Үлкен Алтай әлемі – Мир Большого Алтая – World of Great Altay 5(1) 2019
ISSN 2410-2725
далды
4
.
Осы жерде ескерте кететін бір жай. Ол уақытта коммунистік партияның
мүшесі болмаған адам жауапты қызметке тұра алмайтын. Бұл жайды
С.Қожанов толықтай дерлік басынан кешірді. 1920 жылғы 13-ақпандағы
Түркістан уездік-қалалық атқарукомитеті мен уездік партия комитеті және
Мұсылман бюросының біріккен мәжілісінде осы мәселе көтеріліп проблема
ретінде қаралған
5
.
Түркістан уезіне сол кезде 16 болыс қарайтын. С.Қожанов
осы болыстарды аралап, жағдайларымен танысып, шешімін таппаған
мәселелерді шешуге, өзінің ақыл-кеңесін беретін. Әр болыстың өзіне және
ерекшеліктеріне жіті көңіл аударып, ыңғайына қарап іс-қимыл жасайтын Уездік
революциялық комитеттің тапсырмаларымен іс-сапарларға шығып тұрды.
Түрікатком төрағасы Т. Рысқұловтың сұрауымен С. Қожанов Ташкент қаласына
Түркістан уезіндегі саяси жағдайды баяндауға әрі жоғарғы органдардан
тапсырмалар алу үшін 1920 жылы 11-шілдеде іс сапарға кеткені жөнінде
құжаттар бар
6
.
Осы жылдың 15-тамызында С. Қожанов Түркістан уездік-қалалық атқару
комитеті мен Сырдария облыстық революциялық комитеттің төрағасы болып
тағайындалды
7
.
Түркістандағы барлық революциялық комитеттер атқару
комитеттердің хұқықтарын пайдалана отырып, таптық жағынан пролетариат
диктатурасының органы болды. Революциялық комитеттер сайланбай
тын, тек тағайындалатын. Барлық революциялық комитеттер Түркістан
Республикасының ІшкіІстер Халық Комиссариаты арқылы тапсырмалар
алатын.Революциялық комитеттердің құрамы аз ғана болатын. Облыстық
революциялық комитеттер 5-11 адамнан, уездік-қалалық – 5-7 адамнан,
аудандың және болыстық – 3-5 адамнан, ауылдық, селолық, станциялық,
поселкелік революциялық комитеттер – 3 адамнан тұрды.
8
С. Қожанов
Сырдария облыстық революциялық комитетінің төрағасы болып тұрғанда
котрреволюциялың күштерге қарсы еңбекшілерді ұйымдастыра білді, совет
өкіметін қалпына келтіруге, Совет және атқару комитеттеріне сайлау
органдарын ұйымдастыруда қажетті жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлді.
Төтенше комиссия, ерекше бөлім, саяси бөлім, басқару бөлімі, милиция,
прокуратура, халықтық сот, әскери трибунал тағы басқа да үкіметтік
органдармен байланыста болды.
Қызыл Армия қатарына еңбекшілердің ерікті жасақшыларын құруға
ат салысты.Осылайша, Сұлтанбек Қожановтың жас кезінен бастап
Кеңестік социалистік құрылыстағы қоғамдық-саяси және мемлекеттік істерге
араласуы осылай Түркістан топырағынан бастау алды және белсен-
ділігімен ерекшеленді.
Достарыңызбен бөлісу: |