Кіріспе. – Алматы, 2014.
Қосымша
1.Тримингэм Дж. С. Суфийские ордены в исламе. М., 1989.
2. Т. Ғабитов, Қ. Затов. Қазақ мәдениетінің рухани кеңістігі. – Алматы, 2012.
3. Н.Ж. Байтенова және т.б. Исламдағы секталар мен бағыттар. - Алматы, 2013.
4. Д. Кенжетай. Ислам философиясы. Алматы. 2012ж. -115 бет.
5. Д. Кенжетай. Қожа Ахмет Иасауи дүниетанымы. - Түркістан, 2004. - 341 б
Ибн Рушд. Тек Андалусияда ғана емес, бүкіл ортағасырлық Ислам мен Батыс әлеміндегі шынайы аристотельшіл философ ибн Рушд болып табылады. Аристотельдің «саясат» атты еңбегінен басқа басты еңбектеріне түсініктемелер жаза отырып, тек ислам әлемінде ғана емес, түсініктемелерінің латынша және ивритше аудармалары арқылы шынайы Аристотельді батысқа таныстыру жүмысын алғаш мәрте ибн Рушд өз мойнына жүктеген.
Ғазалидің Аристотель мен мұсылман перипатетиктеріне қарсы сындарына жауап ретінде жазған «Тахафуту-т-Тахафут» аристотельшіл қорғану шығармасы болып табылады
Достарыңызбен бөлісу: |