«Ислам және қазақтың мәдени дәстүрлері» «Мәдениет және дін»



бет17/24
Дата11.12.2023
өлшемі131.22 Kb.
#486160
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24
Ислам және қазақтың мәдени дәстүрлері

«Шәкірт ұстазынан сұрады: Алла сізді жәннатымен сыйласын! Сен бір жақсы ұстазсың! Маған осыған дейін мен білмейтін білім есігін көрсеттің. Оларға қатысты, олармен байланысты көптеген мәселелерді анықтап бердің. Бұл ой-тұжырымдардың нашарлығы мен көзқарастардың әлсіздігі турасында нақты білімім болмаса да, қам жемеймін. Бірақ маған екінші топтың көзқарастарына жауап беретіндей мәселелерді айт. Бұлар – мына мәселелер: Алланың діні көп. Ол діндер де өзінің парыз еткендерін талап етеді және арам дегендерінің барлығынан бас тартуда.
Ұстаз: Білмеймісің? Алланың пайғамбарлары [Алланың оларға мадағы мен сәлемі болсын!] түрлі діндерге тиесілі емес еді. Ешбірі өзінен бұрынғы пайғамбардың дінін жоққа шығару керек деп айтпады. Себебі, дін бір еді. Бірақ, әр пайғамбар өз шариғатына шақыратын. Өзінен бұрынғы Елшінің шариғатын қабыл етпейтін. Алла Тағала ол үшін: «Ей, муминдер, әр біріңе бір шариғат, бір жол бердік. Алла қаласа, сендердің барлығыңды бір үммет жасар еді.» (Маида, 5/48)
Алла Тағаланың олардың барлығына бергені бір – дін, Таухид болатын. Олардың барлығына өз діндеріне бекем болуын, жіктелуге түспеулерін әмір етті. Және былай деді: «Діндеріңе бекем болыңдар. Нухқа тапсырған дінді саған да уахи еткенімізді, Ибрахимге, Мұсаға және Исаға бергендерімізді Алла саған да дін етіп берді.»(Шура, 42/13).
Алла Тағала тағы бір басқа аятта былай деп бұйырды: «Сенен бұрын оған басқа Елші жібермедік. Менен басқа Жаратушы жоқ. Сондықтан маған ғана құлдық ет,- деп уахи етпейтін бе едім?» [Анбийа, 21/25].
Және Алла Тағала былай деп бұйырды: «Алланың дінін ешқандай өзгертуге болмайды. Шындығында дін біреу»[ Рум, 30/30].
Яғни Алла Тағаланың дінін өзгерту туралы сөз қозғаудың өзі артық. Дін ешқашан өзгермеді, басқа халге келтірілмеді және өзгертілмеді. Шариғаттар болса, өзгерді. Себебі, қаншама зат кейбір адамдар үшін адал болса, Алла Тағала оларды басқа адамдар үшін арам етті. Сансыз заттар бар, оларды қолдану үшін адамдарға әмір етті. Ал, бағзы адамдарға оларды қолдануға тыйым салды. Демек, шариғаттар көп және бір-бірінен айырмашылықтары бар. Шариғатты орындау парыз. Мұнымен бара-бар мәселе – Алланың әмір еткенін, барлық үкімдерін орындау, қабыл етпегендерінен бас тарту, Алланың қалауына сай келеді. Алла Тағаланың әмір еткендерін тәрік етіп, тыйым салған нәрселерін жасаған адам Алла Тағаланың дінін тәрік еткен болар еді және кәпір болар еді. Алла мүминдерге парыз амалдарын тек дінді қабыл еткеннен кейін ғана парыз етті.
Егерде түрлі діндердегі бұл парыздар иман болса, бұларды орындамайынша, оларды мұсылман демес еді. Алайда, Алла Тағала иманды бұл амалдардан үстін (жоғары) қылды және оны мына аяттарда баян етті: «Иман етіп, жақсы амалды тапқандар.»[Ниса, 4/122]. «Кім шынымен жүзін бұрып, Аллаға мойын ұсынса, оның Алланың қасында сыйы бар.» [Бақара, 2/112]. «Кім де кім мүмин болған халында ақыретті ойласа, сол үшін амал етсе, әрекеті Алланың әміріне сай болар.» [Исра, 17/19].
Алла Тағала осылай иманды амалдан айырды. Сондықтан мүминдер Аллаға иман келтіргені үшін намаз оқыр, зекет берер, ораза тұтар, хажыға барар, Алланы зікір етер. Олай болмаса, намаздарынан, зекеттерінен, оразаларынан және қажылықтарынан басқасы Аллаға иман ету емес.» 9
Абу Ханифаның Құраннан дәлелдер келтіре отырып, осылай иман мен амалды, дін мен шариғатты бөліп көрсетуі, дін мен шариғат арасында қандай айырмашылықтардың бар екенін нақтылап беруі Ислам дінінің басқа өлкелерге таралғанда сол таралған жерлердегі халықтардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінің сақталуына, ол халықтардың өзіндік болмысының жоғалмауына мүмкіндік берді. Және Абу Ханифа, соңғы келген пайғамбар өзінен бұрынғы пайғамбардың дінін жоққа шығаруы мүмкін еместігін, көрсетті. Себебі, дін біреу болғандықтан бұрынғы дінді жоққа шығаруға болмайды. Ал, шариғат болса, әртүрлі. Әр пайғамбардың өз шариғаты бар. Алайда, бұл шариғат мәселесінде де ерекшеліктердің болуын табиғи мәселе екендігін көрсетті. «Сендерден әрбір ұлт үшін (жеке) шариғат және жол жасап қойдық. Егер Алла қаласа еді, барлығыңды бір үммет жасар еді»[ Маида,5/48.] деген Құран аятында Алла Тағаланың әр ұлтқа өзіне лайық шариғат және жол бергені көрсетілген, өзінен бұрын келген діннен қалған шариғат үкімдерін де жоққа шығаруға болмайтынын да нақтылап берді. Жалпы бұл мәселе «Хужрат» сүресінде де «Ей, адамдар, расында біз сендерді бір еркек (Адам) және бір әйелден (Хауадан) жараттық және де бір-бірлеріңмен танысуларың үшін сендерді халықтар мен ру-тайпалар етіп қойдық» [Хужрат,49/13], деген аятта осы мәселені нақтылау бар. Демек, Исламда жаңа дінді қабылдаған халықтың бұрынғы дінінен қалған әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінен толығымен бас тартуының қажеті жоқ.
Ендігі кезекте Абу Ханифаның Иманға қатысты пікірлеріне кезек беріп, Иман мәселесі туралы қандай тұжырымдар айқанына тоқталып өтелік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет