Үлкен Алтай әлемі – Мир Большого Алтая – World of Great Altay 5(1) 2019
ISSN 2410-2725
қарады. "Түркістанда халық большевиктерге қылмыскерлерге қарағандай
қарайды және Түріккомиссия келген кезде ауылдар мен қышлақтарда келген
большевиктер емес, бізді большевиктерден азат ету үшін басқа біреулер
келді дегенді айтысты" – дейді Н.Төреқұлов
1
. Бұл көңіл-күй жергілікті халықтың
осы уақытқа дейін өздеріне қатысты жүргізіліп келген саясатқа деген
наразылығының көрінісі еді.
Осы ащы да болса боямасыз пікірді айтқан Н.Төреқұлов кім еді? Сөздің
реті келген соң соған тоқталмасқа болмайды.
Ол біріншіден XX ғасырдың 20-30-шы жылдарында әр түрлі саяси-
идеологиялық айтыс-тартыстардың бел ортасында жүрген қазақ халқының
мемлекет қайраткері дәрежесіне көтерілген санаулы ұлдарының бірі.
С.Қожановтың үзеңгілес жолдасы. Бұл жерде Н. Төреқұлов тарапынан ағалық
қамқорлықты С.Қожановта көргенін естен шығармаған жөн. Оның әдеби-
публицистикалық еңбектерінің өзі бір төбе. Қазақ халқының арасынан шыққан
алғашқы дипломат. Әсіресе, қайраткердің Түркістан Республикасы өмір сүріп
түрған кезеңдегі саяси күрестің бел ортасында болуы, қоғамдық-мемлекеттік
қызметі күні бүгінге дейін тарих сахнасынан әділ бағасын ала алмай келеді.
Бірақ, Түріккомиссия Түркістанның қоғамдық-тарихи, саяси-әлеуметтік,
экономикалық, мәдени-тұрмыстық объективті жағдайымен есептесе бермеді.
Олар Орталық Ресейде іске асырылып жатқан коммунистік шараларды
Түркістан өміріне көшірме ретінде күштеп енгізуге тырысты. Түркістанда таптық
күресті жандандырып, жергілікті халықты таптық жеңіліске итермеледі. Ұлт
бостандығы ұлттардың өзін-өзі билеуі мәселесінде бірде-бір оңды қадам
жасамауға икемделген кезде жергілікті коммунистердің Түріккомиссияға деген
көзқарастары біртіндеп өзгере бастады, көтеріңкі көңіл-күй тез-ақ су сепкендей
басылды. Түріккомиссия Түркістан майданы Революциялық-әскери Советінің
қолдауына сүйене отырып Түркістан Республикасының саяси өміріне бел-
сене араласты.1919 жылы жазда Түрікатком жанынан құрылған комиссия
Әулиеата, Черняев уездері мен Сырдария облысының уездерін аралап келіп
"мұсылмандар тұратын жерлерде Кеңес өкіметі жоқ, егер бар болса ол
кедейлердікі емес, байлар мен кулактардікі" – деп жазды
2
.
1918-
1920 жылдардағы Түркістан Республикасындағы саяси жағдайдың
шиеленісе түсуі Кеңес өкіметін нығайту жолында ерекше ұйым құруға
итермеледі. Қазан социалистік төңкерісін қорғап әрі қарай нығайту үшін билікті
бір қолға шама келгенше жинақтай отырып Кызыл Армиямен біріге отырып
белсенді күрес жүргізу мақсатында осы революциялық комитеттер дүниеге
келді. Түркістан Республикасында алғашқы революциялық комитет Ферғана
облысында қүрылды. 1919 жылдың аяғы 1920 жылдың басында Түркістанда
саяси-әскери жағдай шиеленіскен сипат алды. Әсіресе 1919 жылдың
көктемінде Түркістан Республикасының Ферғана облысындағы саяси жағдай
аса қатты асқынып кетті. Кеңес өкіметі 1918 жылы қыста "Қоқан автономиясын"
қарудың күшімен басып жаныштанған болатын. (Шамсутдинов, 1970:58)
Жаңа үкіметтің қанды қылмыстарынан шошынған жергілікті халықтар
өрістей бастаған басмашылар қозғалысына қосыла бастады. Басмашылық
топтар төңкеріске дейін де әрекет жасаған еді. Бұл басмашылық топтарды
түрліше қылмыс жасап, сол үшін езінің тиісті жазасын алған, жер аударылған,
артынан Түркістан жеріне қайта оралып кәсіби қарақшылықпен айналысқан
адамдар құрған еді. Олар бірінші дүние жүзілік соғыс майданынан қайтқан
солдаттар мен 1916 жылы майданның қара жұмысына алынғандардан қару-
1
Өзбекстан Республикасы Президенті Аппаратының Архиві(ӨРПАА), 60-қ.1-т.413-іс. 6-арт.п.
2
ӨРПАА, 60-қ. 1-т. 60-іс, 67-п.
120
Достарыңызбен бөлісу: |