Үлкен Алтай әлемі – Мир Большого Алтая – World of Great Altay 5(1) 2019
ISSN 2410-2725
оқыған зиялылар тобы қатысты. Бірақ, орыс либералдық интелегенциясынан
қазақ зиялыларының айырмасы көп еді.
Біріншіден, олар патшалық Ресей бұратана деп кемсіткен халықтың
интеллигенциясы болатын.
Екіншіден, оның құрамында іскерлік өндіріске араласқан банктың дирек-
торлары не басқарушылары, акционерлік қоғамдардың юрист-кеңесшілері,
компаниялардың, трест пен синдикаттардың басқарма мүшелері, басқаша
айтқанда, өндірісшілер мен қаржыгерлер болған жоқ, Олар халықты ұлт
ағартушылар Абай, Шоқан, Ыбырайлардың идеяларына, одан әрі дүниежүзілік
мәдени мұралар негізінде тәрбиелеуге ұмтылды. Өз ұлтын жанындай жақсы
көретін С.Қожанов 1916-1917 жылдары "алдыңғы толқын ағаларымен" жақын
қарым-қатынаста болды. Олардың көзқарас эволюциясы С.Қожановқа едәуір
ықпал жасамай қойған жоқ. Олар болса, жақында өсіп жетіліп келе жатқан қазақ
зиялы қауымының қалыптасуына, оны тәрбиелеуге ат салысты, мәдени
революцияның қазақ сахарасына кеңінен тарауына сүбелі үлес қосты.
"Ұлттық демократиялық зиялы қауым" қазақ елін отарлық езгіден азат ету
мен қазақ қоғамын орта ғасырлық мешеуліктен өркениеті әлеуметтік-эконо-
микалық және мәдениетті даму жолына алып шығу міндеттерін көздеген еді.
С.Қожановтың да көзқарасы осы тілек мақсаттармен астасып жатқан
болатын. Оған қайраткердің "Бірлік туы" сияқты мерзімді басылымдарда жарық
көріп тұрған сол кездегі пікір пайымдаулары дәлел бола алады.
Әлихан Бөкейхан бастаған және сол кезеңде қазақтың зиялы қауымының
басқа өкілдері жетекшілік жасаған Алаш пен Алашорда Қазақстандағы
қоғамдық саяси, әлеуметтік экономикалық және ұлттық-мемлекеттік құрылыс
мәселелерін шешу жолдарын анықтауда ұлттық тұтастық және халықтық
бірлік принциптеріне сүйенді. Мұндай позиция, әлбетте, аталған мәселерді
шешуде таптық принциптер мен пролетариат диктатурасын негізге алған
большевиктерге қарама-қарсы еді. Сондықтанда, Алаш көсемдері мен
Алашорда үкіметінің басшылығы Қазан төңкерісінің ұрандарын, Кеңес өкіметінің
идеялары мен нақтылы іс-әрекеттерін қабылдамады, оларға қарсы шықты.
Сол жылдары жаңадан өсіп келе жатқан ңазақ интелегенциясының "кейінгі
толқынының" өкілі С.Қожановтың бұл мәселедегі көзқарасы сәл өзгешерек
болды.
С. Қожанов дүниедегі өзгерістердің сырына, әдебиет пен мәдениеттің адам
өміріндегі қоғамдағы орынына үңілген сайын еңселі ел боламын деген ұлт
рухани жағынан өспей тиянақты азаттыққа қарай аттап басудың өте
қиындығына көзі жетті. Ол бұл тұста саяси қимылда байсалдылық танытып,
ағартушылықпен айналысып жүрген болатын. Әрі қазақ халқын тәуелсіз
теңдікпен баянды бостандыққа апаратын саяси күш ретінде большевиктік
партияны таныды. Сондай-ақ, өлкеде большевиктік бағыттағы саяси ағымның
беделі жоғары еді. Мезгіл 1920 жыл болатын. Әрине, С.Қожановтың өзі шыққан
әлеуметтік ортасы оны большевиктік идеяға сеніп, осы бағытты қабылдауға
итермелегені сөзсіз. Ол өзінің діттеген мақсатына осы большевиктік партияның
құрамында жүріп жетуді көздеді. Өзінің ұлтына деген сүйіспеншілік оның қадір-
қасиетін бағалай білу сияқты көзқарасынан тек таптық принциптерді ғана
місе тұтқан большевиктік партияның қатарында жүріп те тайған емес. Ол
коммунистік партия қатарына өтпестен сәл бұрынырақ 2-сәуірде Сырдария
облыстық революциялық комитеттің жиналысында, Сырдария уездік рево-
люциялық комитеттінің жұмыс істей алу қабілетінің нашарлығына байланысты
таратып, оның жаңа құрамын сайлады. Төраға болып Д. Нысанбаев, төраға-
ның орынбасары болып С. Қожанов және мүшесі болып Мироненко тағайын-
122
Достарыңызбен бөлісу: |