ТАҒАММЕН БАЙЛАНЫСТЫ АУРУЛАР ЖƏНЕ ТАҒАМТАНУ МƏСЕЛЕЛЕРІ
122
УДК 621.039 (075.8)
КЕРИМКУЛОВА С.Ж., АБДУЛДАЕВА А.А.
«Астана медицина университеті» АҚ
ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРДЫҢ ТАМАҚТАНУ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ
Аннотация:
Бұл мақалада құрылысшылардың жыл мезгіліне
және еңбек ауыртпалығына байланысты нақты та-
мақтану жағдайын бағалаудың нәтижесі қарасты-
рылған. Жұмыстың нәтижесінде, құрылысшылар-
дың тағамдық үлесінің үйлесімсіздігі анықталды.
Негізгі сөздер: нақты тамақтану, тағамдық
үлес, макронутриенттер, микронутриенттер
Салауатты тамақтану принциптерін сақтау –
Денсаулық сақтау ұйымының негізгі стратегия-
ларының біріне жатады. Қазақстан Республика-
сы тұрғындары үшін салауатты тамақтанудың
стратегиялық маңыздылығы президенттің «Қа-
зақстан-2030» атты халқына жолдауындағы төртін-
ші тарауында тиянақты көрсетілген. Осы тарауда
денсаулықты сақтау мен нығайтудың негізгі мәсе-
лелеріне – дұрыс тамақтану мен салауатты өмір
салтын сақтау арқылы ауруды алдын алу мәселесі
қарастырылған.
Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұжымының
соңғы мәліметтері бойынша адамның денсаулық
жағдайының тек 5-10% ғана медициналық қызмет-
тердің ұйымдастырылуынан және 18-20% генети-
калық ерекшеліктерден, ал 70% өмір сүру салты
мен тамақтану сапасына байланысты [1].
Осыған орай, жұмысшылардың денсаулығын
сақтауда заманауи алдын алу шараларының ішінде
тамақтану жағдайын қадағалау мәселесі маңызды
орын алады.
Өкінішке орай, отандық әдебиеттерде құрылыс-
шылардың өмір сүру қалпы мен еңбек әрекетін
ескеріп, тамақтанудың ұйымдастырылуын зерттеу
бойынша мәліметтер жоқтың қасы.
Жұмыстың мақсаты: Астана қаласы бойын-
ша құрылысшылардың нақты тамақтану жағдайын
бағалау.
Зерттеу материалдары: Құрылысшылардың
жыл мезгілдеріне байланысты нақты тамақтануы
«KRUGER ERDBAU GMBH» Құрылыс фирма-
сының Астана қаласындағы филиалының бір ап-
талық күздік, қыстық, көктемдік және жаздық ас
мәзірін талдау арқылы анықталды. Зерттеудің мақ-
сатын орындау негізінде, мезгілдік ас мәзірімен
қатар жұмыстың ауыртаплығына сәйкес топтарға
бөліп қарастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |