Үлкен Алтай әлемі – Мир Большого Алтая – World of Great Altay 5(1) 2019
ISSN 2410-2725
жарақ сатып алып қаруланғандар болатын. Басмашылық қозғалысты шетел-
діктер қолдап, контрреволюциялық іс-қимылдарын үдетті, олар тонаушылық-
пен кеңес және партия қызметкерлеріне терролық сипатта іс-әрекеттер
жасады. Чимбай уезінің Амудария бөлімінде ақ гвардияшылар бас көтерді.
Закаспий облысында шетел интервенттері мен ақ гвардияшылармен күрес
жалғасып жатты.
Жетісу облысында кулактардың антисоветтік қозғалысы күшейді. Осындай
қиын-қыстау жағдайда 1919 жылы 11-қазанда Түрікатком "Кеңестік құрылыс
туралы" мәселе қарап, республикадағы барлық кеңестік мекемелерді әскери
жағдайда себепті революциялық комитеттер құрылсын" – деп қаулы қа-
былдады (Хасанов, 1990). Түрікатком төралқасы атқару комитеттік системадан
революциялық комитетке өтудің нақтылы мәселелерін анықтады. Алғашқы
ретте облыстық ревкомдар ұйымдастырылды.Ферғана облыстық ревкомы 4-
қарашада, Закаспий облыстық ревкомы 24-қарашада, Жетісу облыстық
ревкомы 9-қарашада, Амудария бөлімі 11-желтоқсанда, Сырдария облыстық
ревкомы 19-желтоқсанда, Самарқанд облыстық ревкомы 20-желтоқсанда құ-
рылды. Облыстық және уездік-қалалық революциялық комитеттер ұйымдас-
тырылып болған соң, аудандық, болыстық, ауыл-селолық революциялық
комитеттер құрылды. Ал, енді, революциялық комиттеттерді кімдер басқарды?
РКП (б)-нің 1919 жылғы 30-қырқүйектегі жазған хатында "басқа барлық
жұмыстардан босатып, жергілікті партия комитеттері ең жақсы, қабілетті деген
қызметкерлерді ұсынуы керек" – деген
3
. Яғни сақталып қалған құжаттар
көрсетіп отырғандай революциялық комитеттердің жетекшілері халық ара-
сында беделді, әрі ұйымдастырушылық қабілеті бар коммунистердің өкілдері
болды.1920 жылы наурыз айында коммунистік партия қатарына өткен
С. Қожанов жергілікті жерлерде Кеңес үкіметін нығайту Ісіне атсалысты. Иә, бұл
жерде 1916-1917 жылдары "Алаштық" ұлттық көзқараста болған С. Қожанов
қалай большевик болды? деген орынды сұрақтың туындары сөзсіз. (Из
истории, 1961:465)
Жеке басқа табынушылық идеологиясы мен тәжірибесінің әсерімен
тарихшылар "Алашорда" қозғалысын, там-тұмдап қарағанымен, сол қозғалысқа
ниеттес болғандардың көзқарас эволюциясына көңіл аударып, арнайы
зерттеген емес. Ресейдегі үш төңкеріс кезіндегі қазақ зиялыларының тарихы
қара бояумен ғана берілді, оларға "алашорда пиғылындағы интеллигенция"
деген айдар тағылды. Әрине, С.Қожановты да сол айдарды арқалағандардың
қатарынан көріп келдік. Олай болса, "Алаш-қазақ халқы деген ұғым. Алаш-
еліміздің ежелгі аты. Ендеше, Алаш қозғалысы-ұлт азаттық сана өсуі процесінің
құрамды бөлігі.
Егемендікті, еркіндікті ту қылып жұмысшылар, жер мәселесін тиек етіп
шаруалар қозғалыстары өрістеді. Азаттық, бостандық деп езілген халықтар
күреске шықты. Тек қана "Ресейде ғана емес езілген ұлттардың ұлт-азаттық
қозғалысы Азияда да басталғанына В.И. Ленин баса назар аударғаны белгілі.
Ұйқыдағы Азия оянған еді. Сол оянған Азия халқының ішінде қазақ халқы да бар
болатын. Міржақып Дулатовтың "Оян, қазақ!" деп ұран тастаған мезгіл болатын.
Ендеше, қазақ сахарасындағы ұлт-азаттық қозғалыс таза пролетарлық
қозғалыс болуы мүмкін емес. Ол орта ғасырлықтан буржуазиялық демо-
кратияға бет алған қозғалыс еді. Ресейде төңкерістің буржуазиялық-
демократиялық кезеңінде білек сыбанып интеллигенция шықса, қазақ
даласында ұлт-азаттық қозғалыста ту ұстап белсенділік көрсетіп қазақтың
3
ӨРОМА. Р-17-қ. 1-т. 229-іс. 8-п.
121
Достарыңызбен бөлісу: |