«Ислам және қазақтың мәдени дәстүрлері» «Мәдениет және дін»


Некелік қатынастағы ерекшелік және оның киелілік сипаты



бет23/24
Дата11.12.2023
өлшемі131.22 Kb.
#486160
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Ислам және қазақтың мәдени дәстүрлері

Некелік қатынастағы ерекшелік және оның киелілік сипаты

Қазақ халқының өзге мұсылман халықтарынан ерекшелеп тұратын басты ерекшелігінің бірі – оның некелік қатынастағы жеті атаға дейін үйленуге тыйым салуы десек артық айтқандық емес. Бұл дәстүр қазақ халқының көне түркіден қалған қайталанбас ерекшелігін сақтап қалуына мүмкіндік беріп келеді. Өзге мұсылман халықтарында некелік қатынастардың қалай екендігінен хабарым жоқ. Білетінім, арабтар мен парсыларда емшек еміспегендердің некелесуіне болады. Бұл некелік қатынастардың қан тазалығына әсері бар ма, жоқ па? Білмеймін. Ал, түркіден тараған халықтарда жеті ата принципі бұзылатын болса, қан өзгеріске ұшырап, азғындайды. Ұрпақ азады, түрлі генетикалық кеселдер пайда болып, кемтарлар көбейеді. Бізбен туысқан кейбір халықтарда жеті ата принципі сақталмауына байланысты осы қанның азғындауына байланысты кемтарлар саны көбейіп, олардың кейбірінде кемьарлардың саны 22% дейін өсіп отыр. Бұл Тәңірдің өзі белгілеп берген жолдан адасқаны үшін, Тәңірдің сол халықтарға жіберген жазасы сияқты. Ал, қазақ халқы бұл ата-басының жолын қатаң сақтауына байланысты мұндай қатерлерден аман. Қазіргі күні қазақ арасында кемтарлардың көбеюі қан азғындауынан емес, экологиялық апаттар мен салдарынан туындап отыр.


Некелік қатынастағы жеті атаға дейін қыз алыспауға біздің халық қатаң талап қойғаны тарихтан белгілі. Жеті атаға жетпей некелік қатынастарға түскендер өлім жазасына кесілетін болған. Бұл некелік қатынасқа байланысты «Жеті жарғы» сияқты заңдарда, некелік қатынастарды бұзғандар үшін өлім жазасы белгіленген. Егерде некелік қатынастарды жеке адамдар тарпынан емес, белгілі ру немесе тайпа тарапынан бұзылатын болса, олар жүздің қатарынан шығарылып, қазақ халқының құрамынан шығарылып отырған. Некелік қатынастарға мұндай қатаң талаптың қойылуы тек қан тазалығын сақтауға ғана байланысты емес, сонымен бірге, рулық, тайпалық жүйелердің өмір сүруінің басты шарты десе болады. Некелік қатынас бұзылса, рулық, тайпалық жүйелер өздігінен ыдырайды. Бұл түріктердегі мемлекеттік жүйенің ыдырауына тікелей ықпалын тигізетін. Сол себепті, некелік қатынасты қазақ халқы көздің қарашығындай сақтап келді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет